Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Педагогикалық міндеттердің мәні мен ерекшеліктері



бет92/140
Дата16.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#140139
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

Педагогикалық міндеттердің мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық міндет дегеніміз алға қойылған педагогикалық жағдаяттың мақсатын танып, оны жүзеге асыру. Субьекті педагогикалық жағдаятты саналы тануы арқылы оны іске асыруды көздейді. Кез-келген педагогикалық жағдаят күрделі болады. Педагогикалық міндет саналы қабылданғаннан соң педагогикалық процестің нақты міндетіне айналады да, тәрбиеленушіні сапалық жағын өзгертеді.
Педагогтың кәсіби әрекетін ұйымдастыру үшін педагогикалық міндеттерді уақыт көрсеткіші бойынша үш топқа жіктеуге болады–стратегиялық, тактикалық және жедел (оперативтік).
Стратегиялық міндеттер – білім берудің жалпы мақсатынан “жоғары мақсатты” көздейді, ол базалық мәдениет түрінде қалыптасады. Стратегиялық міндет сыртқы ықпалдан, қоғам талабынан туындайды. Алғашқы көздеген мақсатқа жетуге және қажетті педагогикалық әрекет нәтижесімен анықталады. Шынайы педагогикалық процесте стратегиялық міндеттер тактикалық міндеттерге алмасады. Соңғы нәтижеге жетуді көздей отыра, статегиялық міндеттің бір кезеңін іске асыруды қарастырады. Жедел (оперативтік) міндеттер - педагогтың алдында әр сәт сайын туындайтын міндеттер.
Стратегиялық міндеттерді шығармашылықпен шешу – біртұтас тұлға қалыптастыру А.А.Захаренко, Н.Н.Дубинин, В.А.Караковский, А.А.Католиковтардың білім беру ұйымдарының тәжірибесінде анықталды. Тактикалық міндеттерді шығармашылық, ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан шешу жаңашыл-педагогтар тәжірибесін зерттеген В.И.Загвязинский, М.М.Поташник, Л.М.Фридман, т.б. еңбектерінде көрсетілді. Оперативтік міндеттерді шешу үлгісін А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.Н.Сороко-Росинский, В.А.Сухомлинский еңбектерінен көруге болады.
Біртұтас педагогикалық үдерістегі «педагогикалық міндеттерді» дидактикалық және тәрбиелік міндеттер деп ажыратуға болады. Дидактикалық міндеттер - оқу-танымдық міндеттерді басқару, яғни оқыту. Тәрбиелік міндеттер өте күрделі. Өмірге дайындау, үнемі үлкен-кішілі мәселелерді жедел шешуді алға қояды. Тұлға тек әрекет барысында дамитындықтан, тәрбиеші оның өздігінен тәрбиелік міндеттерді шешуіне түрткі тудырып, қажет бағытта дамытуды көздеуі керек. Педагогикалық үдерісте дидактикалық міндеттер, яғни оқу-танымдық міндеттермен қатар тәрбиелік міндеттер, яғни еңбек, ойын, көркемдік, құндылық-бағдарлы міндеттер түрінде бірлікте іске асырылады.
Педагогикалық міндеттерді шешу үшін танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешудің негізгі төрт кезеңін басшылыққа алған жөн:

  1. нақты жағдайға байланысты жағдаятты талдап, соның негізінде педагогикалық міндеттерді белгілеу;


  2. педагогикалық ықпал ету тәсілін жобалау:


  3. педагогикалық міндеттерді тәжірибе жүзінде шешу:


  4. шешілген педагогикалық міндеттердің нәтижесін талдау.


Кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдер бір типті міндеттерді шешуді өз жадында қалыптасқан үлгі бойынша жүргізеді. Педагогикалық міндеттерді шешудің түрлі әдістері бар. Әрине, жас мұғалім үшін педагогикалық міндеттерді шешу үлгісі әлі қалыптасып үлгермегенін байқауға болады. Педагогикалық міндеттерді шешу әр мұғалімнің өзінің «Мен–тұжырымдамасына» лайық болады.


Педагогикалық міндеттерді шешу-шығармашылық үдеріс. Онда теориялық білім мен тәжірибе алмасып отырады. Бірінші кезеңде педагогикалық жағдаят талданып, атқарылатын іс-әрекеттер, диагностикалық шешімдер анықталады. Жалпы диагностика ішінде жеке тұлғаның және топтың іс-әрекет диагностикасын анықтап, жеке тұлға мен ұжымның оқу-тәрбиеде жетуге қажетті межесі белгіленеді, сонымен бірге оқушылардың алдында пайда болатын қиындықтары мен жіберетін қателіктері және педагогикалық ықпалға жауабы ескеріледі.
Осындай теориялық талдау барысында мұғалім нақты педагогикалық жағдаятты зерттей отырып, педагогикалық міндеттердің теориялық анықтамасын жасайды, оны тәжірибелік тұрғыдан шешу амалдары қарастырылады.
Педагогикалық міндет теориялық жағынан шешілгеннен кейін, келесі кезең - оны тәжірибе жүзінде іске асыру керек. Дейтұрғанмен де, осы кезеңде теориялық ойлау екінші орынға ығысып, реттегіш және түзеткіш қызметін атқарады. Соның нәтижесінде педагогикалық процесс үнемі жаңа ақпаратпен толығып отырады.
Педагогикалық міндетті шешуді аяқтау кезеңі жаңа теориялық оймен алмасады. Бұл кезеңде қорытынды есеп және алынған нәтижелерді бағалау, оны бұрыннан қалыптасқан үлгімен салыстыру іске асырылады. Осы талдау нәтижелері өз кезегінде жаңа педагогикалық міндеттерге теориялық негіздеме жасауға қажетті арқау болады.
Тәрбиешінің пән мұғалімі екенін де естен шығармау керек. Педагогикалық үдерісте мұғалім үнемі оқушыларды танымдық әрекетке үйрете отырып ойлау, танымдық дағдыларын қалыптастырады.
Тәрбиеші оқушылардың іс-әрекет түрлерін ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге олармен тікелей қарым-қатынас орнатады. Сондықтан тәрбиешінің оқушыға тікелей ықпал етуінің маңызы зор.
Оқушылар өмірін дұрыс ұйымдастыра білу үшін тәрбиеші басқа педагогтармен өз жоспарын үйлестіріп, ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас орнатады. Тәрбиеші осындай үйлестіру жұмысын жүргізуде оқушылардың әрекетін, тәртібін, отбасында және айналамен қарым-қатынасын ескеріп, сабақта және сабақтан тыс кездегі теріс әлеуметтік істердің алдын алып, тәрбие процесінің белгілі арнада жүруін қадағалайды.
Тәрбиеші кейде мектептің басшылық жұмысына да араласуына тура келеді. Мектеп басшылығының тапсырмасы бойынша оқушылардың мектептегі тәртібін қадағалап, олардың іс-әрекеттерін бақылайды.
Тәрбиеші мектеп оқушылармен жұмыс жасайтындықтан, олардың өміріне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне де жауапты екенін естен шығармауы тиіс.
Тәрбиеші жұмысының алуан қырлы болуы, оның үнемі барлық жағдайдан хабардар бола отырып, оқушылардың теріс әрекетін дер кезінде ескеріп, өз ісін мектеп қызметкерлерімен және ата-аналармен үйлестіріп, жүргізетін жұмысының бағытын талдап отырғаны абзал. Ол үшін тәрбиеші күнделікті күнделік-жоспар жүргізуі керек.
Сонымен, мектеп ұстазының қызметі көп қырлы. Ол оқушылардың іс- әрекетін, қарым-қатынасын, өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырып, олардың іс-әрекетіне, өзара әрекеттесуіне, қарым-қатынасына, тәртібіне және дамуына тікелей ықпал етіп, өзінің тәрбиелік қызметін мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен үйлестіре отырып, педагогикалық процесті басқарады, сондай-ақ кейбір басшылық қызметке де араласып, оқушылардың өмірін қауіпсіздендіріп, олардың денсаулықтарын қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет