Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары мен тактикасы
Педагогикалық қолдауда педагогикалық әдепте негізгі орын алады. Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастың бір түрі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Яғни бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептіліктің нышаны болып табылады.
Әдептілік, турашылдық, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандық көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілегі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды.
Қарым - қатынас стилі – мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен шығармашылық іс - әрекеттер, білім, білік дағды, тәлімдік тұрғыда алмасуы, мұғалімнің бағалаушылық әрекетіндегі табыстылығы қамтылады.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің педагогикалық үдерістегі іс-әрекетінің, қарым–қатынастағы мәдениеттілігі, әділеттілігі, адалдығы т.б., адамға тән рухани - адамгершілік құндылықтардың бойынан табылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |