Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет89/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   215
Тәрбиенің мақсаты–қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үдерістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпыадам-заттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық пайдалануға даяр, белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икемді, жеке басының мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті, жеке басының құнын бағалай білетін, адал, ұлттық санасы оянған, басқада ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Тәрбие мақсатын жүзеге асару нақтылы тәрбие формаларын қажет етеді. Тәрбие формасы–тәрбиешінің арнайы тәрбиелік істерді ұйымдастыруы. Тәрбие үдерісі рухани қарым-қатынас барысындағы тәрбиелік істер тізбегінен құралады.Тәрбие жұмысын жоспарлауда тәрбиенің түрлі формалары тәрбие және сынып сағаттары, пән сабақтары үстінде қамтылатын тәрбие, тәрбие кештері, ғылыми-практикалық семинар, конференция, диспут, треннинг, дөңгелек үстелдер т.б. іске асырылады. Мектептегі тәрбие жоспары тұлғаның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға бағытталған негізгі құжат болып табылады.

Сабақ, экскурсия, кештер, таза ауада және мектепте ұйымдастырылатын ойындар, табиғат аясындағы серуен, сынып жиналысы, ұзақ мерзімді жорықтар, жазғы экспедиция осының бәрінде мұғалім мақсатты түрде тәрбие үдерісін іске асырса ғана, ол тәрбие формасына айналады.

Кез-келген тәрбиелік істер педагог тарапынан белгілі мақсатқа бағытталып, бақыланбаса, ондағы атқарылатын істер жүйесіз болғандықтан оқушылардың сапалық қасиеттерін қалыптастыруда ешқандай пайдасы болмайды. Оқушылар тәрбиелік істерге қатысып, белгілі бір іс атқарғанымен де, ол нақты тәрбие формасына сәйкеспейді. Сондықтан нақты тәрбиелік істерді өткізуге тоқталып, оқушылардың атқаратын істерінің мазмұнын бақылайық. Белгіленген мақсат оқушыға түсініктіме, ол оқушыларды түгелдей қызықтыра алды ма, жалпы атқарылатын істерде оқушы өзінің орнын таба біле ме, онда тәрбиенің белгілі принциптері іске асырылды ма, педагог тәрбие әдістерін дұрыс таңдай алды ма, оқушылардың өзара әрекеттесуі мен қарым-қатынасы дұрыс белгіленді ме, сол тәрізді айналадағы адамдармен қарым-қатынас құрып, іс-әрекетке түсе алды ма, атқарылған тәрбиелік шара оқушыларды қанағаттандырды ма? Міне, осы көрсетілген мәселелер дұрыс шешімін тапса ғана тәрбиелік үдерістің жүзеге асқанын көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет