Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


XV бөлім. ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет161/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

XV бөлім. ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Жоспар:
15.1. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы.

15.2. Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесінің құрылымы.

15.3. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.
Негізгі түсініктер: кәсіптік бағдар, кәсіптік бағдар беру жұмыстары,мамандықты таңдау, тәрбиелік сипат, кәсіптік бағдар берудің бағыттары, формалары, өлшемдері, кәсіптік бағдар берудің тиімділігі, белсенділік әдістемесі.
15.1. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы
Қазақстан Республикасы Конституциясында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар», - деп атап көрсеткендей болашақ маманның кәсіби құзіретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз — мектеп директоры, мектептің оқу және тәрбие жұмысы бойынша дирек-тордың орынбасарлары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, психолог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып, оқушылардың бойындағы темперамент, мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым – қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру теориясы мен әдістемесі А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова т.б. еңбектерінде жан - жақты зерттелген.

Кәсіптік бағдар беру оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға көмек беретін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді негіздеп түсіндіру негізгі орын алады. Дұрыс таңдалған мамандықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай, қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет