Тәрбиелілік-адамзат қоғамында әлеуметтік тұрақты заң болып қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас нормаларын бойына сіңіріп, оны күнделікті өмірде қолдануды дағдыға айналдыру.
Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үрдісінде қолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы. Тәрбие жүйесіне тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына құрылған сабақ үстіндегі және сыныптан тыс жұмыс түрлері сабақ, үйірме жұмыстарды, кештер мен жарыстар, байқаулар, т.б. енеді. Бұл жұмыстардың бәрі алдын-ала жоспарланып, ұйымдасқан түрдет әрбиеші-педагогтардың басшылығымен іске асырылады.
Тәрбие жұмысы-бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектермен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Тәлімгер – жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысты адамдардың ортақ атауы (әке-шеше, мұғалім).
Тәлімгерлік – аға ұрпақтың алдыңғы қатардағы өкілдерінің жас ұрпақ тәрбиесіне, оны өмірге, еңбекке дайындауға қатынасуының бір түрі.