Байланысты: Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.
В.С.Безрукованың тәрбиелік жүйесі. В.С.Безрукова тәрбие жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету факторларын жетіге бөліп қарастырады: саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік психологиялық, материалды- техникалық, кадрлармен қамтамасыз ету, ғылыми оқу‑әдістемелік және ұйымдастырушылық. Сонымен қатар, формалды және формальды емес білім мен тәрбие беруді қарастырады. Формальды-мемлекеттік қоғамдық мекемелерде жаппай азаматтарды тәрбиелеу негізінде іске асады. Формальды емес–театр, кино, стадион, клубтар, музейлер, жаппай ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мектептен тыс қосымша мекемелер, өзін-өзі дамытудағы үйдегі білім алу әрекеттері, тәлімдемеден өту мен білімін жетілдіру үдерістері кіреді.