Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Оқу Web-жобасын құру технологиясы



бет5/17
Дата18.06.2022
өлшемі0,7 Mb.
#37021
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1.2 Оқу Web-жобасын құру технологиясы


Қашықтықтан оқыту туралы сөз еткенде, бұл жағдайда құрамында зертхана жұмыстары, әртүрлі тест және электрондық оқулықтар түрінде ұсынылған оқу-әдістемелік материалдары қамтылған интерактивті оқу сайты немесе оқу жобасы болады. Қазіргі таңда осындай оқу жобасының қандай болуы керек екендігі туралы өзара ерекше пікірлер бар.


Мұндай оқу жобасын Интернет желісіне ұсыну үшін оның әдістемелік және бағдарламалық-техникалық құрылысының кейбір тәсілдерінің бірін қарастырайық. Оқу жобасы ретінде оқу сайтын қарастырайық.
Сайт құрылысы, сол сияқты гипермәтіндік құрылымындағы оқу- әдістемелік материалдарды ұсыну мәліметтерді гипермәтінді белгілеу тілі HTML, JAVA-Script және басқа да Web бағдарламалау тілінің варианттарының көмегімен жүзеге асырылады.
HTML мәтіндері әртүрлі арнайы редактор және конвертерлермен жасалатындықтан, HTML тілін білместен, Web-те жұмыс істеуге болады. Тікелей HTML-да жазу қиын емес. Бұл тіпті, HTML-редактор немесе конвертерді үйренуден оңай, өйткені мұнда өз мүмкіндіктері шектелген, әртүрлі тұғырнамаларда жұмыс істемейтін нашар HTML кодын шығаратын немесе қателіктер қамтылады.
HTML тілі бірнеше вариантта қолданылады және дамып отырады, бірақ оның құрылымы кейінде пайдаланылуы мүмкін. HTML үйреніп және оны терең түсіне отырып, оны мүмкіндігінше ұлғайта отырып, Web көптеген браузерлерімен қарауға болатын құжаттар жасай аласыз. Бұл басқа әдістерді пайдалану мүмкіндігін шығармайды, мысалы, Netscape Navigator, Internet Explorer немесе кейбір басқа да бағдарламалар ұсынатын ұлғайтылған мүмкіндіктер әдісі. HTML-де жұмыс істеу – бұл нақты қажет болған кезде ұлғайтуды пайдалана отырып, стандартталған тілде құжат жасау ерекшелігін меңгеру тәсілі [6].
HTML World Wide Web Consortium-мен бекітілген болатын. Ол бірнеше кең таралған браузерлерде ұстанады және Web–ке қатысы бар барлық бағдарламалық қамтамасыз етудің негізі болуы мүмкін.
HTML шегінде негізінен, студенттің игеруіне қолайлы түрдегі ақпарат беруді жүзеге асырады. JAVA-Script пайдалану түрлендіруге және ақпарат берілуін «жандандыруға», сол сияқты интерактивтің кейбір элементтерін енгізуге мүмкіндік береді.
Интернеттің көптеген басқа технологияларының ішінен пайдаланушыдан жылдамдықты арналардың болуын талап етпейтіндерді пайдалану мүмкін. Мұндай жағдайда оқу сайты немесе гипермәтіндік оқулық әзірлеу кезінде клиент тарапына жүктелетін файлдардың өлшемі бойынша оны оңтайландыруға бөлінеді. Осындай тәсіл тәжірибе жүзінде Flash, VRML, мультимедиа (real-video және real-audio) және кейбір басқа да технологияларды пайдалануға жол бермейді.
Тіпті кәдімгі графикалық суреттер мұқият өңдеуді талап етеді. Осындай шектеулер жүйелік емес болжамдармен салыстырғанда, оқу сайтының немесе гипермәтіндік оқулықтың дидактикалық сапасын төмендетеді. Мысалы, гипермәтіндік оқулықтың әдістемелік құрылысы, кәдімгі баспа оқулығынан ерекшеленбейді. Ақпарат тарауларға, параграфтарға және т.б. бөлініп, қажетті сурет және (немесе) сызбалармен көрнектеледі. Тарауларды қолдану тәртібі тақырыпты оқу логикасымен анықталады. Гипермәтіндік оқулықты немесе оқу сайтының өзін бөлімге және бөлімшеге бөлу пайдаланудағы жылдам навигация мен пайдалану икемдігін қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік материалды гипермәтіндік ұсынудың гипермәтіндік (электрондық) оқулық жасаған кезде ескеру қажет болатын, бірнеше ерекшеліктері болады.
Ережені сақтау табысқа жетуге мүмкіндік беретін, ереженің шартты жиынтығын жасауға мүмкіндік береді:

  • 12000 Б/сек қосу жылдамдығында бір минуттан аспайтын жүктеме уақыты, фрагменттерге берілген оқу сайтының барлық көлемін бөлу;

  • навигациялық элементтерді пайдалану;

  • күрделі көркемделген суреттерден бас тарту;

  • басып шығаруға арналған құрал вариантының болуын қамтамасыз ету (мысалы, WinWord пішінінде).

Әрине, келтірілген ереже оның толық болуына талап қоймайды, бірақ олар ең аз дегенде барынша қолайлы гипермәтінді оқулықтың әзірленуін қамтамасыз етеді. Бірақ, оқу сайтын әзірлеуге бұл ережелер жеткіліксіз. Оқу сайтын әзірлеу үшін Web-мастерингтің дәстүрлі тәсілдері қолайлы.
Аспапты құралдарды таңдау әзірлеушінің ұнатуына және жоғары бағалауына қарай анықталады, дегенмен, HTML кодтауды бәрінен бұрын HomeSite немесе Dreamweaver тәрізді мамандандырылған редакторлардың көмегімен орындау керектігін атап өткен дұрыс.
Өте ыңғайлы WisyWig-редакторларды пайдалану соңғы кодтың көп болуына әкеледі. Мысалы, FrontPage Express көмегімен жасалған бір беттің өлшемі HomeSite жасалған бетке қарағанда үш есе үлкен. ГО-да бейне және аудио үзінділерді пайдалану жоғарыда көрсеткеніміздей пайдаланушының нақты қосу жылдамдығымен шектелген.
Кескіндеме материалдар GIF және JPEG пішінінде орындалады, сонымен бірге пішінді таңдау және қысқарту сурет мазмұнымен анықталады.
Әзірлеме тәжірибесі мен ГО қолдану кескіндеме материалдарды қосқанда, жүктелетін үзіндінің 20…40кБ мөлшерінен аспайтындығын көрсетті.
Материалды зерделеу үдерісін шұғыл түрде өзі бақылау үшін мамандандырылған on-line тесттерін пайдалану мүмкін. Тесттелетін бағдарламаларды JAVA-скриптілер түрінде орындау мақсатты. Осы мақсат үшін серверлік скриптер мен қосымшаларды ГО орналастырылатын сервердің администраторлары қолданбайды (қауіпсіздік мақсатында). Тестілік скриптерді жасаудың барынша ыңғайлы аспапты құралдарының бірі Hot Potatoes пакеті болып табылады.
Білімнің аралық және қорытынды бақылануын ұйымдастыру үшін басқа мүмкіндігі бар тәсіл тестілеудің әмбебап жүйесін пайдалану болып табылады.
Сыртқы түрі, навигация және кейбір басқа да параметрлері мен қызметтері оқу сайтының тестін жасау кезінде күйіне келтіріледі, бұл нақты әзірлеушінің ойын жеткізу сияқты оқу сайтының жалпы дизайнымен тест дизайнын келісуге мүмкіндік береді.
Пакеттің соңғы үлгісі HTML4.0 – серпінді HTML айрықша ерекшеліктерінің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланады.
Егер тек гипермәтінді оқулықты қарастыратын болсақ, онда гипермәтінді құрылымды жасау кезінде салыстырмалы сілтемелерді пайдалану қажет, бұл ГО басқа серверге ауыстырғандай басқа тасушыға дискет немесе компакт-дискіге оңай ауыстыруға мүмкіндік береді. Әрине, ГО-ды компакт-дискіге орналастыру мультимедиялы технологияны пайдалануға қойылған шектеуді алуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда ГО авторының ең тың шешімін жүзеге асыру мүмкін.
Енді, бағдарламалық құралдандыру бойынша қысқаша шолу келтіреміз. Нақты Web-торап құру үшін пайдаланылатын барынша әйгілі және қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қарастырамыз [7].

      1. Web-парағын жасауға арналған бағдарламалық құралдар. Қазіргі кезде, Web-парағын жасау үшін әркім өз құралын таңдайды. Бір кездердегі Web- парағын жасаушылардың қарапайым мәтін редакторын пайдалана отырып, Hyper Text Markup Language (HTML) тілінде қолымен код жазуы, сосын өз еңбегінің нәтижесін көру үшін Web-браузерді қосқан уақыты артта қалды. Рынокта көптеген Web-парағын дайындау жүйелері пайда болды. Бұл MS FrontPage немесе Macromedia DreamWeaver, Allaire HomeSite немесе 1st Page 2010 болуы мүмкін. Ал кейбіреулер жай ғана мәтіндік редакторды, мысалы Блокнотты (Notepad) пайдаланады. Мәтіндік редакторларды көптеген кемшіліктері (жобаны қолдамайды, мәтінге «жарық беруі» жоқ, жалпы жұмыс істеу өте қолайсыз) болғандықтан кішігірім парақтар жасауға ғана қолданылуы мүмкін. Кейбір жаңадан жұмыс бастап отырғандар үшін Web-сайттар жасау үшін құрастырылған жаңа бағдарламалық құралдарды білудің оңай емес екенін ескеру керек.

Осындай бағдарламалық құралдардың біріне толық сәйкестік (WYSIWYG- What You See Is What You Get) жағдайында Web-парағының дизайнын дайындауға, содан кейін автоматты түрде қажетті HTML-кодын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйе жатады. Атап айтқанда, мұндай топқа Microsoft FrontPage, Netscape Composer және Net Objects Fusion тәрізді танымал өнімдер жатады. Олар HTML тілін нашар білетін және Web-парағының кәсіби дизайнері болып табылмайтын қолданушыларға жарайды. Екінші топ – HTML кодын өз бетінше жасағанды ұнататын кәсіби мамандар үшін HTML редакторы.
Web-тораптарын дайындаушылардың WYSIWYG-редакторын салғырт пайдалануларының себебі, бастаушы Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer (IE) Web-браузерлері World Wide Web Consortium (W3C) консорциум қабылдаған немесе қарастыру сатысында жатқан Web негізгі стандарттарын түрліше талдайды. Осыған орай, бұл браузерлерде маңызды параметрлер қатары бойынша айрықшаланатын әр түрлі мәліметтер форматы қолданылады. Мысалы, CSS1 стилінің тілі стандарт сапасында бұдан бірнеше жыл бұрын бекітілген болатын. Бірақ та, Microsoft IE 4 CSS1 функциясының тек 80%, ал Netscape Navigator 4 – одан да азын қолдайды. Ал, HTML 4, Dynamic HTML, CSS2, JavaScript және басқалар тәрізді кейініректегі жаңа технология туралы не айтуға болады!? Бұлардың арасындағы алшақтық өте жоғары.
Кәсіби HTML-редакторы соншалықты тез дамып келеді, тіпті дайындаушылардың өзіне соңғы жаңалықтарға ілесіп отыру қиындық тудырады. Web-парағын дайындау аумағындағы қатаң бәсекелестік пен Web- технологиясының жедел дамуы, өндірушілерді HTML-редакторын үнемі жетілдіріп отыруға, оларды жаңа функциялармен толықтыруға және оның мүмкіндігін кеңейтіп отыруға мәжбүр етеді.
Бұдан әрі қарай дайындалған кейбір танымал құралдарды қарастырайық. Диплом жобасының ақпараттық жүйесін дайындау кезінде, осы күні кәсіби
HTML-редакторларының ішіндегі өте танымал, үшеудің бірі болып табылатын Homesite редакторы пайдаланылды, олар оншақты марапаттаулар алған. HomeSite 4.5 web-парақты қолмен жасауға, яғни HTML білетіндерге арналған. Мұндай жағдайда, HTML-кодын толық бақылауға ала аласыз, сондай-ақ танымал браузерлердің (MSIE, Google Chrome, Opera) үшеуінің бірінде өзіңіздің парағыңызды тиімді ету мүмкіндігі бар.
Homesite-тің барлық функционалдық мүмкіндіктерін, олардың санының өте көптігіне орай санап беру мүмкін емес, сондықтан ең танымалдарына ғана тоқталамыз, ал қалғандары туралы, мысалы, кодты бояу, шаблонмен жұмыс істеу немесе орнатылған қарау механизмі өте жоғары дәрежеде орындалды деп айтуға болады. Homesite – бұл өзінше бір конструктор: бұл жерде құралдар панелінің түрі мен мазмұнынан бастап, өзіндік HTML ерекшелігін жасағанға дейін барлығы да күйге келтіріледі (1.3 сурет). Homesite-та HTML-кодеріне немесе HTML-редакторына қажеттінің барлығы бар. Бұл редактордың көмегімен тек қана кодты жасап қана қоймай, сайттың құрылымымен де жұмыс істеуге болады. Бұл үшін көптеген пайдалы сыңарлары бар, «Жобалар» арнайы құралдары қарастырылған, олардың ішінен мамандандырылған бағдарламалардан тіпті де кем түспейтін, ал кейбір параметрлері бойынша асып түсетін меншіктік ҒТР- клиентті ерекше атап өту керек.
Homesitе-та ағылшын тілінің орфографиясын тексеру модулі орнатылған, сондай-ақ, MS Word (оның ішінде орысшада) сөздігімен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Ерекшеліктерді қолдау тізімі айрықша: HTML 2.0, 3.2, 4.0, Internet Explorer
10.0 и 11.0 Extensions, Netscape Navigator 3.0 и 4.0 Extensions, Gold Fusion 3.0, 3.1 и 4.0, сондай-ақ Synchronized Multimedia Integration Language 1.0 (SMIL 1.0). Homesite-та код пен дұрыс жазу инспекторларынан басқа сілтемелердің дұрыстығын тексеру қарастырылған. Егер сіз HTML-ді мықты білмейтін болсаңыз, көптеген көмекшілерді немесе көрнекілік дайындаушы құралдарды пайдалана аласыз. Егер сіз осы құралдардың бірін пайдаланатындай болсаңыз, халықта сыпырғыш деп аталатын Clear Sweep функциясының қызметін қолдана аласыз. Оның басты және негізгі функциясы – кодты артық тегтерден тазалау, бірақ, абай болғаныңыз жөн – сіз «тазаланатын» құжатты бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
HomeSite екі негізгі тәртіпті ұстанады: Edit және Design. Design тәртібі – бұл HTML-кодын беретін WYSIWYG-редакторы тәріздес, әсіресе, егер сіз бөтен HTML-кодты жүктейтін болсаңыз, онда HomeSite бәрін өзінше қайта жазады. Edit тәртібі парақты толық кодтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде сіздің барлығын күйіне келтіруге мүмкіндігіңіз бар, әрбір тегтің функциясын (онда сіздің парағыңыз кез-келген браузерде бірдей болып көрінеді) жаза аласыз.


    1. сурет – HomeSite бағдарламасының интерфейсі

HomeSite-тың тағы бір ерекшелігі – бұл оның Dreamweaver-мен


«жабысуы». HomeSite DreamWeaver түймешесіне ие, сондай-ақ оның жеткізу стандартты пакетіне кіреді. Дегенмен, DreamWeaver HTML-кодын түзететін редактор ретінде HomeSite-қа қосылу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, Homesite-та графикті немесе графиксіз желі құжатының мөлшерін білуге болады, яғни сіз соңғы қолданушының қосылу жылдамдығына қатысты желіден қанша уақытта қосыла алатынын бағалай аласыз. Homesite-ті барлығына да ұсынуға болады: < тегін; <-ді енді ғана түсінген жаңа бастап отырған адамнан кәсіби кодерге дейін немесе оның көмегімен HTML-мен жұмыстың барлық жолдарын үйретуге болады, бірақ мыңдаған парақтардың жобасын басқарған тиімді болады [7].
EvrSoft 1st Page 2013. Соңғы HTML-редакторының бірі - EvrSoft 1st Page 2013 болып табылады. Оның ұраны - "Create 1st class websites!" (Керемет веб- сайттар жасаңыздар!). Бағдарламаны инсталяциялау және қосу кезінде 1st Page 2013-тің екі түрлі ерекшелігін табуға болады: біріншіден, дистрибутивтің көлемі

  • ZIP форматында мұрағатталған, ол 5 МВ көлемін құрайды. EvrSoft-тің екінші ерекшелігі болып қабылданғаны, қолданушы бастама менюіне курсорды апарған кезде, бағдарлама үш режимде: Easy, Expert и Hardcore қосылады. Төртінші режим Normal – үндемес вариантында жіберілуін анықтайды және бағдарламамен жұмыс барысында өзіңіз үшін үш режимнің қайсысы тиімді екенін таңдай аласыз. Яғни, сіз өз деңгейіңізді таңдай аласыз, кейіннен одан жоғарысына көше аласыз. Тағы бір ерекшелігі - JavaScript пен DHTML-скриптер жинағы өте үлкен. Бұлардың барлығы тиімді етіп категорияларға бөлінген.

Жалпы алғанда lst Page 2013 өте қолайлы әсер қалдырады және жақын болашақта әсіресе, өнімнің тегіндігін ескеретін болсақ, басқа HTML- редакторларына бәсекелестік жасайтын болады.
CoffeeCup – әртүрлі көмекшілердің үлкен жинағымен ерекшеленеді: визард пішімдері, суреттеу, кестелер. Осындай визардтардың арқасында барлық шолу жасалынатын HTML-редакторларының ішінде ол WYSIWYG-редакторларының класына жақынырақ болады. Онда шығыс кодын тікелей редакцияламастан-ақ тұтастай сайт құруға болады, соның әсерінен көрнекіліктер құралдарын дайындауда артық код және нашар редакциялау құралы тәрізді кемшіліктер болады. Көмекшілермен қатар, CoffeeCup-те CGI-кітапханасы мен Java- скриптері, DHTML шаблондары, сызбаның үлкен кітапханасы орнатылған. Бағдарлама ойыншық тәрізді қабылданады, бұл HTML-редактордан гөрі HTML- конструкторға келеді. Тегін версиясы қызық орындалған. CoffeeCup HTML Editor++ HTML-ді енді оқи бастағандар үшін қызықты болады. Оған “конвейерге” қабылдау табыла қоймайды – редакциялау құралы өте нашар.
HoTMetal Pro 6.0.3 – WYSIWYG-бағдарламасының басты ерекшелігі – қолданушы сайт құру үшін белгілеу тілін білмеуі тиіс. Ал дәл осындай өнім, атақты SoftQuad Software компаниясының өнімі болып табылады. Қосқан кезде сол жағында файл папкалары мен көмекші терезе, оң жағында жұмыс терезесі орналасқан үйреншікті интерфейсті байқайтын боламыз. Құралдар панелінің есте қалатындай ерекшелігі жоқ, тәжірибелі Microsoft Office қолданушы ешбір қиындықсыз-ақ бағдарламаның ерекшелігін таба алады.
Редактордан жалғыз ғана жағымсыз есте қалатыны – кестемен жұмыс істеу. Бірақ, бұл тиісті процедураның арбиып көрінуіне байланысты, дегенменде оны оймақтай әдемі етіп көрсетуге болар еді.
Microsoft FrontPage 2010 – егер бұл пакетті алдындағы Microsoft FrontPage 2003 Web-редакторымен салыстыратын болсақ, онда келесілерге тоқтала кеткен жөн болар еді. Бұрынғы FrontPage версиясының негізгі проблемасы, парақтың HTML-кодына қатысы бойынша бағдарламалық өктемшілдігі болатын. Баннер желісінің немесе жойылған есептеуіштің скриптегі шығыс кодын көшіру кезінде, мұндай жолмен FrontPagе–ке код енгізу жұмыс істемейтін болады. Бағдарлама кодты танымастай етіп өзгертіп, өзіне ғана белгілі операциялар жүргізген, бұл парақтардың адал авторларын, HTML-кодын кіргізу үшін Microsoft Notepad-тың сондай танымал өніміне өтініш жасауға мәжбүр етті.
FrontPage 2010 компаниясы бүгінгі күні өзінің негізгі кемшіліктерінен құтылып, күшті бағдарламалық пакет ұсынды. Web – дизайнға жаңа келушілер үшін интерфейсі Microsoft Office 2010-мен толықтай біріктірілген өнім, одан артық сәйкес келетін құралды ойлап табу мүмкін емес. Web-редактордың жаңа версиясы бұрынғы FrontPage Explorer және FrontPage Editor жеке бағдарламаларымен бір пакетке сыйғызыла береді.
MS FrontPage негізгі кемшілігі, ол өте үлкен HTML-кодын (артық нәрселері өте көп) генерациялайды, сондықтан парақтар өте үлкен болады, оның жылдамдықты жүктеуге әсері болады. Сонымен қатар, Web-парағын жасау кезінде осы редактордан бір нәрсе көрсең, ал браузер терезесінен – мүлдем басқа нәрсені көресің (әсіресе бұл Netscape Navigator-ға қатысты). Парақтар қисық- қыңыр болып шығады [7].
Сапалы Web-парағын жасау үшін Macromedia DreamWeaver пайдалану ұсынылады. Macromedia компаниясы веб-сайт жасау бағдарламасын өндіру жөнінен үздік болып саналады, сондай-ақ осы аумақтың сән заңгері деп есептеледі. Осы компанияның HTML-редакторының соңғы версиясы WYSIWYG-редакторының категориясына жататын DreamWeaver 3, бұл пакеттің артықшылықтары өте көп: интерфейсі қолайлы, функцияларды күйіне келтіреді, үлкен жобалар мен ShockWave технологиясын қолдайды, FTP арқылы файлдарды көшіру мүмкіндігі, SSI қолдау және басқалары. Бұл бағдарламамен жұмыс істеу үшін HTML-ді жақсы білу қажет (WYSIWYG технологиясының артықшылығы осында, нені көрсем, соны аламын).
Сондай-ақ, DreamWeaver WYSIWYG технологиясын пайдаланатын басқа редакторлардан бірнеше қадам алда тұрады, ең біріншіден, өте таза HTML-кодты генерациялайды. DreamWeaver «команданың бірізділігін жазу» опциясын пайдалану арқылы парақ жасау кезінде (мысалы, мәтіннің шақырымы) бір типтес жұмыстардан құтылуға мүмкіндік береді, сіз жүргізілетін команданың бірізділігін жазып отырасыз, мысалы, CTRL+P, және DreamWeaver аталған бірізділікпен жасалады.
Бұл диплом жобаны дайындау кезінде келесідей редакторлар пайдаланылды:

  • Allaire HomeSite 4.5;

  • Блокнот (Windows).

      1. Web-технологиясындағы компьютерлік графиканың түрлері. Кесте жасау және оны оңтайландыру – қиын және қырсық тапсырма. Графикті пайдаланбай-ақ, шрифтердің, скриптердің және стиль кестелерінің (CSS) көмегімен Web-парағын әдемі және стилді жасауға болады. Ал құжаттың соңғы түрі әртүрлі факторлардың көптеген санына қатысты болады, олар: браузер терезесінің көлемі, браузерді алдыня-ала күйіне келтіру, қаріптің мөлшерін, оның атын және түсін үндемеске қабылдау. Сонымен қатар, скриптер мен стилдердің барлығын бірдей браузерлер қолдай бермейді. Ал, егер графикті пайдаланылатын болсаңыз, онда сіздің парағыңызға кіруші адам оны өзіңіз қалай жасасаңыз ол да солай көре алады.

Web-кестесінің негізгі қиын жұмысы, Интернет арналардан өткізуден тұрады, көптеген жағдайларда өте төмен болады және сол себепті де сіздің алдыңыздан – жақсы сападағы, көлемі онша үлкен емес кестелік файл жасау, оны
оңтайландыру үшін қандай бағдарламалар мен қабылдауларды пайдалану керек деген мәселе шығады.
Компьютерлік графика растрлік және векторлық болуы мүмкін(1.4сурет).
Осы түрлердің әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.





    1. сурет – Растрлік және векторлық суреттеуді орналастыру тәсілі.

Растрлік суреттеу – түрлі түстегі нүктелердің жиынтығын көрсетеді. Мұндай графика торды (растр) көрсетеді, торлары пикселдер деп аталады.


Растрлік суреттемедегі әрбір пиксельдің нақты орналасқан орны мен түсі болады, ендеше, кез-келген объект боялған пикселдер жиынтығы ретінде бағдарлама болып беріледі. Ендеше, қолданушы растрлік суреттеумен жұмыс істей отырып, нақты объектімен жұмыс істемейді, оларды құрастыратын пиксел топтарымен жұмыс істейді.
Растрлік, көптеген графиктік форматтар, нақты айтсақ, Интернетте кеңінен тараған GIF (Graphic Interchange Format – графикті ауыстыру форматы) және JPEG (Joint Picture Encoding Group – қозғалмайтын суреттеулерді кодтау тобы) болып табылады. Сондай-ақ, растрлық BMP(BitMaP – биттік матрица), TIFF(Tag Image File Format – суреттеудің тегтік файлдық форматы) және PSD («туған» Photoshop форматы) болып табылады.
Растрлік кестенің артықшылығы, түстер мен жартылай түстердің өрбуін жоғары деңгейде нақты беруі және жоғары деңгейде шығару жылдамдығы, сондай-ақ жоғары дәрежеде жете суреттеу болып табылады, сондықтан да олар сканирленген фотосуреттер тәрізді түсті суреттеулерді ұсынуға тиімді құрал болып табылады.
Кемшіліктері: файлдың көлемі үлкен, шығару құрылғысының рұқсатына қатысты және маршруттауы нашар. Растрлық редакторының суреттеуінің қандай да бір бағдарламасын қосып және оны төрт есеге үлкейтіп көретін болсаңыз, пикселде терезенің «тарап кеткенін» көресіз.
Растрлік графиктің танымал кесте редакторын қарастырып көрелік:
Microsoft Paint – Microsoft операциялық жүйесінің стандартты жеткізілімшісіне кіретін жай редактор (немесе – қарапайым деп атаған жөн). Ол
ойланып жасалмаған суреттерді жасауға мүмкіндік беретін, қарапайым функцияларды (қылқалам, қарандаш, өшіргіш және т.б.) орындайды. Өкінішке орай, графиканы өңдеуге ол жарамайды.
Adobe Photoshop– бүгінгі күні растрлік графикті кәсіби өңдеу үшін ең күшті пакет. Бұл – көп жинақты әртүрлі фильтрлер мен эффектілер бар, растрлік суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерін меңгерген тұтастай бір кешен, бір қызығы мұнда тәуелсіз өндірушілердің құралдарын қосу мүмкіндігі бар (1.5 сурет).
Пакет, бүлінген суреттеулерді қалпына келтіру, фотосуреттерді өңдеу немесе сіздің қиялыңыздың мүмкіндігі жеткенше қиял-ғажайып коллаждар жасау құралын ұсынады. Жалпы алғанда бұл пакеттің мүмкіндігі өте үлкен. 5.5 версиясынан бастап, пакетке WEB-ке арналған графикті өңдеу бойынша үлкен мүмкіндіктер беретін (суреттеуді үйлестіру, анимирленген gif құру, суретті ұсақ бөліктерге бөлу және т.б.). Adobe ImageReady бағдарламасы қосылған. Adobe Photoshop дайындаушыларының ұраны – "Camera of your mind" – техникалық жетілуді болжамдап қана қоймайды, сонымен қатар, осы бағдарламада жұмыс істеген адамға толықтай шығармашылық еркіндігін береді [8].



    1. сурет – Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі

PhotoPaint – Adobe Photoshop-пен бәсекелестік жасайтын, растрлік графиканы өңдеуге арналған танымал графикалық редакторлардың (Corel Draw пакетінен) бірі. Бұл жерде графикті өңдеуге арналған барлық қажетті құралдар, әртүрлі фильтрлер, текстуралар бар. Айырмашылығы тек жұмыс пен интерфейстің ыңғайлылығында ғана және фильтрлерді салу жылдамдығында ол баяу жүреді.


Painter – сурет салудың нақты құралдарының эмуляциясына арналған керемет мүмкіндіктер беретін редактор: графит, бор, май және т.б.сондай-ақ, материалдардың үстін, көркемсурет фактураларын еліктетуге, анимация жасауға мүмкіндік береді. Фондық суреттерді немесе көркемсурет стиліндегі Web- парағын дайындауға өте ыңғайлы. Бұл бағдарламаны пайдаланып отырып, өзіңізді нағыз суретші сезінесіз.
Қарапайым міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін, бірақ мамандардың өтініштерін қанағаттандыра алмайтын бірнеше редакторлар (Microsoft Photo Editor, Microsoft Photo DRAW) бар.
Ulead GIF Animator – (Graphic Interchange Format – графикті ауыстыру форматы) анимирленген графикті құруға арналған күшті пакет. Бұл бағдарлама арнайы эффекттерді пайдалану мүмкіндіктерін береді. Бұл арнайы эффекттер, фильмдерді сандық құрастыруларға арналған Adobe компаниясының Adobe Premier бағдарламасының арнайы эффекттерін еске салады. Бағдарлама 4 бөлікке бөлінген: құралдар панелі, орталық жұмыс экраны, палитра панелі және суреттеу қабатының панелі. Жұмыс экраны 4 қосымшадан тұрады. Осы қосымшалардың көмегімен әртүрлі сипаттарын өзгертуге, сондай-ақ қорытындысын алдын-ала көруге мүмкіндік береді.
Векторлық суреттеу – жеке нүктелерден емес,қарапайым қисық-анайы жиынтықтардан тұрады.
Векторлық суреттеу, вектор деп аталатын фигураларды математикалық сипаттау негізінде жасалады, ал суреттеу түрі вектор параметрлерімен анықталады. Басқа сөзбен айтқанда, векторлық графика қисық, координаттары, түсі және басқа да параметрлерден, сондай-ақ белгілі бір түспен боялып тұйықталған аумақтардан тұрады. Векторлық суреттері бар файл, қисықтың координаттары мен параметрлерінен тұрады.
Векторлық суреттеулерді өңдеу қорытындысы жабдықтардың рұқсат ету мүмкіндіктеріне қатысты болмайды, сондықтанда сіз олардың параметрлерін өзгерте бересіз (көлемін, түсін, формасын және т.б.), одан сапасы төмендемейді. Векторлық графика ұсақ кеглдерді (қаріптердің көлемі) пайдалану арқылы сандық объектілер жасау кезінде немесе көлемін шектемеу кезінде нақты нұсқасын сақтау маңыздылығына арналған логотиптер ретіндегі объектілерде пайдаланылады.
Вектор түрінде CDR (CorelDraw «туған» пакет форматы) және WMF (Windows Metafile – Windows метафайлы) форматтарының суреттеулері сақталады. Сондай-ақ, векторлық Flash графикасы болып табылады.
Векторлық графиканың артықшылығы: қорытындылау файлының кішігірім мөлшері, керемет көлемділігі, шығар құрылғысының рұқсатына қатыссыздығы. Кемшілігі біреу ғана: растрлық түрде қайта құруды орындау қажет болғандықтан шығару қиындығы жоғары.
Қазіргі уақытта растрлік және векторлық графика, бір суреттеуде бірлестіріп жиі пайдаланады. Бұл әртүрлі графиктердің екеуінің де артықшылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерінен қашық болуға мүмкіндік береді. Мұндай графика гибридті деп аталады. Қазір кез-келген векторлық графикалық формат, оның ішінде Flash суреттеу гибридті болып табылады.
Векторлық графиканың танымал графикалық редакторын қарастырайық:
Adobe Illustrator – пакет векторлық графиканы жасауға, өңдеуге және редакциялауға мүмкіндік береді. Өзінің қуаттылығы жағынан Adobe Photoshop растрлік редакторының баламасы: ұқсас интерфейсі бар, әртүрлі фильтрлер мен эффектілерді қосуға мүмкіндік береді, көптеген графикалық форматтарды, тіпті
.cdr (Corel Draw) и .swf (Flash) форматтарын түсінеді.
CorelDraw –мұндай танымал графикалық пакет, векторлық графиканы өңдеуге арналған құралынсыз болуы мүмкін емес. Пакет өзінің қуаттылығы жағынан Adobe Photoshop және Adobe Illustrator графикалық редакторларынан қалыспайды. Векторлық графиканы өңдеуден басқа, бұл пакетте растрлік графиканы өңдеуші (Photo Paint), суреттеуді ауыстырушы, қаріптердің редакторы, текстуралар дайындау мен штрих кодтар жасау, сондай-ақ суреттеулердің көлемді жинақтамасы (CorelGallery) бар.
Adobe Streamline – растрлық графиканы векторлыққа ауыстыруға арналған Adobe фирмасының өнімі. Бұл кішігірім ғана, бірақ көп пайдасы мен қуаты бар өнім. Егер сіз вектор графикасын пайдалана отырып, мысалы, Flash технологиясын, Web-парағын жасағыңыз келсе, онда ол өте пайдалы.
Macromedia Flash– өте қуатты, солай бола тұра пайдалануға қолайлы, интерактивтілікті қолдау орнатылған векторлық графиканың негізіндегі анимирленген жобаларды құру құралы. Жақын арада ғана пайда болған бұл технология, жаңа, интерактивтілігі мен мультимедиялығы бұрынғылардан сапалық айырмашылығымен ерекшеленген Интернетті көрсетті.
Flash растрлік объектімен, сондай-ақ векторлық объектімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Векторлық графикалық элементтердің (графика мен анимация) ерекшелігі, сапасы жойылмайтын кез-келген рұқсаттағы экранда, сондай-ақ кез- келген орнатылған браузерде Flash-роликтерін біркелкі сапалы қарауды қамтамасыз етеді. Біздің жағдайымызда Flash, жасалған анимация мен дыбыс Web–жобасын толықтыруға мүмкіндік беретін, суретшілер мен дизайнерлерге арналған таптырмас жұмыс құралы болып табылады.
Flash-клиптерде WAV және MP3 форматында дыбыс файлын пайдалануға болады. Дыбыс, жеке сценаларды суреттеу сәтімен немесе меню түймешесі мен пункттерін басу – дизайнның белсенді әрекеттерімен, сондай-ақ беталды форманың белсенді аймағының әрекетімен (курсорды белгілі бір учаскеге қозғалту және одан алып кету, тышқанның түймешесін басу немесе босату және т.б.) байланыстыруға болады [9].
Анимациялық роликтердің нәтижесінде алынатын кішігірім көлем Интернет үшін көкейкесті болып табылады.
Интернеттегі Flash-ұсынысты қарау үшін, өз компьютеріңізде желіде еркін таралатын бекітілген модуль болса болғаны немесе егер сіз браузердің соңғы версиясын пайдаланатын болсаңыз, онда сізге қажетті құралдардың барлығы бар. Қосымша модульдерсіз шығарылатын Flash-қосымшасында және форматта сақтауға болады, ол тікелей роликте біріктіріледі. Мұндай тәсіл мультимедиялық презентацияларды әзірлеу үшін өте қолайлы.
Web-стандарт ретінде Flash-ті пайдалану туралы бірнеше қабылданған келісімдерден соң, HTML-мен жеңіл біріге бастады, ол Flash-жобасын ешбір кемшіліксіз кіріктіруге мүмкіндік береді. Flash сілтеме арқылы көшуді, браузер терезесін ашуды немесе HTML құралымен бір нәрсе жасауды талап етпейді (1.6 сурет).
Негізгі үш артықшылығы бар:

  • ықшамды. Flash форматында сақталған суреттеудің көлемі өте кішкентай болады. Үлкен сурет жасауға, оны жылжитын етуге, оны ғажап түрде айналдыруға және дөңгелетуге болады, ал қорытынды файл бірнеше Кбайт көлемінде ғана болады. Ал егер оның көлемі өте кішкентай болатын болса, онда ол желіде демде жүктеледі. Себебі, жоғары жылдамдықтағы Интернет біздің әлі арманымыздағы дүние;

  • анимациялылығы. Бұл жерде Flash –құдай және патша. Ешқандай басқа бағдарлама мұндай қиын анимацияны жасай алмайды және осылай бола тұра қорытынды көлемін ақылға сыймайтын көлемге «созбайды»;

  • интерактивтілігі. Бұл сіз жасаған суреттеу қолданушының әрекетіне дыбыс беруі мүмкін. Тышқанның жылжуына жауап ретінде қандай да бір сурет пайда болуы немесе жоғалып кетуі мүмкін, ал түймешені басқанда – фильм қосылады. Бұл Flash пен анимациялық суреттеулердің көріністерін басқара алатын, ерекше бағдарлама-сценарийлерін жазуға дейін жетеді, сондай-ақ басқа бағдарламаларды (сырттай Flash-ке қатысы бойынша) шақырады. Бұл сценарийлер Action Script деп аталатын ерекше бағдарламалау тілінде жазылады [10].

iPIX – технология ағылшын тілінде EYE-pix, ал орыс тілінде АЙ-ПИКС деп аталады. Мұндай алдыңғы қатарлы технология Интернет әлемінде 360 градустық бұрышты қамти алатын қызық суреттеулер жасауға мүмкіндік береді. Үлгілердің фотографиялық сапасы бар және қараған кезде елестер болып тұрады. iPIX көмегімен жасалынатын панорамалық суреттеулер, көрермендердің жан- жағына «қарауына», жоғары-төмен қарауына, суреттеу бөлшектерін жақындатуға немесе алып тастауға да мүмкіндік береді. iPIX-панорамаларды бір- бірімен байланыстыруға, гиперсілтемелеуге, дыбыстармен толтыруға болады. iPIX түсірулерін қараған кезде, қозғалуды өз бетінше басқара отырып, панорама бойынша саяхаттауға немесе әзірлеу сатысында камераның қозғалысын беруге
болады. Жасалған суреттеулер – гиперсілтемелермен байланысқан панорамалық фотолар – Виртуальдық турдағы жиынтық болуы мүмкін.



    1. сурет – Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсі

iPIX-ді желіде тегін таратылатын арнайы орнатылған модулдер арқылы кез келген браузердің көмегімен немесе кәдімгі Java-скриптің көмегімен қарауға болады.


iPIX-ті кез-келген салада – электрондық саудада, риэлторлық қызметте, автобизнесте, туризмде және т.б. қолданылады. iPIX негізделген презентация көрерменге статистикалық суреттеуден гөрі көп ақпарат береді.
HotMedia – технологиясы өз мүмкіндіктерінің әртүрлілігімен таңдандырады. iPIX, видео, ЗD-объектері, анимация, дыбыс және т.б. ақпарттарды бейнелеудің көптеген тиімді құралдарын өзіне пайдалануға біріктіреді. Дегенмен, әрбір элемент үшін әдетте, өзінің бейнелеу модульдері пайдаланылады, бұл технологияда барлық жеке элементтер тұтастықты құрады және ойнату үшін қосымша құралдарды талап етпейді. Сондай-ақ, 3D объектілеріне арналған HotMedia қолдану пайдаланымы болады. HotMedia технологиясының мүмкіндіктері сіздің қиялыңыздың шегімен толықтай сәйкес келеді.
Бұл диплом жұмысын әзірлеу кезінде, келесідей графикалық форматтар қолданылған: *.GIF, *.JPG, *.SWF.
Осыған орай, келесідей графикалық редакторлар пайдаланылды:

  • Adobe Photoshop;

  • Ulead GIF Animator;

  • Macromedia Flash.

      1. Клиенттік сценарий. VBScript, немесе Visual BASIC Script (Visual Beginners All-purpose Symbolic Instruction Code Script, бастаушыларға арналған көрнекі символикалық әмбебап командалық коды) – web-парағының құрамына интерактивтік элементтер қосу мақсатында html-құжатына біріктірілетін түсіндіру тілінің кезекті версиясы.

Мұндай технологияны жасау құрметі, Microsoft компаниясының әзірлеушілеріне берілген. Өзінің шығуы Visual Basic тілінен болғандықтан, JavaScript-ке қарағанда VBScript тілі біршама нақты және тұрақты. Интернетте VBScript, JavaScript-ке қарағанда аз тараған, басты себебінің бірі ол Internet Explorer 10.0 және одан жоғары браузерлерде ғана толық ұсталынады. Бұл тіл, JavaScript-те орындалатын сондай операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ ол JavaScript тәрізді Web-парақ жасалынатын әрбір объектімен (бұл объектілердің жинағы құжаттың объектілік моделі деп аталады) жұмыс істеуге қабілетті. Кроссплатформалық тіл ретінде пайдалануға болмайды. Бірақ, басқара алатын ортада, мысалы, интражеліде, VBScript тілі ActiveX элементтерімен ұштастырыла отырып, Microsoft компаниясының шешімін пайдалануды бағытқа алып отырған, әзірлеушіге қажеттінің барлығын бере алады. VBScript тілінің ActiveX элементтерімен ұштастырылуынан JavaScript-ке қарағанда көп нәрсе жасай алады.



ALIGN="center">




JavaScript – бұл функцияны және қолданушылармен өзара қарым- қатынасты ұлғайтуға арналған HTML парағы құрамында пайдаланылатын жаңа бағдарламалау тілі. Негізінен JavaScript не үшін қажет!? JavaScript-ті Sun Microsystems және Netscape компаниялары бірлесіп әзірлеген болатын. Жаңа
тілдің синтаксистік негізіне, кезінде Sun Microsystems компаниясы әзірлеген Java тілі алынған болатын. JavaScript HTML стандартының қондырмасы болып табылады және осы форматта жасалған құжаттың мүмкіндігін біршама кеңейтеді. JavaScript-те жазылған модуль қосалқы бағдарлама ретінде HTML файлында біріктіріледі және стандарттық командадағы HTML-кодының тиісті жолынан орындауға шақырады. Браузерге кіріктірілген тілдің интерпретаторы скриптті де, гипермәтін коды да бір құжат ретінде қабылдайды және сол және басқа да мәліметтерді бір мезгілде өңдейді.
Соңғы уақытта осы тілді қолдаушы жаңа браузердің шығуына орай, JS танымалдылығы қатты өсті. JavaScript-тің көмегімен Web-парақта HTML стандартты тегтерімен жасау мүмкін емес нәрселерді жасауға болады. Скриптер, қолданушының әсерінен туған қандай да бір оқиғалардың болуының нәтижесінде орындалады. JavaScript бағдарламасы қосылатын Web-құжаттарын жасау, мәтін редакторы мен сәйкес келетін браузердің болуын талап етеді. Кейбір қараушылар өздеріне кіріктірілген редакторларды қосады, сондықтан сыртқы редактордың қажеттілігі болмайды.
Java тілімен тікелей байланыстың болмауына қарамастан JavaScript, HTML парағына кіріктірілген Java-апплеттерінің сыртқы қасиеті мен әдістеріне өтінім жасай алады. Мұның айырмашылығы апплеттер браузердің сыртында болады, ал JavaScript бағдарламасы тек браузердің ішінде ғана жұмыс істей алады. Бір қарағанда JavaScript бойынша ақпарат табу қиын емес тәрізді. Алғашында оны барлық жерден: Netscape серверінен, электрондық басшылық жасау және мысалдар түрінде, басқа да көптеген орындардан көруге болады деген әсер қалдырады. Дегенмен де, объектілер, операторлар, түстер мен басқа да қажеттілер туралы ақпаратты бір жерден іздестіру қиын.
Егер мейлінше кең тараған JavaScript стандартын VBScript-пен салыстыратын болсақ, ерекше бір айырмашылықтарын табу өте қиын, себебі екі тілдің де мемоникасы мен синтаксисі ұқсас. VBScript-тің көмегімен JavaScript-ке ғана тән мүмкіндіктердің барлық спектрлерін жүзеге асыруға болады. Екі технология да web-параққа қосып жариялау жоспарланып отырған серверлердің типіне қатысты емес. Дегенмен, қазіргі уақытта VBScript «бәсекелесіне» қарағанда Интернетте аз таралған, ол Microsoft өндірісінің браузерлерін, оның ішінде IE 10.0 және одан жоғары версиясын пайдаланады. Netscape Navigator-да бұл тілдің интерпретаторы жоқ, сондықтан бұл браузердің жолын ұстаушылар VBScript-ті қолдануымен жасалатын интерактивті элементтерді пайдалану мүмкіндігінен айырылады, ал JavaScript болса, IE мен NN-де қолданылады [11].
Бұл дипломдық жобада жоғарыда аталған клиенттік сценерийлер қолданылған. Олар On-line тестері мен тіркеуді жасау кезінде пайдаланылды.

      1. Клиент-сервер технологиясы. Бұл дипломдық жобадағы бағдарламалық қамту клиент-серверлік технологияларға негізделген.

Мұнда Интернет желісінің сервері деп клиент машинасының сұранысы бойынша web-парағын бейнелейтін, сондай-ақ көптеген басқа пайдалы функцияларды орындайтын, арнайы бағдарлама орнатылған компьютер аталады (ол сервер, web-сервер немесе http-сервер деп те аталады). Жергілікті желідегі компьютерлердің өзара қарым-қатынас сипаты, олардың функционалдық міндеттерімен байланыстырылған. Тікелей қосылуы жағдайындағы тәрізді, жергілікті желі шегінде клиент және сервер түсініктері пайдаланылады. Яғни, сіздің үйдегі компьютеріңіз сервермен байланысып, одан қажетті мәліметтерді, мысалы, web-парағының кодын алған кезде, ол «клиенттің» рөлін орындайды, ал бұл жағдайда барлық жүйе «клиент-сервер» байланысы деп аталады. Бұл технологияның құрылымы 1.7-суретте келтірілген.



CGI












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет