Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Бағдарламалық құралдарды таңдау



бет7/17
Дата18.06.2022
өлшемі0,7 Mb.
#37021
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

1.3 Бағдарламалық құралдарды таңдау


Бағдарламалық өнімді жасау кезінде, бағдарламалық қамтудың 2 түрі ескеріледі: жүйелік және қолданбалы.


Жүйелік бағдарламалық қамту – бұл бағдарламалық өнім жұмыс істейтін операциялық орта.
Қолданбалы бағдарламалық қамту – бағдарламалық өнімді жүзеге асыратын бағдарламалау тілі.
Жүйелік бағдарламалық қамту ретінде Microsoft компаниясының – Windows ХР операциялық жүйесі алынған.
Web-парақтарын жасау үшін, HTML белгілеу тілі мен Allaire HomeSite 4.5 HTML-редакторы қолданылған. Интерактивті ақпараттық жүйе, Perl тілінде жазылған CGI-сценарийлерінің пакетін көрсетеді. Perl тілінің әмбебаптығы, оның компиляторды қажет етпейтіндігінде, себебі оның интерпретаторы бар. Сондықтан, Perl POSIX (Portable Operating System Interface) стандартына сәйкес келмейтін жүйеде де жүйелік бағдарламалау үшін қолданылады.
Perl тілінің келесідей артықшылытарын да айтып өткен жөн: бір кездерде Perl тілінде жазылған бағдарламалық өнім кез-келген операциялық жүйеде жұмыс істей беретін болады.
Интерактивті ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі үшін ол Web-серверде орналасуы қажет. Осы дипломдық жобада ұсынылған «қашықтықтан оқыту» ақпараттық жүйесін жасау кезінде Windows-қа арналған apache_2.0.48 Web – сервері пайдаланылды.


    1. 1.4 Дипломдық жобаға қойылатын талаптар


Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту қарқынмен дамуда. Қашықтықтан оқытудың көптеген дұрыс жақтары, басымдылығы бар. Ол: уақытқа қарамастан қашықтықтан оқу мүмкіндігі, оқу қорларына тез қосыла алу және т.б. Қашықтықтан оқытудың Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызы бар, себебі, оқушылар оқу орталығынан әлдеқайда алыста болуы мүмкін. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытудың технологиялық ауқымның маңызы зор. Қазіргі


сәтте WWW (World Wide Web) технологиясы тез дамып келеді, бірақ мәліметтер беру жылдамдығы оған қарағанда төмен. Сондықтан, анағұрлым қарапайым, бірақ қашықтықтан оқыту қызметін орындайтын жүйе құру қажет.
Дипломдық жобада қашықтықтан оқыту жүйесіне қажет бағдарламалық қамтуду жүзеге асыру қажет.
Осы дипломдық жобада Web-технологиялары негізінде қашықтықтан оқыту ақпараттық жүйесінің міндеттері қойылады. Оның құрамында төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
а) ҚО жүйесін жүзеге асыратын модульдерді әзірлеу, оның құрамы:

      1. оқу контенті;

      2. білімді бақылау жүйесі;

      3. көмек жүйесі;

      4. кері байланыс жүйесі.

ә) тиімді жылдам навигациялы интерактивті сайт құру.
б) flash-анимацияны пайдалана отырып, көркемді сайт құру.
в) осы жобаның құрамында алыстан оқитындарды сәйкестендіру жүйесін

құру.

г) бағдарламалық компоненттерінің көлемін азайту міндеттері қойылады. Жобада қашықтықтан оқыту ақпараттық жүйесін енгізудегі экономикалық



тиімділік есебін жүргізу, сонымен қатар, өтелу мерзімін есептеу қажет.
Еңбекті қорғау мәселесінде: қауіпті және зиянды факторларды талдау, қашықтықтан оқытудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғау шаралары қаралады.
Біз қарастырып отырған Web-технологиядағы ҚО ақпараттық жүйесі оқу- әдістемелік материалдарды (оның ішінде қазақ тіліндегі электронды оқулықтар), тіркеу, кері байланыс, сонымен қатар интерактивті on-line тестілеу түрлерін қамтиды. Бұдан да басқа қазақ тілі драйверін қолдау қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет