Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


АРНАЙЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ



бет4/17
Дата18.06.2022
өлшемі0,7 Mb.
#37021
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2. АРНАЙЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
RATІONALROSE АСПАБЫМЕН ЖҰМЫС 47
2.1 Прецеденттер диаграммасы 49
2.2 Тізбектер диаграммасы 51
2.3 Кооперация диаграммасы 52
2.4 Кластар диаграммасы 53
2.5 Күй диаграммасы 55
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 56
3.1 Web-технологиясындағы «қашықтықтан оқыту» интерактивті ақпараттық жүйені әзірлеудің техникалық-экономикалық негіздемесі 56
3.2 Экономикалық есептер 57
4. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ 64
4.1Қауіпті және зиянды факторларды талдау 64
4.2 Қорғау шаралары 65
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ 79
  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ




    1. 1.1 Қашықтықтан оқытудың тұжырымдамалық негіздері

Соңғы жылдары қашықтықтан оқыту (ҚО) компьютерлік телекоммуникация базасында анағұрлым сенімді түрде өзін көрсетті және одан әрі қолданыс құқын жеңіп алды.


Дәстүрлік жүйеге қарағанда, ҚО әрбір тыңдаушыға арналған жеке оқу траекториясын құруға және осы үшін анағұрлым қолайлы және жайлы тәртіпте құрылған ішкі және сыртқы ақпарат ортасына көңіл қоя отырып, одан өтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күндері ҚО-дың мынандай түрлері бар: екі жақты телетоптама бейне, оқу курстарын радио мен телевизиядан көрсетіп хабарлау, оқу материалдарын баспаның, бейне және аудиотаспа, компьютерлік бағдарламаның көмегі арқылы оқыту.
Күндізгі және қашықтықтан оқыту түрлерінің интеграциясы – 12 жылдық мектептер үшін болашағы барынша шындыққа сай келеді. Сондықтан, ең алдымен ұғымды нақты анықтап алудың маңызы зор. Негізінен, қашықтықтан оқыту білім беру қызметінің кешені деп түсіндіріледі, ол тұтынушы үшін білім беру мекемесінен кез-келген қашықтықта құрылған арнайы ақпараттық-білім беру ортасының көмегі арқылы беріледі. Яғни, ҚО – оқытушы мен оқушы кеңістік арқылы бөлінген, қашықтықта оқыту.

      1. Қашықтықтан оқыту және білім беру туралы ұғым. Қашықтықтан оқыту мен білім беру туралы айта отырып, ол екеуінің арасында белгілі бір айырмашылық жүргізу керек. Оқыту – бұл мақсатқа сай бағытталған, жүйелі түрде ұйымдастырылған біліммен, ептілікпен және дағдымен қаруландыратын үдеріс, ал білім беру – бұл оқыту қорытындысы, жеке тұлғаны тәрбиелеу және оны дамыту.

Қашықтықтан оқыту (ҚО) күндізгі және сырттай оқумен қатар білім алу түрі болып табылады, мұндай кезде білім беру үдерісінде компьютерлік және телекоммуникация технологиясында негізделген ең үздік дәстүрлі және жаңартпалық әдістер, оқу құралдары мен түрлері қолданылады.
ҚО кезінде оқушының мақсатқа сай бағытталған және бақыланатын қарқынды жеке жұмысы білім беру негізін құрайды, оның арнайы оқу құралдарының жиынтығы мен оқытушымен, телефонмен, электронды және қарапайым пошта арқылы, сондай-ақ күнделікті хабарласуға келісілген мүмкіндігі бола тұра, өзіне қолайлы уақытта жеке кесте бойынша оқуына болады [1].
ҚО оқыту объектілері мен субъектілерінің арасындағы және оқу құралдарымен өзара әрекетінің мақсатқа сай бағытталған интерактивті, асинхронды үдерісін көрсетеді, мұнда оқу үдерісі қашықтықта орналасуына индифферентті болып табылады. ҚО білім беру жүйесінде гуманистік принципке
жауап береді, осыған сәйкес жоқшылықтың, географиялық немесе уақытша оқшаулану, әлеуметтік қорғалмау, өндірістік және жеке жұмысынан босай алмау немесе физикалық кемшіліктер салдарынан білім беру мекемелеріне барып оқу мүмкіндігінен ешбір адам айырылмайды. Басқа білім беру түрлерінің ең жақсы жақтарын таңдай отырып, ҚО – болашағы зор, синтетикалық, гуманистикалық және интегралдық білім алу түрі болып табылады.
Түрі жағынан күндізгі және сырттай білім беру аралығында орын ала отырып, қашықтықтан оқыту алғашқы екеуіне ұқсамайтын мүлде ерекше құбылыс. Арнайы әзірленген мұқаба жеке оқуға, оқу жоспарына сәйкес барлық ақпараттық қолдауды, тестілеуге, өз бетінше тест өткізуге, қорытынды бақылау іс-шараларының жүйесін және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құралдардың толық жиынтығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін, құрылған компьютерлік технологияның әртүрлілігін ескерсек, онда құралдар жеткілікті. Бұл жерде тәсілдерді стандарттау қажеттілігінің де аз уақытта туындайтындығы белгілі.
Бұдан әрі, қашықтықтан оқытуды білім берудің жаңа түрі ретінде айтып, қонымды қорытынды жасайтын болсақ, онда бұл жүйеде оқытушы мен оқушыдан басқа оқулық, оқу құралдары, яғни осы жүйенің құрамдас бөлігі ретінде оқыту құралдары болуы тиіс. Осыдан қашықтықтан оқыту жүйесі үшін арнайы курстар (оқулықтар) дайындауға күрделі де ғылыми көзқарастың қажеттілігі туындайды. Шынында да, бұл жағдайда негізінен электронды, бірінші кезекте желілік оқыту құралдары туралы сөз болып отыр. Сонымен, айтылған түйіндер қашықтықтан оқыту технологиясын таңдау кезінде зор ықпал етеді. Сөйтсе де, мұнда күндізгі оқу түрін қашықтықтан оқытуға ауыстыру туралы емес, белгілі бір жағдайда пайдалануға болатын басқа оқу түрі туралы сөз болып отыр. Бұл базалық немесе тереңдетілген, жан-жақты тереңдетілген деңгей немесе қосымша білім беру болуы мүмкін.
ҚО білім берудің басқа құралдарын, әдістерін, ұйымдастыру түрлерін, оқушы мен оқытушы арасындағы өзара әрекеттің басқа түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар, кез-келген оқу түрлері сияқты, оның да құрамдас бөлігі сондай: барлық оқу түрлеріне арналған әлеуметтік тапсырыспен негізделген мақсаты; көптеген жерде анықталған, оқу орындарының нақты бір типтеріне арналған бағдарламалармен қолданылатын әдістер мазмұны; ұйымдастыру түрлері; оқу құралдары.
Сондай-ақ, білім беруді жүйе және үдеріс ретінде қарасақ, онда «оқу- тәрбие жүйесі» және «оқу-тәрбие үдерісі» ұғымдарын ажырата білген жөн. Біріншісі, ғылыми және технологиялық жобалауды әзірлеу мен құрастыру тәртібіне байланысты. Екіншісі – дайындалған жүйені оқу мен тәрбие берудегі нақты тәжірибеде пайдалануға байланысты. Оқыту үдерісі оқу-тәрбие үдерісінің мәні болып табылады, ол бірінші кезекте, өз ұйымындағы интерактивтілігімен,
яғни оқушы мен оқытушының және оқушылардың өзара әрекет етуімен сипатталады.
Демек, қашықтықтан оқыту үдерісі туралы айтқан кезде бұл үдеріске қатысатын оқушы мен оқытушының, олардың қарым-қатынаста болуын шамалап айтамыз. Мұнда қашықтықтан оқытудың бейнетаспадағы автономды курстармен, телеарна мен радио курстарымен, компьютер бағдарламаларымен, компакт-дискілердегі бағдарламалармен жұмыс кезінде болатын жүйе мен өз бетінше білім алу бағдарламасынан принциптік айырмашылығы, тұжырымдамалық өзгешелігі келтірілген. Осы қатарда оқушы мен оқытушы арасындағы өзара әрекеттер қарастырылмаған желілік бағдарлама, курстар және т.б. негізінде өз бетінше білім алу үдерісін қарастыру керек. Мұндай жағдайда
«қашықтықтан» терминін қолдану дұрыс болмайды, себебі, әртүрлі түрдегі ақпараттық-білім беру қорларымен және бағдарламамен оқитын кез-келген оқушының өз бетінше жұмысы туралы (бұл сөздің кең ұғымдағы түсінігі) сөз болып отыр. Қашықтық деген ұғым оқушы мен оқытушы өзара белгілі бір ара қашықтықпен бөлінген және оқу үдерісіне өзара қарым-қатынастың ерекше нысанын енгізетін оқу түріне қолданылады [1].
Қашықтықтан оқыту, кейбір авторлардың айтуынша, сырттай оқыту элементтерін, сонымен қатар қосымша ақпарат беру қызметін көрсеткені үшін төлем төленетін жағдайларды ауыстыру (тапсырманы қайта жіберу және т.б.) негізінде оқу әдістемелеріне жатқызылады.
Бірақ, сырттай оқуды қашықтықтан оқытумен шатастыруға болмайды, себебі, қашықтықтан оқыту кезінде, оқушы мен оқытушы арасында ғана емес, сондай-ақ оқытудың негізгі мазмұны қай түрінде орналасқандығына қарамастан (желіде немесе CD-дискіде) оқушылар арасындағы жүйелі және тиімді интерактивтендіру қамтамасыз етіледі. Өзара әрекет ету компьютерлік телекоммуникация негізінде жүзеге асырылады. Мұнда оқу-тәрбие үдерісінің барлық белгілері (мұғалім, оқулық, оқу құралы, тиісті оқыту әдісі және ұйымдастыру түрлері) беріледі, сырттай оқу түрі туралы айтуға болмайды. Қазіргі уақытта өз бетінше жұмыс істеу түрлеріне қойылатын екпін қашықтықтан ғана емес, сырттай және күндізгі оқу түрлеріне де басымды деп есептеледі. Бұрын әрекет еткен, мәні жағынан сырттай оқытатын ашық университеттер қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту түріне көп көңіл бөледі.
Сондықтан, біз қашықтықтан оқытуды жаңа оқу түрі ретінде қарастырамыз, қашықтықтан оқыту (білім беру қорытындысы, жүйе ретінде) – білім берудің жаңа түрі. Осыдан, жаңа оқу түрі басқа оқу түрлері мен жүйесінен оқшау және толығымен автономды болуы мүмкін емес екендігін атап өткен дұрыс. Қашықтықтан оқыту мазмұны бірдей күндізгі оқу түрі сияқты (егер ол тиісті білім беру бағдарламасы бойынша құрылса) мақсаттарға сәйкес құрылады. Бірақ, оқушы мен оқытушы арасындағы материал беру, өзара қарым-қатынас түрлері басқаша болады.
ҚО ақпараттық жүйесін әзірлеу және жасау жаңа оқу құралдарын құруға қарағанда күрделірек. Себебі, бұл жүйе жаңа ақпараттық ортадағы мұғалім және оқушының арасындағы іс-қимылын нақты зерттеліп құрылады. Оқыту үдерісі әзірленген жүйенің оқушы мен оқытушының бірлескен жұмысында пайдаланылуын қарастырады.
Жоғарыда айтылғандарды қарастыра отырып, жеке жоғары оқу орындары, мектептер, білім беру серверлерінің талпыныстарын, әзірленген дәстүрлі курстарды электронды түрге ауыстыру және оларды электронды пошта арқылы тұтынушыларға қайта жіберілетіндігін атап өткен дұрыс. Мұндай ұйымдастыруды қашықтықтан оқыту деп айтуға болмайды, себебі, алдында болғандай, оқыту телевизиясы, радионы пайдаланған кезде дидактикалық құрамы мен компьютерлік телекоммуникация қызметі, бірінші кезекте, оның интерактивтігі, ең бастысы, оқу үдерісінің дидактикалық маңызы ескерілмейді.
Педагогикалық жобалау кезеңін айта отырып, қашықтықтан оқытудың жетістіктері көбіне оқу материалдарын ұйымдастыруға байланысты. Егер курс (электронды оқулық) шынымен оқуға, яғни оқушы мен оқытушының өзара әрекетіне арналған болса, онда осындай курсты ұйымдастыруға қойылатын талаптар, мазмұнын таңдау және оны ұйымдастыру принциптері, материалдарды құрылымдау олардың өзара әрекет ету ерекшеліктерімен анықталады. Курс өз бетінше оқуға (мұндай курстар Интернет серверінде жиі кездеседі) арналған болса, онда материал таңдау және құрылымдау, ұйымдастыру басқаша болады.
Қашықтықтан оқытудың қандай курстары талап етілетіндігін білген өте маңызды. Осындай мақсатқа бұл курстардың нақты ойластырылған типологиясын білу қажет. Мұндай типологияны әртүрлі белгілеріне қарай жүргізуге болады: оқыту мақсаты бойынша; оқу пәндеріне қарай; пән саласының ерекшеліктері бойынша; оқушылардың дайындық деңгейіне қарай; оқушылар жасының бағдары және пайдаланылатын технологиялық база және т.б. бойынша. Әрине, курстарды әзірлеу кезінде әлеуметті оқушылардың жасына нақты бағдарлауды ескеру қажет. Курсты баяндау, көркемдеу стилі, мазмұнын, тапсырманы таңдау, оқу үдерісінің барлық ұйымдасуы оқушылар жасының ерекшеліктерімен анықталады.
«Қашықтықтан оқыту» терминін пайдалану осы бірыңғай екі қызметке тән негізгі белгілерін айқын көрсетеді, атап айтқанда, бағдарламамен ғана емес, мұғаліммен және басқа оқушылармен интерактивті өзара қарым-қатынас.
ҚО-дың кез-келген түрінің тиімділігі төмендегі құрамдармен анықталады:

  • нақты ара қашықтықта бөлінген оқытушы мен оқушының өзара тиімді әрекет етуін ұйымдастыру;

  • қолданылатын білім беру технологиясының сапасы;

  • оқу материалдарын құрылымдық ұйымдастыруы;

  • әзірленген әдістемелік материалдардың, оларды жеткізу тәсілдері мен іске асыру әдістерінің тиімділігі;

  • кері байланыс пен білімді бақылау жүйесінің тиімділігі.

Кері байланыс жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру 1.1-суреттегі тәсілде көрсетілген. Кері байланыс бақылау кезінде ғана емес, білімді меңгеру үдерісінде жүзеге асады, ол оқушыларға осы үдерістің барысы туралы объективті деректер береді. ҚО жүйесінің мақсатты параметрлеріне мыналар жатады: дәстүрлі білім беру жүйесімен салыстырғанда бір оқушыға шығатын үлес шығынын қысқарту; оқуға берілген мүмкіндіктерді шамамен жылына 1,5 млн. адамға көбейту. Басқаруға жатпайтын параметрлерге мыналар жатады: оқу жабдығының сипаттамасы мен оның құны; нақты бір әлеуметтік топқа жататын азаматтардың өмір сүру деңгейі; оқушылар мен басқаларға оқу құралдарын жеткізу үшін техникалық құралдардың сипаттамасы мен құны.




    1. сурет – Оқу үдерісін ұйымдастыру параметрлері

Желіде оқыту технологиясының әдістеріне жеке тоқталған жөн. Бұл жағдайда оқыту технологиясы дегеніміз оқушылардың белгілі бір тізбекпен ұйымдастырылатын, қолданылатын оқу әдістерінің ерекшеліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп танылатын қызмет логикасына сәйкес келетін әрекеттерінің, тәсілдерінің жиынтығы. Жоғарыда атап өткендей, желідегі оқу үдерісі жеткілікті түрде тиімді болуы үшін ақпараттық қорлар мен Интернет желісі қызметінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоспарланған оқу жүйесі құралдарының электронды оқулықтарын ғылыми негіздеп, дидактикалық ұйымдасқан түрде жобалауды қамтамасыз етіп қана қоймай, оқу үдерісінің арнайы, интерактивті ұйымдастырылуын, оқу әдістері мен технологиясын әзірлеу қажет [2].



      1. Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері. ҚО оқу үдерісінің ерекше белгілері: икемді, бейімді, модульді, экономикалық тиімді, тұтынушыға бағдарлау, сыртқы және ішкі коммуникативтік және ақпараттық технологияға демеу болуы.

Икемділігі. Оқушы негізінен алғанда, лекция, семинарларға үнемі қатыса бермейді. Әрқайсысы курсты, пәнді меңгеру және таңдаған мамандығы бойынша қажетті білім алу үшін өзіне қаншалықты керек болса, соншалықты оқиды.
Модульділігі. ҚО бағдарламасының негізіне модульдік принцип салынады. Оқушы меңгерген жеке пән немесе кейбір пәндердің әрқайсысы нақты бір пән аумағындағы түсінігін қалыптастырады. Бұл дербес оқу курстарының жиынтығынан жеке немесе топтың мұқтаждығына жауап беретін оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Қатарластығы. Оқу негізгі кәсіби жұмысы мен оқуды қатар, яғни
«өндірістен қол үзбей» жүргізілуі мүмкін.
Қашықтықтан әсері. Оқушының тұрған орны мен білім беру мекемесінің (байланыстың сапалық жұмысы болған жағдайда) қашықтығы тиімді білім беру үдерісі үшін кедергі бола алмайды.
Асинхрондылығы. Оқушы немесе оқытылатын адам оқу процесінде уақытқа қарамастан, яғни, әрбір сабақ кестесі мен ыңғайлы қарқын тиімділігі бойынша оқу мен үйрену технологиясын жүзеге асыра алады деген деректі білдіреді.
Қамтуы. Бұл ерекшелікті кей жағдайларда «бұқаралық» деп атайды. ҚОЖ- да оқитындардың саны шартты параметр болып табылмайды. Олар көптеген оқу ақпараттарының (электронды кітапхана, мәлімет базасы) деректеріне кіре алады, сондай-ақ байланыс желісі немесе басқа да АТ құралдарының көмегімен бір- бірімен және оқытушымен сөйлесе алады.
Рентабілділігі. Бұл ерекшелігі ҚО-дың экономикалық тиімділігін көрсетеді. ҚО-дың шетелдік және отандық білім беру жүйесіндегі орташа бағасы, негізінен, қолданыстағы АТ техникалық құралдары мен оқу жайларын неғұрлым тиімді пайдалану, сонымен қатар, көптеген оқушылар мен басқа факторларға ҚО технологиясының бағалануы мен оқу материалдарының анағұрлым жинақталған және сәйкестендірілген мазмұнын беру есебінен шамамен 10-50%-ға арзанырақ болатындығын көрсетеді.
Оқытушы. Оқытушының жаңа рөлі туралы сөз болып отыр, оған таныту үдерісін үйлестіру, оқытатын курсына түзетулер енгізу, кеңес беру, оқу жобаларына жетекшілік ету және т.б. сияқты қызметтер жүктеледі. Оқушылармен өзара қарым-қатынасы, негізінен, пошта немесе байланыс жүйесі арқылы асинхронды жүзеге асырылады. Күнделікті байланыс жасап тұруға да рұқсат етіледі.
Оқушылар. Оқушының жаңа рөлі немесе ҚО жүйесіндегідей айтқанда, тыңдаушы. ҚО-дан өту үшін, одан тек өз бетінше ұйымдастыру, еңбекшіл болу және білім алудың белгілі бір бастапқы деңгейінің болуы талап етіледі.
ЖАТ (Жаңа ақпараттық технологиялар). Қашықтықтан оқыту жүйесінде ЖАТ (компьютерлік, аудио- және бейнетехника, телекоммуникация құралдары мен жүйелері және т.б.) пайдаланылады [3].

      1. ҚО-дағы Интернет-технологиялар. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық, ақпараттық және компьютерлік технологияны, бірінші кезекте, ғаламдық Интернет желісінің технологиясын кеңінен пайдалану білім

беру жүйесін (жоғарыда айтылғандай) дамытуда болашағы зор бағыттарының бірі болып табылады.
Материалдарды гипермәтіндік түрде ұсыну, әртүрлі өңір мен елдерде орналасқан ақпаратқа шұғыл қол жеткізудің қолайлығы мен икемдігі, жоғары деңгейде шұғыл жаңарту мен интернет-технологияның басқа жетістіктері көптеген ЖОО-да практикаға тез арада енгізуге мүмкіндік береді (1.2сурет).
Халықаралық Internet желісі білім беру жүйесін құруға үлкен мүмкіндіктер береді. Анағұрлым арзан, сенімді де кең тараған қашықтықтан оқыту және тест жүргізуді ұйымдастыру үшін неғұрлым үлкен мүмкіндіктер. Internet бірнеше типті сервистерді ұсынады, олардың базасында қашықтықтан оқытуды қолдау жүйесін орнату мүмкіндігі бар [4].



    1. сурет – Оқытушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту тәсілі Интернеттің базалық дидактикалық құрамы:

  • ақпарат берудегі жоғары жылдамдық;

  • интерактивтікті қамтамасыз ететін телекоммуникацияның екі жақты сипаты;

  • гипермәтінмен және мультимедиамен жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • күрделі құрылымдық ақпаратпен жұмыс кезінде дұрыс қатынас интерфейсін қамтамасыз ету болып табылады.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін неғұрлым ыңғайлы WWW жүйесі болып табылады. Бұл технология негізіне гипермәтін ұғымы енгізілген.
WWW Internet арқылы қол жететін оқу жүйесінің төмендегідей спектрін құруға мүмкіндік береді:

  • интерактивті оқулықтар және оқу құралдары;

  • жасырын біліктілігін тексеру және сынау тестілері;

  • қашықтықтан оқытатын студенттерге арналған тестілер мен емтихандар;

  • оқытушы-студент кері байланысын ұйымдастыру.

WWW мәтіндік, кескіндік, дыбыстық және бейне материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Java және Java-script тілдерін пайдалану желі бойынша жүктелетін қосымшалар құруға мүмкіндік береді, ол бағдарламалық қамсыздандыруды жаңарту мәселесін алып тастайды. Java-ның ауыспалылығы шығыс кодына өзгеріс енгізбестен әртүрлі тұғырнамадағы оқу бағдарламасының түзету жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Жалпы Web құжаттарды рәсімдеуге творчествалық көз қараспен қарауға тәжірибе жүзінде сирек кездесетін мүмкіндіктер береді. Оқушы материалдардың кез-келген қолайлы түрін таңдауына болады. Ол фотосурет, кескіндеме, сурет, мәтін, бейнеүзінді және т.б. болуы мүмкін.
Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі зертханалық практикумды жүзеге асыру неғұрлым көп еңбекті талап ететін және аса түсінікті емес міндет болып отыр. Бұл техникалық университеттер үшін аса маңызды.
Тривиальдан зертханалық практикумнан басқа болуы мүмкін шешімдер:

  • нақты экспериментті ауыстыратын еліктеме модельдеуін пайдалану;

  • эксперимент қорытындысына алыстау қосылысты жүзеге асыру;

  • эксперимент жүргізуге алыстан қосылысты жүзеге асыру.

Еліктеме модельдеу кез-келген зертханалық экспериментті аз шығын шығара отырып, тәжірибе жүзінде үлгілеуді аппаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зертханада зерттелетін үдерісті компьютермен іске асыру әдістемелік ұғымда неғұрлым толық және дұрыс болады.
Бірақ, болып жатқан дұрыс емес психологиялық сезінуден басқа, еліктеме модельдеудегі барлық бар мүмкіндіктерді үлгілермен ауыстыру мүмкін емес эксперименттер қалады, олардың қорытындысын әдейілеп алдын-ала қателестірмейді.
Мұндай жағдайда нақты экспериментке қосылу қамтамасыз етілуі тиіс. Анағұрлым қарапайым түрі – эксперимент қорытындысына алыстан қосылыс. Осы түрі негізінде зертханалық жұмыс қарапайым (күндізгі) түрде жүргізіледі, ал эксперимент деректері Internet-ке нақты теориялық материал, зертханалық стендтің сипаттамасы, бақылау сұрақтары, әдебиеттен және т.б. тұратын тиісті Web-парағына жіберіледі.
Зертханалық практикумға осылай қатысуды «қадағалау» тәртібі деп атауға болады. Экспериментке неғұрлым белсенді түрде қатысу үшін экспериментті алыстан басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

      1. Қашықтықтан оқытудың даму болашағы. Қоғамның ақпараттандыру және білім беру объективті үдерісінің салдары бола тұра және басқа білім беру түрлерінің ең жақсы жақтарын таңдай отырып, ҚО ХХІ ғасырға анағұрлым болашағы зор, синтетикалық, гуманистикалық, интегралдық білім алу түрі болып еді.

Компьютерлік телекоммуникация базасында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде олардың дидактикалық құрамы мен қызметін біліп қана қоймай, кем дегенде жақын уақыттағы даму болашағын білген маңызды.
ҚО жүйесін әзірлеу кезінде жүйенің эргономикасы туралы ұмытпай, тараудың бұрышына материалдың ең жоғарғы көркем де қол жетімділігін көрсете отырып, болашақтағы бүкіл әзірлемелерін ескеру қажет. Сонымен қатар Қазақстанның ерекшелігін де ескеру керек. Экономикалық факторларға қарай компьютерлік техника мен ғаламдық желі саласындағы әзірлемелердің бәрі бірдей біздің елде тез және жан-жақты таралмайды. Компьютерлік техника паркі бірдей болмайды. Осыдан ҚО курстарын әзірлеу мен ұйымдастырудың тағы бір ерекшелігі байқалады – компьютерлік технологияның барлық жетістіктеріне жауап беретін шағын түрінен бастап қазіргі заманға сай түріне дейінгі пайдаланушылардың жабдықталуының әртүрлі деңгейін есепке алу [5].
Қазіргі кезеңде ең озығы деп ғаламдық желі арқылы ақпарат алудың келесі тәсілдері есептеледі: серверде кескіндеме және дыбыстық файл мәтініне байланысты гипермәтіндік құрылымы бар ақпарат орналастырылады. Пайдаланушыдан өтінім ала отырып, сервер күнделікті гипермәтіндік бетте болатын ақпаратты қайта жібереді, сосын бағдарлама–клиент артынша мәтінге кескіндік және дыбыстық файлды қосады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет