Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Техникалық құралдардың сипаттамасы



бет8/17
Дата18.06.2022
өлшемі0,7 Mb.
#37021
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

1.5 Техникалық құралдардың сипаттамасы


Мекемеде Web-құжаттар түрінде оқу ақпараттарынан тұратын қашықтықтан оқытатын, білім беру Web-сервері болған жағдайда Интернет желісіне (немесе жергілікті Intеrnet оқу желісіне) қосылған компьютерлік кластарда желілік технологияны пайдалану мүмкіндігі туындайды. Ұйымның немесе білім беру мекемесінің мөлшеріне, сонымен қатар білім беру үдерісі қандай түрде құрылуы тиістігіне қарай және осыларға сәйкес желі мен есептеу техникасының неғұрлым тиімді құрылымы таңдап алынуы тиіс.


Төменде есептеу техникасы мен компьютерлік желінің негізгі сипаттамасын және оларды ұйымдастыру топологиясын қарастырамыз.
    1. 1.6 Есептеу техникасы мен есептеу желінің негізгі сипаттамасына қойылатын талаптар


Есептеу техникасына қойылатын негізгі талаптарды атап өтейік:



  • есептеу жылдамдығы;

  • қолдануға қолайлығы;

  • сенімділік;

  • қауіпсіздік;

  • бағасы.

Көптеген жағдайда осы талаптарға дербес компьютер де жауап береді. Желіге қойылатын басты талаптар желінің негізгі қызметтерін –
тұтынушылардың бір желіге біріктірілген барлық компьютерлердің бөлінетін қорларына қосылудың әлеуметтік мүмкіндіктерінің қамтамасыз етілуін орындау болып табылады.
Басқа қалған талаптар – өндірістілік, сенімділік, қоса атқарушылық, басқарушылық, қорғанушылық, кеңейту және бағытталу – осы негізгі міндеттерді орындау сапасына байланысты.


    1. 1.7 Компьютерлік желіні құру принциптері


Компьютерлік желі – ол аралықтағы қандай да бір ақпарат тасушыны пайдаланбастан желідегі компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін компьютерлік және әртүрлі құрылғылардың жиынтығы.


Компьютерлік желінің барлық түрлерін келесідей топтастыруға болады:

  • аумақтық таралу;

  • ведомстволық тиістілік;

  • ақпарат беру жылдамдығы;

  • хабар беру ортасының типі.

Желінің аумақтық таралуы бойынша жергілікті, ауқымды және өңірлік болып бөлінеді. Жергілікті – ол 10 м2 астам аумақты қамтитын желі, өңірлік – қала немесе аудан аумағында орналасқан, ауқымды – мемлекеттің немесе мемлекет топтарының аумағында орналасқан желіні қамтиды, мысалы, Интернет дүние жүзілік желісі болып табылады.
Тиістілігіне қарай, ведомстволық және мемлекеттік желі болып бөлінеді. Ведомстволық бір ұйымға жатады және оның аумағына таратылады. Мемлекеттік желі – мемлекеттік құрылымда пайдаланылатын желі.
Ақпараттың берілу жылдамдығына қарай желі төменгі, орташа, жоғарыжәне өте жоғары жылдамдықты болып бөлінеді.
Хабар беру ортасының түріне қарай инфрақызыл аумақта радио арна бойынша ақпарат бере алатын коаксиалды желі, оралмалы жұп, оптикалы
талшықтарға бөлінеді. Компьютерлер әртүрлі желі топологиясын (жұлдызды, дөңгелектік, орамды және т.б.) құра отырып, кабельдерді қосады.
Компьютерлер желісі мен терминал желісін (терминалдық желі) ажырата білу қажет. Компьютерлер желісі компьютерлерді байланыстырады, олардың әрқайсысы автономды түрде жұмыс істей алады. Терминал желісі күшті компьютерлерді (майнфреймы), жеке жағдайларда ДК-ны құрылғылармен (терминалдармен) байланыстырады, олар күрделі болуы мүмкін, бірақ олардың желіден тыс кезде жұмысы мүмкін емес, немесе тіптен мағыналы болмайды. Мысалы, банкомат немесе әуе билеттерін сату кассасының желісі. Олар компьютерлік желіден мүлдем өзгеше принцип бойынша, тіпті, басқа есептеу техникасында құрылады.
Желі топтамасында екі негізгі терминдер бар: LAN және WAN.
LAN (Local Area Network) – қызметті жеткізушілерге шыққанға дейін тұйықталған инфрақұрылымы бар жергілікті желі. «LAN» термині шағын офистік желіні де, бірнеше жүздеген гектарды қамтитын үлкен зауыт деңгейінің желісін де сипаттайды. Шет елдік қорлар жақын баға береді – радиусы бойынша алты миль шамасында (10 км); жоғары жылдамдықтағы арнаны пайдалану.
WAN (Wide Area Network) – жергілікті және басқа да телекоммуникация желісі мен құрылғыларды қосатын үлкен географиялық аумақты қамтитын аумақты желі. Мысалы, WAN – желісі пакеттерді коммутациялай (Frame Relay) отырып, ол арқылы әртүрлі компьютерлік желі өзара «сөйлесе» алады.
Мұндай есептеуіш желілерді біріктіру көмегімен көпжелілік иерархияларды құруға болады [15]. Бұл үлкен ақпараттық массивтерді өңдейтін күшті және экономикалық мақсаттарға сай құралдарды және шектелмеген ақпараттық қорларға қосылуды қамтамасыз етеді. 1.9-суретте есептеуіш желілердің мүмкін болатын иерархиясы келтірілген.



    1. сурет – Компьютерлік желілердің көпжелілік иерархиясы

Мұндай иерархияда жергілікті есептеуіш желілер ауқымды желілердің компоненттері ретінде құрамына кіреді, сондай-ақ ауқымды желілер өз бетінше күрделі құрылымдарды құруы мүмкін.


«Компьютерлік желі» термині бірнеше желіні біріктірілуін белгілеу үшін әдебиетте қолданылады, олардың әрқайсысы техникалық, бағдарламалық және ақпараттық прициптерде құрылуы мүмкін.
Жоғарыда қарастырылған желі түрлері желінің жабық типі болып табылады, оларға қосылуға осындай желіде жұмыс істеу кәсіптік қызметіне тікелей байланысты пайдаланушылардың шектелген тобына ғана рұқсат беріледі. Ауқымды желі кез-келген пайдаланушыға қызмет көрсетуге бағытталған. Компьютерлерді коммутациялау тәсілдері: порт арқылы (1.10 сурет), желілік карта арқылы (1.11 сурет) және телефон желісі арқылы (1.12 сурет) қосылуын төмендегі суреттерде қарастырамыз.
Негізінен дербес компьютерлерді ғылым, техника және өндіріс салаларында қолдану тәжірибесі, есептеуіш техниканы енгізудің үлкен тиімділігін дербес компьютер емес, олардың негізінде құрылған жергілікті есептеуіш техника қамтамасыз ететіндігін көрсетті.
Компьютерлік жүйелердің негізінде құрылған ақпараттық жүйелер келесі: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді өңдеу, қолданушының мәліметтерге қосылуды ұйымдастыру, мәліметтер мен қолданушының мәліметтерді өңдеу қорытындысын жіберу мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.



    1. сурет – Компьютерлердің порт арқылы коммутатициялау әдісі






    1. сурет – Желілік карта арқылы коммутатициялау әдісі



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет