Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 5.16 Kb.

бет15/19
Дата15.03.2017
өлшемі5.16 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

коэффициенттерін 
анықтау
 
 
Cпектрлік талдау 
(FREVIX) 
 
Жиіліктік ауқымды 
анықтау   
 
 Динамикалық және кинематикалық 
параметрлерді анықтау: амплитуда, 
жылдамдық 
 
Бүйірлік 
толқындар  
 
Канал 
толқындарының 1- 
модасы 
 
Коэффициенттердің кешенді 
талдауы 
Геологиялық интер-
претация және 
қорытынды беру 
 
Канал 
толқындарының 
2-модасы 
 
 

 
 185 
 
жүргізілді.  Кӛзбен  талдау  нәтижелері  мен  амплитудалы  спектрлер  негізінде 
канал  толқынының  бірінші  және  екінші  модасының  жиілік  ауқымы 
нақтыланады.    Қажет  болса,  нақтыланған  ауқымда  бастапқы  сейсмикалық 
жазбаларға қайтадан жолақтық сүзу жүргізеді және іс-шаралар қайталанады.     
Сейсмика-акустикалық  жарық  ӛткізу  әдісі  деректерін  ӛңдеуде  маңызды 
сатыларының  бірі  канал  толқынының  бірінші  және  екінші  модасының  бүйір 
толқындарының  динамикалық  және  кинематикалық  параметрлерін  анықтау, 
сонымен  қатар  канал  толқынының  бірінші  және  екінші  модасының  бүйірлік 
параметрлерінің  ӛзара  қатынасын  сипаттайтын  коэффициенттерді  есептеу 
болып табылады.   
Сейсмика-акустикалық  жарық  ӛткізу  әдісі  деректерін  ӛңдеудің  негізгі 
сатысы  әрбір  сейсмотрассаның  (сейсмикалық  сәуленің)  динамикалық  және 
кинематикалық  параметрлерінің  алынған  коэффициенттерін  кешенді  талдау 
және  әзірленген  критерийлер  негізінде  аномалия  аймақтарын  бӛлу  болып 
табылады. Бұл саты үшін біліктілігі жоғары тәжірибелі инженер-интерпретатор 
талап етіледі.     
Соңғы 
сатыда 
бӛлінген 
аномалия 
аймақтарының 
геологиялық 
интерпретациясы жүргізіледі. Осыған орай қолданыстағы (болжам) барлық тау-
кен геологиялық ақпарат кӛлемі пайдаланылады.    
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандардан,  канал  толқынының  екінші  модасы 
сейсмика-акустикалық жарық ӛткізу кезінде қаттың жартылай қуатына дейінгі 
амплитудамен  бұзылу  арқылы  «нашар»  ӛтетіні  кӛрінеді.  Бұдан,  ол  (екінші 
мода), бірінші модаға қарағанда осындай бұзылулардан «жақсы» кескінделеді.  
Сондықтан  шағылған  толқындар  модасында  аз  амплитудалы  бұзылулардың 
бӛліну  критерийлері  ретінде,  бірінші  және  екінші  модалар  үшін  алынған 
шағылдыру  алаңдарын  салыстыруға  негізделген  критерийлер  пайдаланылады.    
Бірінші  және  екінші  модалардың  тереңдік  қималарында  бір  мезгілде  бӛлінген 
шағылдыру  алаңдары  қат  қуатының  жартысынан  астам  амплитудамен  бұзылу 
аймақтарына  сәйкес  келеді.  Тек  екінші  мода  үшін  тереңдік  қималарында 
алынған  шағылдыру  алаңдары  қат  қуатының  жартысына  дейін  ығысу   
амплитудасымен бұзылу аймақтарына жатады.       
 
6.4  Кӛмір  жынысты  массивті  шахталық  сейсмика-акустикалық 
зерттеу әдістемесі және техникасы   
 
Сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу негіздемесі, жұмыс учаскесінің нақты 
міндеті,  геологиялық-геофизикалық  сипаттамасы,  технологиялық  мәселелері 
қойылатын шахта мәлімдемесі болып табылады.   
Шахталық  сейсмика-акустикалық  зерттеу  әдістемесі  негізінде  Украина 
ҰҒА УкрҒЗМИ әзірлеген әдістеме жатыр  [177, 178, 179]. 
Бірінші  алдыңғы  сатыда,  шахталардың  геологиялық  қызметімен  бірлесіп, 
таңдап  алынған  нысанда  болжау  міндеттері  нақтыланады.  Қолдағы  тау-кен 
геологиялық  ақпарат  талдауы  (кен  қазбаларының  зерттеу  ауданында 
орналасуы,  созылымдығы,  болжамдағы  бұзылулардың  типі  және  орналасу 
ықтималдығы) 
негізінде 
қойылған 
міндеттерді 
сейсмика-акустикалық 

 
 186 
 
әдістермен  шешу  мүмкіндігі  қарастырылады.  Оң  қорытынды  болған  жағдайда 
келесі  сатыға  кӛшеміз.  Екінші  сатыда  қаттың  берілген  учаскесінде  кӛмір 
жынысты  массивтің  сейсмогеологиялық  моделін  жасау  мақсатында 
геологиялық  ақпаратты  мұқият  талдау  жүргізіледі.  Осыған  орай  тау-кен 
қазбалары  қабырғаларының  суреттемелері,  тау  жыныстары  мен  кӛмірдің 
петрографиялық  және  петрофизикалық  модельдері  сипатталатын  зерттеу 
ауданында бұрғыланған ұңғымалардың геологиялық қималары пайдаланылады.  
Сейсмогеологиялық  модельдерді  салу  кезінде  жоғарыда  келтірілген 
критерийлер пайдаланылады.   
Қаттың тӛбесі мен топырағынан 
у 
қашықтықта түзілетін, қуаты Н
сл 
 > 0,1 
Н
у
  (Н
у
  –  кӛмір  қатының  қуаты)  сыйдырушы  тау  жыныстарының  қабаттары 
ескеріледі.  Тау  жыныстары  мен  кӛмірдің  акустикалық  және  тығыздық 
қасиеттері  қаттың  берілген  учаскесі  үшін  олардың  петрографиялық  және 
петрофизикалық сипаттамасы негізінде анықталады [190]. 
Сейсмогеологиялық  модельдерді  салғаннан  кейін,  қаттың  берілген 
учаскесіне  тән  канал  толқынының  Эйри  фазасының  параметрлері  П(f
э
,  V
э
,  λ
э

бағаланады.    
Келесі  кезеңде  жалпы  тереңдік  нүктесінің  шағылған  толқындар  әдісін 
бақылау жүйесінің параметрлерін таңдау және анықтау жүргізіледі.  Оларға:  Х 
қабылдау  адымы,  жарылыс  аралығы  ∆l  және  жою  (шығару)  –  жарылыс 
пунктынан бастап бірінші қабылдау нүктесіне дейін қашықтық. Параметрлерді 
таңдау және анықтау Украина ҰҒА УкрҒЗМИ әдістемесі бойынша жүргізіледі 
және берілген жұмыс үшін ерекше айырмасы болмайды. ∆х қабылдау адымын 
таңдау  кезінде,  ∆х  шағылған  толқындар  әдісін  қабылдау  шарттарын 
қанағаттандыру керектігін ескеру қажет.    
 ∆х 
шамасын  әдетте  байқарлық  жылдамдық  V
к 
және
 
пайдалы 
толқындардың кӛрінетін кезеңі бойынша бағалайды 
2
k
2
T
VK
х
Т







Шахталық 
сейсмобарлауда 
канал 
толқындарының 
дисперсиялық 
қасиеттеріне  байланысты,  әдетте  сейсмикалық  трассаларды  орап  ӛтушілер 
бойынша  шағылған  толқындар  пакеттерінің  топтық  корреляциясы  жүргізіледі 
(Гильберт-түрлендіру).  Бұл  ∆х шамасына қойылатын талапты тӛмендетеді.   
Келесі саты МDGB тіркеуші жүйені және шахта жағдайларында қосымша 
жабдықты  тікелей  дайындаумен  шектеледі.  МDGB  жүйесінің  негізгі  тіркеуші 
блоктары, ҚТ ережелері мен КСРО Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау 
әдістемелік  нұсқауына  сәйкес  желдетудің  таза  ағынында  дайындық  қазбада 
орнатылады.  Серпімді  тербелістерді  ӛршіту  және  тіркеу  үшін  диаметрі  45  мм 
шпурлар  кем  дегенде  2  м  тереңдікте  бұрғыланады.  Теориялық  және 
практикалық  қорытындыларға  сәйкес  [52]  шпурларды  қаттың  жоғарғы  немесе 
тӛменгі  бӛлігінде  (бұл  тек  қуатты  кӛмір  қаттарына  қатысты)    оның  қуатының 
ширек бӛлігінен кем болмайтын қашықтықта бұрғылау қажет.    
Шпурды  бұрғылау  бағыты  –  қатталу  бойымен.  ЖТН  ШТӘ  түсіру 
әдістемесі мынадай, - шпурлар геофондарды ӛлшеу үшін де, яғни орнату үшін 
де,  сондай-ақ  серпімді  тербелістерді  алу  үшін  де,  яғни  жарылыс  үшін  де 
пайдаланылады. Осы мақсат үшін  «Угленит» немесе салмағы 200 немесе 400 

 
 187 
 
грамм  нольдік  баяулатылған  12  ЦБ  типті  патрондар  пайдаланылады,  оларды 
шпурдың  забойлық
 
бӛлігіне  орналастырады.  Жарылыс  энергиясын  арттыру 
және дыбыстық толқын қарқындылығын азайту үшін шпурлардың гидро-сазды 
тығындамасы  қолданылады.  ЖЗ  зарядының  қажетті  салмағы  Украина  ҰҒА 
УкрҒЗМИ әзірлеген әдістемеге сәйкес есептеледі.   
Жару  жұмыстарын  әрекеттегі  нұсқаулықтарға  сәйкес  БЖЖ  шахта 
учаскесінің жарғыш шебері жүргізеді.    
Екі  компонентті  геофондар  да  шпурдың  забой  бӛлігінде  орнатылады, 
акустикалық  байланыс  жақсы  болуы  үшін  геофондар  сығылған  ауаның 
кӛмегімен  керіледі.  Геофондардан  шығатын  электр  сигналдары  сейсмикалық 
«бұрым»,  кабель  бойынша  MDGB  аппаратураның  тіркеуші  блогына  түседі.     
MDGB аппаратурасын сипаттау 5-тарауда келтіріледі.    
Шағылған  толқындар  әдістері  жалпы  тереңдік  нүктесінің  және  сейсмика-
акустикалық  жарық  ӛткізудің  түрленуінде  Украина  ҰҒА  УкрҒЗМИ 
әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.    
Келесі  сатысы  жоғарыда  толық  қарастырылған  ӛңдеу  мен  интерпретация 
болып  табылады.  Шағылған  толқындар  және  сейсмика-акустикалық  жарық 
ӛткізу  әдісінің  деректерін  ӛңдеу  мен  интерпретация  нәтижелері  тереңдік 
қималары мен түсіндірме жазба түрінде ресми қорытынды ретінде ресімделіп, 
шахтаға практикалық пайдалану үшін тапсырылады.   
 
6.5  Тәжірибелік-технологиялық  жұмыстар  нәтижелерін  жалпылау 
әдістері    
 
Шахталық  ӛлшеулер  к
1
  қабатының  42-  к
1
-В  қабатының  к

конвейерлік 
ӛнеркәсіп  штрегінде  тау-кен  жұмыстарына  кездеспеген  бұзылуларды  анықтау 
мақсатында жүргізілді (6.12-сурет).   
  Қуаты  3,6-4,85  м  к
1
  қабаты.  Қаттың  құлау  бұрышы  5-8
0
.  Қат  тӛбесі 
сазтаспен  немесе  құмайттаспен  берілген,  қат  топырағында  құмайттас  болады. 
Кӛмір күңгірт, кейбір учаскелері жартылай күңгірт.   
Зерттеулер  МDGB  цифрлық  ӛлшеу  жүйесін  қолдану  арқылы,  жалпы 
тереңдік  нүктесінің  түрленуінде  шағылған  толқындар  әдісімен  жүргізілді.  Екі 
компонентті  геофондарды  орнату  және  серпімді  тербелістерді  ӛршіту  қат 
қуатының  ширек  қашықтығында  оның  жоғарғы  шекарасынан  диаметрі  45  мм 
кем  дегенде  2  м  тереңдікте  бұрғыланған  шпурларда  жүзеге  асырылды. 
Тербелістердің ӛршуі шпурлардың сазды және гидротығындамасымен салмағы 
400 грамм 12 ЦБ патрондарының жарылуымен жүргізілді.   
Барлығы  -  139  шпур,  олардың  ішінде  131-і  геофондарды  орнату  үшін 
бұрғыланды.  Зерттеулер  серпімді  тербеліс  кӛздерін  80  м  қашықтыққа  шығару 
арқылы  жүргізілді.  Профиль  адымы  10  м  тең,  жарылыс  аралығы  –  10  м, 
қабылдау  базасы  110  м.  Әрбір  қабылдау  нүктесінде  толқындық  ӛрістің  екі 
компоненті тіркелді, Релея  (R) және Лава (L). Геофондарда жеке резонанстық 
жиілік  27  Гц  болады,  500  Гц  сызықтық  жиілікті  сипаттамаға  және  ашылу 
бұрышы шамамен 60

бағыттылық диаграммасына ие.   
 

 
 188 
 
 
1 – зерттеулер жүргізілген (а)  және сейсмика-акустикалық жұмыстардан кейін 
жүргізілген тау-кен қазбалары  (б); 2 – шахта құжаттары бойынша бұзылулар;   3 –сейсмика-
акустикалық деректер бойынша бұзылулар: а – қаттың жартылай қуатынан астам, б- қаттың 
жартылай қуатынан кем 
  6.12-сурет – Костенко атындағы шахтада сейсмика-акустикалық жұмыстар 
нәтижелері,  к

қат 
 
Деректерді ӛңдеу келесі сұлба бойынша орындалды: шахта жазбаларының 
демультиплексациясы, бастапқы профильді қалыптастыру, бүйірлік және канал 
К
онв
ейе
рл
ік
 ӛнерк
әс
іп 
ш
тр
ег
і 42


 

 
 189 
 
толқындарының  спектрлік  талдауы,  колостық  сүзу  және  ЖТН  бойынша 
сүзілген  жазбаларды  қосындылау.  к
1
  қаты  үшін  20787,  20768  және  237 
ұңғымаларының  геологиялық  қималары  негізінде  І  және  ІІ  мода  үшін  (6.13-
сурет) топтық жылдамдықтың дисперсиялық қисықтары есептелді. Қисықтарды 
талдау,  Эйри  фазасының  жылдамдығы  1100-1200  м/с  тең,  ал  Эйри  фазасының 
жиілігі бірінші мода үшін 160-250 Гц-ке және екінші мода үшін 340-450 Гц тең 
екенін кӛрсетті.   
 
 
1 және 2 – бірінші және екінші модалар үшін сәйкес   
  6.13-сурет – Канал толқынының бірінші және екінші модалары үшін 
топтық жылдамдықтың дисперсиялық қисықтары   
 
Бірнеше  магнитограммалардың  уақытша  терезелерінде  есептелген 
сигналдың спектрлік тығыздығының, тік бүйірлік толқындардың келуіне сәйкес 
60-120  Гц  жиіліктер  аралығында  амплитудалардың  максимум  мәні  болады.   
Канал  толқынының  спектрі  үшін  160-200  Гц  және  280-360  Гц  жиіліктер 
аралығында  максимумдар  тән.  Жоғарыда  айтылғандардан  шыға  отырып, 
жолақтық  сүзілу  үшін  жиіліктердің  келесі  ауқымдары  таңдап  алынды: бірінші 
мода  үшін  160-250  Гц  және  екінші  мода  үшін  280-400  Гц.  Сүзілу,  шағылған 
канал  толқыны  профильдің  түрлі  учаскелерінде  түрлі  жиілік  ауқымында 
байқалатынын кӛрсетті.  Сүзілген жазбаларды жалпы тереңдік нүктесі бойынша 
қосындылау әрбір мода үшін жеке-жеке  1100 м/с жылдамдықпен жүргізілді.    
Канал  толқынының  физикалық  табиғатынан  шыға  отырып,  1  мода 
жиіліктерінде (160-250 Гц) алынған І шағылу қаттың жартылай қуатынан артық 
амплитудамен  бұзылуына  сәйкес  келетіні  шығады.  Тек  канал  толқынының  2-
модасына арналған жиіліктерде (280-400 Гц) алынған II, III шағылулар  қаттың 
жартылай қуатына дейінгі  амплитудамен бұзылуына сәйкес келеді.   

 
 190 
 
Осылайша  канал  толқынының  1  және  2-модасы  үшін  алынған  уақытша 
қималарды  салыстыру  және  кешенді  интерпретациясы  қаттың  жартылай 
қуатынан  артық  та,  кем  де  амплитудалармен  тектоникалық  бұзылуларын 
анықтауға мүмкіндік береді.    
Дірілдік-сейсмикалық  модульді  қолдану  1  және  2  моданың  Эйри 
фазасының  жиілікті  ауқымында  тербелістерді  ӛршітуге  мүмкіндік  берер  еді, 
бұл шағылған толқындар амплитудасын күшейтер еді.  2-толқынның шағылған 
толқындары  қаттың  жартылай  қуатынан  аз  бұзылуды  бӛліп  алуға  мүмкіндік 
береді.  Тау-кен  жұмыстарының  нәтижелері  қаттың  жартылай  қуатынан  кӛп 
болжанған  бұзылуды  (I)  және  сейсмикалық  болжау  кезінде  жіберілген  қаттың 
жартылай қуатынан аз бұзылуды (Н = 1,5 м) анықтады.    
Беттік  зерттеулер  кезінде  дірілдік-сейсмикалық  модульді  қолдану  сигнал 
түрін,  амплитуданы  және  жиілікті  басқаруға  мүмкіндік  берді.  Жүйелі  тәсіл 
тұрғысынан дірілдік-сейсмикалық модуль сұлбасы келесі түрде берілуі мүмкін   
(6.14-сурет).  
 
 
 
 
 
 
 
 
  6.14-сурет -   Жүйенің ӛзара әрекеттесу моделі: модуль-массив-
регистратор 
 
Модель келесі операцияларды қарастырады:   
-   S
ист
 = F(А, Ч) спектрлі кӛзімен тербелістерді ӛршіту; 
-  спектрлік  сипаттамасы  S
м
  =  F(А,  Ч)  тау-кен  массивінде  (ӛту,  сыну, 
шағылу және басқалары) тербелістердің таралуы
- S
пр
 = F(А, Ч) спектрлі сейсмоқабылдағышпен тербелістерді тіркеу.    
Sсиг=F(А,Ч)  дірілдік-сейсмикалық  модульмен  тіркелетін  сигнал  спектрі 
S
ист
  =  F(А,Ч)  кӛзінің,    S
м
  =  F(А,Ч)  ортасының  (тау-кен  массивінің)  және  S
пр
  = 
F(А,Ч)  қабылдағышының  спектрлік  сипаттамаларының  ӛзара  әрекеттесу 
нәтижесі болып табылады.   
Интерпретацияның  негізгі  міндеті  орта  қасиеттерін  сипаттайтын  пайдалы 
сигнал  бӛлу,  яғни  тіркелетін  сигнал  спектрінде  ортаның  спектрлік 
сипаттамаларын S
м
 = F(А,Ч) анықтау болып табылады. Бұл үшін шығу кӛзі мен 
қабылдағыштың спектрлік сипаттамаларын білу қажет [187, 188, 189].  
Сейсмика-акустикалық  қабылдағыштардың  спектрлік  сипаттамалары 
олардың  техникалық  сипаттамаларында  да  келтіріледі  (sm–4-24;  um-2;  gs-20). 
Кӛмір  жынысты  массивке  шахталық  жер  асты  сейсмика-акустикалық 
зерттеулер жүргізу кезінде тербелістерді ӛршіту үшін, спектрлік сипаттамалары 
белгілі  соққылар  мен  жарылыстар  қолданылады.  Сондықтан  дірілдік-
Сейсмика-
акустикалық 
тербелістердің 
ӛршу кӛзі  
Sист = F(А,Ч) 
Ортасы (тау-
кен, оның 
ішінде кӛмір 
жынысты 
массив) 
 
Sм = F(А,Ч) 
 
Сейсмика-
акустикалық 
тербелістерді 
қабылдағыш
Sпр = F(А,Ч) 

 
 191 
 
сейсмикалық модульді қолдану параметрлері алдын ала белгіленген тербелістер 
тудыруға мүмкіндік береді.    
Зерттеулер  Октябрь  Революциясының  50  жылдығы  атындағы  шахта 
алаңында  жүргізілді.  Жұмыс  мақсаты  табиғи  жағдайларда  дірілдік-
сейсмикалық  модульге  шахталық  жер  үсті  экспериментін  жүргізу  болып 
табылады.  Міндетіне  уақытша  қималар  алу,  шағылдыру  горизонттарын  бӛліп 
алу  және  осыған  орай  сигнал,  амплитуда  және  жиілік  түрлерінің  әр  түрлі 
параметрлерін  бере отырып, тереңдік қималарын салу енеді [112]. 
Жұмыс  барысында  келесі  бағдарлама  бойынша  жиілікті  таңдау  жӛнінде 
зерттеу  жүргізілді  (6.2-кесте).  Сонымен  қатар  басқарушы  сигнал  (свип) 
параметрлері де анықталды. Деректерді ӛңдеу «Оrigin-2000» суперкомпьютерде 
«Focus»  программасы  бойынша  «Интеграл-плюс»  интерпретациялық  кешенде 
«ГеоДер» программасы бойынша жүргізілді.    
 
 6.2-кесте  – Сигналдарды ӛршіту параметры   
 
Жиілік, Гц 
Свип 
ұзындығы, сек 
Жиналу 
кӛлемі     
Грунт 
түсетін жүк, % 
10-90 


50 
20-90 


50
 
30-110 


50
 
20-100 


50
 
20-110 


50
 
20-100 
10 

50
 
20-100 
12 

50
 
 
Нәтижесінде,  дірілдік-сейсмикалық  модуль  сигналының  келесі  ӛршу 
параметрлерін:   f – 100 Гц,  свип ұзындығын 10 с,  сигнал түрін  – синусоида, 
жиналу кӛлемін – 4 қолдана отырып, біз уақытша қималар алдық.    
  6.15-суретте    L1  профилі  бойынша  ЖТН  уақытша  қимасы  келтірілген.   
Уақытша  қима  талдауы,  0-500  м/сек  аралығында  горизонттардың  тӛрт  будасы 
айқын бӛлінетінін кӛрсетеді. 500 м/сек тӛмен болғанда шағылу нашар, түсінуі 
қиын.  Бейімделген  әдісті  жүзеге  асыратын  дірілдік-сейсмикалық  модульді 
қолдану,  кӛмір  жынысты  массивтің  беріксіздігіне  және  қопсымалығына 
қарамастан,  кӛмір  қаттарын  ӛңдеу  есебінен  шағылдыру  горизонттарын  алуға 
мүмкіндік береді.  Тектоникалық бұзылулар жеткілікті түрде сенімді бӛлінеді.   
 

 
 192 
 
 
- сейсмикалық деректер бойынша бұзылу 
  6.15-сурет – ЖТН уақытша қимасы, L1 профилі. Октябрь 
революциясының 50 жылдығы атындағы шахта   
 
  6.16-суретте  Костенко  атындағы  шахтаның  к
12
  қаты  бойынша  сейсмика-
акустикалық жұмыстардың нәтижелері келтірілген. Қаттың жалпы қуаты 7,4 м. 
Құлау бұрышы 5-10
0
, қаттың топырағы мен тӛбесінде қарасұр түсті сазтастар, 
жартылай  күңгірт  кӛмір.  Зерттеулер  шахта  алаңының  тӛменіне,  геологиялық 
барлау  және  тау-кен  жұмыстарында  кездеспеген  бұзылуларды  анықтау 
мақсатында  45-к
12
-1-3  конвейерлік  ӛнеркәсіптік  штректен  жүргізілді.        Қатты 
ӛңдеу кӛмірді екі қабаттап қазып алуды қарастырады, сондықтан қат қуатының 
жартысынан  аз  бұзылуларды  анықтау  ең  бірінші  кезектегі  мәселе  болып 
табылады.  Сейсмикалық  зерттеулер  алты  есе  аралық  жабыны  бар  шағылған 
толқындар  әдісімен  де,  сондай-ақ  Украина  ҰҒА  УкрҒЗМИ  ұсынған  әдістеме 
бойынша  ӛтетін  толқындар  әдісімен  де  жүргізілді.  Серпімді  тербілістердің 
ӛршуі қаттың жоғарғы бӛлігінде 2 м тереңдікке бұрғыланған шпурларда жүзеге 
асырылды,  осы  арқылы  жоғарғы  тәртіптегі  модалардың  басым  бӛлінуіне  қол 
жеткізілді.  Ӛңдеу және интерпретация параметрлері 2407 ұңғыма бойынша осы 
қаттың  (6.17-сурет)  сейсмогеологиялық  модельдері  үшін  есептелген  топтық 
жылдамдықтың дисперсиялық қисықтары негізінде таңдап алынды.   

 
 193 
 
 
1 - зерттеулер жүргізілген тау-кен қазбалары; 2 –сейсмика-акустикалық жұмыстардан 
кейін жүргізілген тау-кен қазбалары; 3 - шахта құжаттары бойынша бұзылулар;   4 –
сейсмика-акустикалық деректер бойынша бұзылулар: а – қаттың жартылай қуатынан астам, 
б- қаттың жартылай қуатынан кем 
  6.16-сурет – Костенко атындағы шахтада сейсмика-акустикалық жұмыстар 
нәтижелері.  к
12 
қат 
 
 
К
онв
ейе
рл
ік
 ӛнерк
әс
іп 
ш
тр
ег
і 4
5 R
12
-1
-3
 
 Батыс
 конв
ейе
рл
ік 
кӛ
л
беу К
12
-1
-3
 

 
 194 
 
Бірнеше  сейсмограммалардың  уақытша  терезелерінде  есептелген 
сигналдың  спектрлік  тығыздығын  талдау,  40-120  Гц  жиіліктер  аралығында 
амплитудалардың  максимум  мәні  тік  бүйірлік  толқындардың  келуіне  сәйкес 
келетінін кӛрсетті.  Канал толқынының спектрі үшін 120-180 Гц және 200-280 
Гц  жиіліктер  аралығында  амплитудалардың  жалт  етуі  тән.  Жолақтық  сүзілу, 
канал  толқындары  осы  ауқымда  бірдей  жақсы  бӛлінетінін  кӛрсетеді.  ЖТН 
бойынша  қосындылау  екі  нұсқада:  сигналдың  бірінші мода  үшін  -  164-268 Гц 
және екінші мода үшін  250-312 Гц ауқымда сүзілуі кезінде  жүргізілді.   
Уақытша  қималарда  кейін  тау-кен  жұмыстары  жоспарына  кӛшірілген  үш 
шағылдыру элементі бӛлінген. І элемент - кен қазбасынан шағылуға, ІІ элемент 
қаттың жартылай қуатынан астам бұзылудан болатын шағылуға сәйкес келеді, 
олар  ЖТН  ленталарын  қосындылау  арқылы  164-268  Гц  жиіліктер  ауқымында  
алынды. III элемент қаттың жартылай қуатынан аз ығысу амплитудасымен ұсақ 
амплитудалы бұзылуға сәйкес келеді, ол сигналдың 250-312 Гц ауқымда сүзілуі 
кезінде  қосындылау  арқылы,  яғни  Лява  канал  толқынының  жоғарғы 
модаларының шағылуы арқылы алынған.    
60,  49,  37,  сондай-ақ  25,  13  және  1  (6.17-сурет)  жарылыс  пункттарынан 
шыққан амплитудалы спектрлерді талдау, 60, 49 және 37 пункттарынан шыққан 
спектрлер,    25,  13    және  1  пункттарының  спектрлеріне  қарағанда  анағұрлым 
жиілігі тӛмен аймаққа ығысқанын кӛрсетеді.   
 
 
 
I және II – бірінші және екінші модалары үшін сәйкес   
  6.17-сурет -   к
12.  
қаты үшін І және ІІ модалардың дисперсиялық қисықтары. 
Костенко атындағы шахта 
 
Каналдық (А
к
) және бүйірлік (А
б
) толқындар цугын орап ӛтетін максимум 
амплитудаларының  қатынасы,  25,  13  және  1  пункттарынан  шығатын  

 
 195 
 
амплитудалар  қатынасы  тең  және  бірден  кіші  болғанмен,  60,  49  және  37 
пункттарынан  шығатын  амплитудалар  қатынасы    бірден  анағұрлым  аз  екенін 
кӛрсетті.  А
к 
/  А
б
  >  1  қатынасының  шамасы  -  бұзылмаған  (немесе  аз  бұзылған) 
қатқа, ал А
к 
/ А
б
 < 1 қатынасы осыған сәйкес бұзылу аймағына сай келеді. 
Сейсмикалық материалды шағылған толқындар және сейсмикалық жарық 
ӛткізу әдістерімен кешенді ӛңдеу, сонымен қатар жоғары тәртіптегі модаларды 
ӛңдеу  кезінде  пайдалану  кӛмір  қатының  бұзылуы  туралы  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік берді. Осыған орай ІІ элемент қаттың жартылай қуатынан астам, ал 
ІІІ  элемент  қаттың  жартылай  қуатынан  аз  ығысу  амплитудасымен  бұзылу 
болып  табылады.  Осының  салдарынан  ӛткен  к
12
-1-3    конвейерлік  кӛлбеулер 
сейсмикалық болжауды растады.    
Осылайша, жер асты жағдайларында тербелістерді ӛршітудің жарылыстық 
немесе  соққылық  тәсілдерін  қолдану  арқылы  сейсмика-акустикалық 
жұмыстарды  жүргізу  белгілі  бір  ақиқаттықпен  (70  %  дейін)  геологиялық 
бұзылуларды  анықтауға  мүмкіндік  береді.    Берілген  параметрлері  бар 
тербелістердің, оның ішінде Эйри фазасында  ӛршуі тиімділігі және ақиқаттығы 
жоғары  геологиялық  бұзылуларды  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  дірілдік-
сейсмикалық  модульді  қолдану  арқылы  мүмкін  болады.  Жер  үсті  сынаулар 
негізгі теориялық болжамдарды растады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 196 
 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал