Қазақстан Республикасы Білім және ғылым


МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ КІТАПХАНА



бет45/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114

МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ КІТАПХАНА




Қ. Төлеубаева


ПМПИ ғылыми-библиографиялық бөлімінің бастығы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан кең ауқымды «Мәдени мұра» бағдарламасын бүгінгі өмірдің өзі талап етіп отыр.

«Мәдени мұра» бағдарламасы – ұлттық идеяны нығайтатын әрі қазақстандық қоғамды жетілдіретін, ата-бабаларымыздың есімдері мен атақ-даңқтарын жаңғыртатын тамаша жоба. Себебі, мәдени мұрамыз құбылмалы қысқа ғұмырда бізге адамгершілік тұрғысынан жан-жақты әрі аса қажетті бағыт-бағдар береді. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты. Мәдени мұра – ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, болмысымыздың өзегі, елдігіміздің негізі. Ал елдің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты

«Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашының міндеті, борышы. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көзіміздің қарашы- ғындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс» деп Н.Ә.Назарбаев бүгінгі жастардың бойындағы мәдени танымдылықты қалыптастыруда рухани құндылықтардың қайнар көзі кітап оқу арқылы берілетінін айта отырып, білім мен ғылымның көкжиегінде биік асулардан көргісі келетіндігін атап өтті.

Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдениет танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени орталықтың бірі кітапхана болып табылады. Жаһандану ғасырында ұлттық мәдениетті сақтап қалу, ұлттық тілді дамыту, отанын шексіз сүйетін

патриоттарды тәрбиелеуде, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұштастыруда, білімдерін жетілдіруде кітапхананың мүмкіндіктері мол.

«Мәдени мұра» бағдарламасы халықтың рухын көтеріп, рухани қазынасын байыту жолындағы нәтижелі іс-шараларға дем береді. Үлкен тарих кіші Отан, туған жердің тарихынан бастау алатыны шындық. Бұл тұрғыда соңғы жылдары Ертістің Павлодар өңірінде руханият әлемін тың жаңалықтармен толықтырған көптеген зерттеулер жүргізіліп, тарихи жәдігерлер қалпына келтірілді.

Киелі Баянауыл өңірінен шыққан атақты тұлғалар, ғалым- академиктер, қайраткерлер жайында том-том еңбектер жазылды. Осы бір шағын ғана қасиетті өлкеде жүздеген ғалымдар дүниеге келген. Оның он сегізі Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері екенін мақтанышпен айтамыз.

Бүгінде кітапханалар өлкенің тарихи ескерткіштерін сақтауда өлкетану ақпарат ресурстарын басты сақтаушы ретінде маңызды рөл атқаруда. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасы өлкетану маңызы бар құжаттарды жинау, сақтау және таратуда үлкен тәжірибе жинақтауда. Кітапхана қызметінің басты мақсаты-тұтынушыларға кітапхана қорындағы материалдар туралы библиографиялық ақпарат беру. «Ертістің Павлодар өңірінің этно-мәдени зерттеулері» бағдарламасының шеңберіңде 50 сериялы

«Рухнама» жинағы жарыққа шықты. Мұнда көптеген түркі ойшылдарының еңбектері енгізілген. Бұл студенттердің өткен тарихымызды білуге ерекше септігін тигізеді. Жастар арасында

«Павлодар өңірінің ұлы адамдары» атты ақпарат күні өткізілді. Осы орайда, өлкеміздің ақын-жазушыларының өмірі мен шығарма- шылығына, қоғамдық-саяси тұлғаларға, батырларға арналған мәдени шаралар өткізілді.

Ғылыми кітапхананың оқырмандары әлемдік деңгейдегі тарих төрінен орын алатын жерлес археологтар мен ғалым-зерттеушілерді әрдайым мақтан тұтады. Г.Н. Потанин, Ә.Х. Марғұлан, Е.Н. Бекмаханов, Қ.А. Ақышев, М.К. Қадырбаевтар – туған жеріміздің сан қатпарлы тарихын зерттеуді өз өмірімен ұштастырған әйгілі тұлғалар. Сол себепті де, кітапхана қызметкерлері олардың ғылыми жетістіктерін мақтан етіп, ғылыми мұраларын дәріптеп, насихаттайды.

Сонымен қатар, қазақтың көрнекті этнографы, философы, тарихшысы, ақыны және көріпкелі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің аса бай рухани мұрасын насихаттайды. Бүкіл қазаққа ортақ ұлы тұлғаның құрметіне «Мәшһүр Жүсіп Көпеев – адамзаттың ұлы кемеңгері»,

«Ұлы ғұлама», «М.Ж. Көпеевтің тарихи мұрасы» және т.б. шаралар өтті. Ғұлама Мәшһүр Жүсіптің артына қалдырған мол мұрасы бүгінде әлі де зерттеу үстінде. Жергілікті жерден шыққан қол бастаған батырлар мен сөз бастаған би-шешендер, қасиет дарыған әулиелер, есімдері халық арасына қайта оралып, көпшілік олардың мұрасымен қауышуда.

«Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты – халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру. Рухани-мәдени таным арқылы тарихи сана негізінде патриоттық сезім, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс. Осы мақсатта ғылыми кітапханананың қоры

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығып жатқан кітаптармен толықтырылады. Осы бағдарлама арқылы оқырмандарды Отанына деген сүйіспеншілігі оянары сөзсіз. Өйткені Павлодарды, оның тарихын сүю арқылы жас ұрпақ бойында асыл қасиеттерді оятуға болады. Сондықтан да бүгінгі таңда жас оқырмандарды елін, жерін, бай мәдени және әдеби мұраларды танытуға шақыру мақсатында жұмыс атқару – кезек күттірмес мәселелерінің бірі. Өз елінің, өз халқының тарихын білетін әрбір оқырман бір елде тұрып жатқан халықтың тарихына, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына түсініктікпен қарайды.

Бұл тұрғыда ПМПИ ғылыми кітапханасы «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты оқырмандар конференциясын өткізді. Кітапхананың оқырмандары «Бабалар сөзі» атты жүз томдық кітаптың ғашықтық дастандары, батырлар жыры, тарихи жырлар мен діни дастандары тоқталып, жалпы сипаттама берді. Оқырмандар А. Айдарханова, А. Оралханов, С. Жүсіпова, С. Кибатова және басқалары ой-пікірлерін ортаға салды.

Осы шарада оқырмандар назарына безендірілген «Мәдени мұра

- мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мынадай кітаптар қойылды: «Қазақстан» ЖШС баспасынан шыққан «Әлемдік саясаттану антологиясының» 10 томдық кітаптары қойылды. Екінші томға енгізілген ХVІ мен ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Ф. Бэкон, М. Вебер, В.Ульянов т.б. сынды саясаттанушылардың еңбектері қойылды. Сонымен қатар «Әлемдік саясаттану антологиясы» 9-томында берілген Асан Қайғы жырау, Қазтуған жырау, Шалкиіз жыраулардың шығармалары, Ш. Уәлихановтың «Сот реформасы хақындағы жазбалары», Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Мұстафа Шоқай және ХІХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының үлкен шоғырының көрнекті өкілінің бірі ақын,

публицист, этнограф Һәм ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары қойылды.

Кітап көрмесінен әлемдік саяси ақыл-ой мұрасымен мемлекеттік тілде танысу оқырмандардың саяси мәдениеттің деңгейін көтере түсуге, қызығушылығын туғызатын әдебиеттермен танысуға ұмтылады.

Мәдени мұра – ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, болмысымыздың өзегі, елдігіміздің негізі. Осы мақсатта ПМПИ ғылыми кітапханасы оқырмандар арасында “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша шығып жатқан кітаптарға насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Мысалы,

«Мәдени мұра – мәңгілік» ақпарат күні, «Ұлттық идеямыз – ұлы тұлғаларымызды дәріптеу» атты библиографиялық шолу ұйымдас- тырылды. Ақпарат күнінде студенттерді А.Машаниннің өмірі мен шығармашылығы туралы және тарих, философия, қазақ халқының философиялық мұрасына қысқаша тоқталып өтті.

Сонымен қатар «Мәдени мұра – ел байлығы» ақпарат күнінде

«Әл-Фараби және Абай», «Әл-Фараби көпірі», «Тарих –адамзат ақыл- ойының қазынасы» он томдық кітабы, «Әлемдік философиялық мұра», «Қазақ халқының философиялық мұрасы» т.б. шығып жатқан кітаптармен оқырмандарды таныстырды. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көріп жатқан құнды жауһарлар туралы айтып өтті. Оның ішінде, әсіресе, музыка саласында бұрын-соңды кезіктірмеген тың үлгілердің ұлттық құндылықты құлпырта түскені көңіл марқайтады. Халқымыздың ежелгі салт-дәстүрінде берік сақталып келген мұндай жәдігерлердің бойына қайта қан жүгірту рухани көкжиекті кеңейтіп жатыр.

«Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы үйлесімді тұлға қалыптастыру барысында атқарылған жұмыстардың ішінде кітапханада өткізілген «Кітапхана – салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту ортасы» атты әдеби кеш өтті. Бұл шарада кітапхана жұмысындағы рухани мәдениетті дамыту, кітапхана жағдайында оқырмандарға мәдени мұраны оқуға қызушылығын қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуда инновациялық бағыттағы әдебиеттерді насихаттау мәселелері қаралды.

Олжас Сүлейменовтің айтуынша, біз өз халқымыздың мәдениеті мен тарихына қызмет етуіміз керек. Қазақстан халқының рухани мұрасы ежелгі дәуірден бастап жалпы адамзат мәдениетін байытып келеді.

Ендеше, Қазақстан мемлекетінің мәдениеті жоғары, рухы биік, патриоттық сезімі берік азаматтардың Отанына айналдыру үшін

ғылыми кітапхана өз үлесін қосып, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жұмыс атқаруы қажет.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыс бұдан кейін де жалғаса береді. Осындай шаралар іске асқан жағдайда еліміз бұрынғыдан да нығая түсіп, оқырмандарымыз әлемдік деңгейде таныта алатын жағдайға жетіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Әдебиет


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы.- Астана, 2007. - 372 - б.

  2. Арын Е. Мәдени мұрамыздың жаңғыруы – баянды болашаққа жарқын жол // Мәдени мұра. -2011. -№4. -10 -16 - бб.

  3. Әбжанов Х. Президент және мәдени мұра // Мәдени мұра. - 2008. - 10-14 -бб.

  4. Көшекбаев Ә.Асыл мұра // Мәдени мұра. -2011. -№ 5. -67-75 - бб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет