Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет2/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ



Құрметті әріптестер, қонақтар, конференцияға қатысушылар!
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы атынан Сіздерді «Кітап.Уақыт.Қоғам» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция жұмысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Біз Сіздермен ерекше кезеңде - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында кездесіп отырмыз. Еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру мен адамзат ресурстарын дамыту жолдарының түбегейлі өзгеруіне жол ашты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шетел жоғары оқу орындарында қазақстандық жастардың «Болашақ» атты оқыту бағдарламасы, дарынды балаларды қолдауға арналған «Дарын» мектебін ашу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы жаңа қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Балапан» бағдарламасы сияқты бірегей жобалар іске асырылуда.

Сонымен қатар, педагогтер мен кітапханашылардың кәсіби қауымдастығында жас ұрпақ арасында кітап оқу мәдениетінің төмендеуі ерекше қамқорлықты қажет етеді. Бұған халықаралық PISA- 2009 тестілеуіндегі қазақстандық оқушылардың төмен көрсеткіштері дәлел. Кітап оқу мәдениетінің төменгі деңгейі білім беру сапасына, сондай-ақ экономика сапасына да жағымсыз әсер ететінін мамандар жақсы түсінеді. Сапалы кітап оқу күрделі ақпараттық-мәдени ортада өмір сүретін заманауи адамның жеке өсуі мен бәсекелестікке қабілеттілігіне әсер етері сөзсіз. Оқырман мәдениетін төмендеуі және болмауы тұрғындардың интеллектуалды мүддесі мен сауаттылығының төмендеуіне әкелетіні белгілі.

Кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі, оқушылардың оқырмандық құзырлығының жеткіліксіз деңгейі – жалпыәлемдік беталыс. Бұл тұрғыда мұндай қиындықтарға дамыған батыс елдері бізден ертерек кездесті, өйткені олар жарты ғасырдан астам уақыт ішінде көбінесе кітап оқудың жаңа тәжірибесін, жаңаша ойлау түрін қалыптастыратын және кітапты ысырып шығарған Интернетті белсенді пайдалануда. Шетелдердің тәжірибесі оқырман мәдениетін дамытудың барлық әлеуметтік институттарының тиімді өзара әрекеттесуінде жағдайды жақсы жаққа қарай өзгертуге болатындығын дәлелдейді.

Гуманитарлық сала мамандарының алдына технологиялық және қоғамдық өзгерістердің әсер етуінен кітап оқу мен кітап оқу

мәдениетінің өзгеруіне байланысты күрделі мәселелер қойылуда. Енді әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде кітап оқу туралы тұтас ұғымды қалыптастыру қажеттілігі туындауда. Бұл - философиялық әрі мәдени мәселе, тек ғылыми теориялардың ғана емес, сондай-ақ педагогикалық та, кітапханалық та тәжірибе мәселесі.

Ұжымда кітап оқуға байланысты мәселелердің маңыздылығы мен күрделілігін терең ұғыну қалыптасқанын сеніммен айтуға болады. Студенттердің кітап оқу мәдениетінің жеткіліксіз деңгейі кәсіби педагогикалық қызметте балалардың жетекшілері болуына, ата- аналарға кеңесші болуына байланысты ерекше үрей туғызады. 2009 жылдан бастап ПМПИ-де «Оқуға құштар студент – табысты педагог» деп аталған студенттердің кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы жылдар ішінде институт және кітапхана өмірінде бірқатар есте қаларлықтай кітап мерекелері өтті. Кітапхана айналасында оқытушылар мен студенттердің оқырмандық белсенділері қалыптасты, бұл кітап оқу идеясын алға жылжытудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Бағдарламаның нәтижесінен шығатын жалпы қорытынды: қоғамдағы кітап оқу дағдарысы объективті сипатты білдіреді, бірақ оны кітап оқу мен кітапты мақсатты қолдау арқылы жеңуге болады.

«Кітап. Уақыт. Қоғам» атты халықаралық конференция қазіргі әлемдегі кітап оқу мен кітап мәдениетінің проблемаларына қазақстандық ғылыми және педагог қауымының бет бұру факторлырының бірі болып табылады. Конференцияға жіберілген баяндамалар барлық оқырмандар санаты арасында кітап оқуды қолдау мен қоғамдағы кітап мәдениетін сақтауға байланысты мәселелерді шешуге шығармашылық іздестірулері бағытталған әртүрлі ведомстволар мен деңгейі әртүрлі мамандардың жағдайды түсінуін көрсетеді. Осы күрделі мәселелерді талқылауға, өз идеяларымен, ойларымен, жұмыс тәжірибесімен бөлісуге келгендерге алғысымызды білдіреміз.

Конференция қатысушыларына шын жүректен жұмыстарында табыс, ғылыми ізденістерінің жаңа шыңдарынан көрінуді, мәңгілік адамгершілік құндылықтарды сақтау, ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мен өркениеттің бірыңғай мәдени кеңістігін қаматамасыз ету үшін жаңа қызықты идеялардың болуын тілеймін!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет