ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕДИАТЕКАСЫ ОҚЫРМАНЫНЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Д.А. Бектасова, Д.С. Ташимханова
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы
Кітапхана деген – ұйымдастырылған құжаттар қорына иелік ететін және оны абонементке уақытша қолданысқа беретін, басқа да кітапханалық қызметтер көрсететін ақпараттық, мәдени және білім беретін мекеме. Кітапхананың адам өміріндегі ролі зор екенін айтпаса да түсінікті, сондықтан, оқырмандардың оқу белсенділігін арттыру – кітапхананың тікелей міндеті. Бұл ретте кітапхана оқырмандармен көптеген библиографиялық шаралар ұйымдастырады. Сол сияқты медиатека бөлімінің де оқырманның қызығушылығын арттыруда өз орны бар [1,б. 33].
Соңғы жылдары Қазақстанның көптеген жоғарғы оқу орындарының кітапханалары белсенді түрде өндірістің және ақпаратты таратудың онымен оқырманды оның сұранысына сәйкес келетіндей көлем мен форматта жылдам қамтамасыз ету мүмкіндік беретін прогрессивті технологияларын енгізуде. Көптеген жоғары оқу орындарының кітапханалары білім мен ғылымды ақпараттық қолдау мақсатында мемлекеттік және шет тілдеріндегі мәліметтер қорлары, электронды оқу материалдары құрайтын электронды ресурстар жүйесін қалыптастырды (CD-ROM-ға жазылған жеке нысан ретінде шығарылған мақалалық немесе автономды публикациялар) [2, б. 33].
Электронды ресурстар дегеніміз – электронды құжаттардың жиыны, жиынтығы (жиынтық арнайы жиналады, ал ресурс кездейсоқ әрекеттер мен оқиғалардың нәтижесінде туындау мүмкін) [3, б. 511].
Электронды ресурс – жаңа заманның жаңа сатысы. Ол кітапхананы бір қадым алға жылжытады. Сондықтан соңғы жылдары Қазақстанның көптеген кітапханалары өндіріс пен ақпарат таратудың прогрессивті технолгияларын енгізуде, олар тұтынушыға қажетті көлем мен форматта ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді.
Білім мен ғылымды ақпараттық қолдау мақсатымен көптеген кітапханалар электронды ресурстардың жүйесін қалыптастырды, оларды мемлекеттік, орыс және шет тілдеріндегі мәліметтер қорлары, электронды оқу материалдары (CD-RОМ-да жеке нысан ретінде шығарылған статикалық және автономды басылымдар) құрайды.
2001 жылдың сәуір айында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында да медиатека бөлімі ашылды.
Медиатека – оқырмандардың электрондық және бейне құжаттармен жұмыс істеуіне арналған бүгінгі күн талабына сай жабдықталған кітапхана бөлімшесі. Электрондық құжаттар репертуарына мультимедиалық энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, ғылым мен мәдениет классиктерінің шығармалар жинақтары, ақпарат іздестіру жүйелері кірді. Бейнекассеталар қоры жаратылыстану және тарих ғылымдарын, әдебиет пен өнердің тамаша туындыларын қамтиды.
Екі медиатекада орналасқан ақпараттық электронды қор бар, онда әртүрлі тасымалдаушыларда: CD-ROM дисктерде, бейне-аудио- кассеталарда 2385 дананы құрайды. Электронды оқулықтар жинағы көлемді және жан-жақты: онда математикадан, физикадан, биологиядан, тіл білімінен, тарих және мәдениеттанудан мәліметтер алуға болады. Сонымен қоса бейне-оқулықтар, «Видеотека» және
«Фонотека» жинақтары бар [4, б. 14].
Медиатеканың қор құрылымында энергетика, құрылыс, педагогика, жаратылыстану салаларынан басылымдар көбірек. Қазақстан мен ТМД ең ірі жоғарғы оқу орындарының салалық зерттеу институттарының және ұлттық ғылым академияларының, ғылыми конференциялардың материалдары, есептері, ғылыми еңбектер мен жазбалар, диссертациялар, диссертациялардың авторефераттары ең бағалы басылымдар болып есептеледі. Кітапхана өз университетінің басылымдарын және университет ғалымдарының еңбектерін үлкен ұқыптылықпен жинақтауда.
Университет кітапханасында 1998 жылдан бері бейнекассеталар мен компакт дискілерге түсірілген құжаттардың қазіргі заман талабына сай жаңа қоры қалыптастырылуда. Бейнекассеталардың топтамасында Би Би Си компаниясының және АҚШ ұлттық географиялық қоғамының дүниежүзілік кинометографтың фильмдерінің алтын қорынан алынған шығармалар бар. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың тапсырысы бойынша түсірілген «Өте көне Азия» бейнефильмі – кітапхана мақтанышы. Электрондық басылымдардың ішінде «Кирилл мен Мефодий энциклопедиясы», аударма сөздіктер, ең жаңа электрондық оқулықтар оқырмандарды өте қызықтырады. Университеттің Қазақстан кітапханашыларының ақпараттық консорциумына қатысуының арқасында біздің оқырмандарымыз «Academic Search FullTEXT international»,
«Bussinness Source Elite» сияқты беделді деректер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Кітапханада университет алдырған және әр жылдары сыйлыққа келген шетел әдебиеттерінің ерекше топтамалары бар.
С. Торайғыров атындағы ПМУ кітапханасы белсенді түрде өз қорын компакт-дискілер, дискеталар, видеокассеталар, музыкалық аудиокассеталар және де дискілер оқулықтар қасында өз орнын толықтыруда. Іріктеудегі негізгі критерий құжаттың сапасына, университет ғалымдарының ғылыми жұмыс тақырыптарының мазмұнына және де оқу пәндерінің бағдарына байланысты таңдалады.
«Электронды кітапхана» атты толық мәтінді мәліметтер базасы құрылды. Оның қоры 1012 кітап пен мақалалардан, оның ішінде 250 университет оқытушыларының оқу құралдары бар. «Біздің университет», «ПМУ оқу-әдістемелік басылымдары», «Павлодар ертіс өңірі» және «Труды академиков НАН РК уроженцев Павлодарской области» атты толық мәтінді мәліметтер базасын құруға байланысты жұмыс жүргізілуде. Электронды кітапхана қоры Интернеттен, белгілі ұйымдардан, авторлардан жұмыстарын көшірмесін электронды түрде алудан, республика кітапханаларының қорынан алынған түпнұсқаларды электронды қалыпқа айналдыру арқылы толықтырылады.
Электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу басылымдары 36,8 % (2509 пәнге 923 дана) құрайды.
Сектор мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:
ақпараттық-кітапханалық процестерді компьютерлеу;
университет профиліне сәйкес электрондық басылымдар қорын қалыптастыру;
электронды ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
оқырмандарға кітапхананың қазіргі кезгі ресурстарын қолдану әдісін үйрету [5, б. 6].
Электронды материалдар массивіне күн сайын Интернеттен алынған кітаптар мен оқулықтардың көшірмелері енгізіледі. Кітапхана қызметкерлері жоспар бойынша басылымы аз, бірақ сұранысы жоғары кітаптарды электронды формаға аударады. Медиатека қызметкерлері студенттер мен оқытушыларға электронды кітапхананы пайдалану бойынша кеңес өткізуге дайын.
Кітапханалық зерттеу мақсатында кітапханатанушылар ерте кезден қолданылып келе жатқан екі зерттеу әдісі бар – оқырмандарды тергеу, оның екі түрі белгілі: жазбаша (анкета) және ауызша (интервью). С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының медиатекасында оқырмандардың электронды ресурстарды пайдалануын анықтау үшін анкеталық зерттеу жүргіздік. Зерттеуге әр түрлі санаттағы адамдар, дәлірек айтқанда, 20 студент пен 20 оқытушы қатысты. Зерттеу нәтижелері бойынша, сұралған 20 студент пен 20 оқытушының 37-сі, яғни 92,5%-ы медиатека бөлімінің негізгі функцияларымен таныс екені анықталды. Бірақ, бөлімнің қоры туралы білімдері аз болып шықты: 42,5%. Оқырмандардың медиатекаға келу жиілігі орта есеппен алғанда бір айда екі рет болатыны белгілі болды. Медиатеканың тәжірибесінде қандай әдебиетке сұраныс көп болатынын анықтау мақсатымен сәйкес сұрақ қойғанда, әр түрлі жауаптар алынды. Бірі ағылшын тілін өздігінен үйренуге арналған электрондық оқулықты алса, екіншісі экологиялық апаттарға байланысты бейнефильмдер көріп, енді біреуі «Заң» мәліметтер қорынан қажетті заңдарды табады.
Екі тілде бірдей берілген «Заң» мәліметтер қорымен тергелгендердің көбі, яғни 95%-ы таныс екені анықталды. Студенттердің 30%-ы «Оқытушыларыңыз медиатекада сабақ жүргізе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді, ал оқытушылардың 75%-ы мүмкіндігінше интерактивті сабақ жүргізетіндігін айтты.
Қорыта айтқанда, электронды құралдар оқырман қауымның арасында үлкен сұранысқа ие. Электронды ресурстарды жоғары оқу орнының медиатекасында қолдану университеттің оқу-тәрбиелік және ғылыми үрдістерінің ақпараттық құрамасын ұлғайтуға әсерін тигізеді, қашықтықтан оқыту жүйесін дамытуға ықпал жасап, студенттерде өздігінен білім алу дағдыларын тәрбиелейді. Электронды ресурстардың көрнекілік артықшылықтарының арқасында оқырманның қызығушылығын жоғарылатып, оқу белсенділігін арттыруда маңызды орын алады. Сондықтан, жоғары оқу орнында
Медиатека бөлімінің болуы белсенді оқырман қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді.
Әдебиет
Мырзаханова Ф. Ізгілікпен қызмет көрсету – негізгі міндетіміз // Кітапхана әлемі = Мир библиотеки. - 2006. - № 2. - 33 б.
Гета Г. Б. Традиционные и электронные издания: за и против / Г. Б. Гета // Кітапхана.- 2006. – № 4. – 17 б.
Электронные документы: создание и использование в публичных библиотеках: справ.; науч.ред. проф. Р.С. Гиляревский, проф. Г. Ф. Гордукалова. – СПб.: Профессия, 2007. – 664 с.
Научная библиотека им. академика С. Бейсембаева ПГУ им. С. Торайгырова.- Павлодар, 2005.
Электронные ресурсы научной библиотеки им. Академика С. Бейсембаева. Сектор компьютеризации информационно-библиотечных процесссов. - Павлодар: ПГУ, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |