Қазақстан Республикасы Білім және ғылым


ҚОҒАМДАҒЫ КІТАПХАНА БИБЛИОТЕКА В СОЦИУМЕ



бет50/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114

ҚОҒАМДАҒЫ КІТАПХАНА БИБЛИОТЕКА В СОЦИУМЕ






АУЫЛ - СЕЛОДАҒЫ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ САНДЫҚ - САПАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ




З.Ш. Айткенов


ПМПИ, Павлодар қаласы
Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасуы мен даму тарихына тоқталар болсақ, революцияға дейін елімізде барлығы 139 кітапхана болыпты да, оның 44-і қалалық, 95-і ауылдық кітапханалар екен. Олардың қорындағы кітап саны 47700 дана болған.

1921 жылы 19 сәуірде республика кітапхана жұмысын бір орталыққа бағындыру туралы Қырғыз АКСР-нің Халық Комиссариаты декрет қабылдады. Бұл декрет бойынша Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі кітапханалар жалпы халықтық болып, бірыңғай бір орталыққа біріктіріліп, саяси ағарту басқармасының қарамағына берілді. [1,176]

30-шы жылдардың аяғында аудандық жерлердегі көпшілік кітапханалардың саны көбейді. Осы жылдары республикада кітапхана ісін жандандыру мақсатында арнайы кітапхана қызметкерлерінің білім деңгейлерін көтеру үшін қысқа мерзімді курстар мен арнайы маман кадрлар даярлайтын жаңа оқу орындарын ашу ici қолға алынды.

Қазақ KCP Министрлер Кеңесі 1947 жылы қыркүйек айында кітапхана жұмыстарын жақсарту шаралары туралы қаулы қабылдап, мәдени-ағарту мекемелері комитетіне уақытша жабылған кітапханаларды қайта ашу, оларға тәжірибелі кітапханашыларды жіберу, кітапхана техникасымен қамтамасыз ету, кітап қорын қайта есепке алу, бөлінген ақшаны кітап қорын толықтыруға дұрыс пайдалануды міндеттеді. Соның нәтижесінде республикадағы көпшілік кітапханаларға көмек көрсету жақсартылды. Көпшілік кітапханалар желісі 1940 жылға қарағанда 1950 жылы 11 пайызға көбейді. Кітап қоры 186919 мыңнан 5395,1 мыңға, яғни 31 пайызға артты.

1960 жылы Қазақ KCP мемлекеттік кітапханасының әдістемелік кабинеті ғылыми - әдістемелік бөлімге айналды, көптеген облыстық кітапханаларда әдістемелік бөлімдер құрылды. 1967 жылы Қазақ KCP Мәдениет Министрлігі кітапханаларының жарғысы мен жаңа құрылымын бекітті. Республикада ғылыми кітапханалардан басқа 960 арнаулы және ғылыми - техникалық кітапханалар жұмыс істеді.

1976 жылы барлық облыста да ғылыми - техникалық кітапханалар желісін құру толық аяқталды.

Елдің елдігі оның мәдени дәрежесімен өлшенеді десек, кеңес қоғамы тұсында халықтың рухы өсіп-өркендеуінің негізі болып табылатын мәдени - ағарту мекемелерінің үлкен жүйесі қалыптасып, осындай жүйенің бірі - кітапхана ici бойынша 80-ші жылдардың ортасына дейін өсу мен даму байқалды. Мәселен, 1989 жылы республикада 9751 кітапхана, оның ішінде ауыл - селоларда 7786 кітапхана халыққа қызмет көрсетумен айналысты.[2,104,]

Адамзат баласы ақыл парасатын, күллі тарихын, барша мәдениетін, бүгінгі өркениеттің барлық жемісін теқ қана кітап аркылы ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған. Бүгінгі күні кітапханашылар алдындағы абыройлы міндет - адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, парасатты өмір салтын орнықтыру болып табылады. Оқырман қауымға тәрбиенің сан түрлі мәдени шараларын өткізіп, қазіргі кезде халқымыздың қайта оралған тілі мен әдет - ғұрыптарына байланысты жастарға эстетикалық тәрбие беріп, халқымыздың ұлттық мәдениеті мен әсемдік құбылысын бейімдеу бағытында республика кітапханаларының еңбектері елеулі. Мысалы, Қызылорда облысында 80-ші жылдардың соңында 314 мемлекеттік кітапхана жұмыс істеп тұрды. Кітап қоры 41181 мың данаға, ал окырмандар саны 2832 мың адамға өсіп, халқының 61 пайызын құрады. [3,104б]

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 1985жылы - 506, 1989 жылы - 497, ал Қостанай облысында осы жылдары 966 және 939 кітапхана жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетті.

Алайда уақыт өте келе мәдениетті басқарған қызметкерлердің біліксіздігінен, арнайы орындар тарапынан бақылаудың нашар болуынан, олардың материалдық-техникалық базалары бірте-бірте төмендеп, халыққа қызмет керсету мүмкіншіліктерінен айырыла бастады.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңінде қала мәдениетіне де, ауыл - село мәдениетіне де айтарлықтай көңіл бөлінбеді, бюджеттік қаржыландыру тоқталды. Жергілікті жерлерде мәдени-ағарту мекемелерін ұтымдандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде көптеген кітапханалар мен клубтар, автоклубтар, сонымен қатар мәдениет үйлері жабылып қалғаны баршамызға мәлім. Атап айтсақ, Қазақстанда 1992-1993 жылдар аралығында 466 кітапхана мен 122 клуб мекемелері жабылса, 1995 жылы мемлекеттік кітапханалар жүйесі 491-ге кеміген. [4,41б]

Осындай мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесін қысқарту салдарынан ауыл - село мәдениетіне зор нұқсан келтірілді. Бұл жағдайды түзетуде Қазақстан Республикасының Президенті H.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 2000-шы жылдың «Мәдениетті қолдау жылы» деп, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына орай 2003-2005 жылдар «Ауылды дамыту жылдары» деп жариялануының маңызы өте зор болды.

2003 жылы мәдениет мекемелерінің желісі 455 бірлікті құраса, оның ішінде ауылдық жерде 375, ал олардың қатарындағы кітапханалар саны 162 болды. [5,7б]

2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының және ауылды дамытуға бағытталған өзге де мемлекеттік бағдарламалардың аясында маңызды іс-шаралардың жүргізілуі нәтижесінде республика көлемінде бүгінгі күні жергілікті жерлердегі мәдениет ошақтарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, олардың материалдық - техникалық базасы нығайып, барша мәдени - ағарту мекемелерінің жергілікті мәдени дәстүр ерекшілектерін сақтай отырып жұмыс жасауы жетілдірілуде.

Ендігі Қазақстанның кітапханаларының материалдық — техникалық жағдайына тоқталар болсақ, КОКП Орталық Комитетінің

«Елдегі кітапхана ісінің жағдайы және оны дамыту шаралары туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін республикада кітапханалардың материалдық - техникалық базасын жақсартуда бірқатар істер атқарылды. Мысалы, Ақтөбе облысында 92 кітапхана жаңа ғимараттарға көшірілді. Сонымен қатар Темір ауданының Ленин атындағы, Киров және Шевченко атындағы колхоздарында да кітапханаларға жақсы үйлер берілді.

60 - 70 жылдары мәдени - ағарту мекемелерінің материалдық- техникалық базасы жақсара түсті. Гурьев облысында әртүрлі елді - мекендерде 41 кітапхана ашылды. Олардағы кітап қоры 3424,6 мың дана болды. 1980 жылы облыста 3971 мың дана кітап қоры бар 379 кітапхана болса, 1985 жылы 388 кітапханаға жетті.[6,6б]

Ұлттық кітапхана - рухани қажеттілік. Осы кезеңде республикалық кітапханалардағы жалпы кітап қорының 4,5 пайызы ғана қазақ тіліндегі кітаптар екен. Қызылордада - 40, Шымкентте - 33, Қарағандыда - 5,5 пайызы ғана қазақ тіліндегі кітаптар. Тіпті тек қазақтар тұратын ауыл кітапханасында бірде-бір қазақша кітап кездеспейтін жағдайлар болған. Тоталитарлық жүйе ыдырап, әр ұлт республикасы толғағы жеткен мәселелерді көтере бастаудың арқасында Қазақстаннан жырақ кеткен кітаптар тағдыры анықтала бастады. Тынымсыз іздеу салудың жемісі – Қырғызстаннан «Қазақ»,

«Тілші», «Ақжол», «Ауыл», «Бостандық туы», газеттерінің Қазақстанда жоқ сандары табылып, алтын қорға келіп қосылды. Біразы Ашхабат, Уфа, Минск, Киев және басқа да қалалардағы кітапханалардан табылды.

90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап республикада мемлекет тарапынан мәдениетке, ұлттық тарихқа қолдау көрсету күшейе түсті.

1997 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өткен мәдениет қызметкерлерінің республикалық кеңесінде қалалар мен ауыл- селолардағы мәдениет мекемелері дағдарыс жағдайында тұрғандығы, оларға қоғам тарапынан үлкен қамқорлық қажет екендігі атап көрсетілді.

2000 - шы жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Мәдениетті қолдау» жылы деп жариялады. Бұл оқиғаны қазақ халқы үшін, жалпы республиканың болашақ тағдыры үшін тарихи кезең, мәдениетіміздің әлеуметтік салмағы мен бағыт-бағдарын пайымдайтын, қазіргі тіршілігімізге лайық ұлттық рухымыздың беріктігі мен биіктігін зерделейтін мәселеге қоғам болып та, тәуелсіз мемлекет болып та үңілетін мезгіл туды деп қарау керек.

Мәдениетті қолдаудың жариялануы нәтижесінде мәдениет саласын өркендету бағытында көптеген игілікті істердің атқарылуына, әсіресе ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарының дұрыс, қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасалды.

Қазақстан Республикасы мәдени - ақпарат және қоғамдық келісім министрі М. Құл-Мұхаммедтің арнайы тапсырумен 2002 жылдың басынан бері қарай республикалық баспалар арқылы шығатын әлеуметтік маңызы бар көркем әдебиеттің ауыл кітапханаларына тегін таратылуы «Ауыл жылы» қарсаңындағы aca игілікті ic болып табылды. Ауыл кітапханаларына жіберілген кітаптар бүгінгі жаңа заман талабына сай шығарылған, сапасы да көңіл толарлықтай және қоғамның барлық саласын қамтитын кітаптар болды. Әсіресе, Абайдың, M. Жұмабаевтың, А. Байтүрсыновтың, С. Мұкановтың, С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің көп томдық шығармалар жинағы.

Осылайша ауылды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың аясында игілікті істердің атқарылуы нәтижесінде республика көлемінде жергілікті жерлердегі мәдениет ошақтарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, олардың метериалдық - техникалық базасы нығайып, барша мәдени-ағарту мекемелерінің жергілікті мәдени дәстүр ерекшеліктерін сақтай отырып жұмыс жасауы жетілдірілуде.



Әдебиет

  1. Байдильдина C.X. Қазақстанда мәдениет пен өнер мамандарын даярлаудың тарихи тәжірибесі (1930-1970), т.ғк., авторефераты. - Алматы.- 1999.

  2. Народное хозяйство Казахстана за 70 лет. Ст.сб. Алама-Ата.- 1990.

  3. Әлмаханова А.Б. Оңтүстік Қазақстанның мәдени өмірі (XX ғ. 80-90 ж.ж.), т.ғ.к., дисс. Авторефераты. - Алматы.- 1994.

  4. Қойшыбаева M. Алматы кітапханалары талапқа сай ма? // Қазақ тарихы.- 1999.- №1.

  5. Құдияр M. Ауыл кітапханалары - жаңа кітаптармен толықтырылуда. // Қазақ әдебиеті.- 2004.- № 18.

  6. Білім бұлағындағы бұлыңғырлықтар // Егемен Қазақстан. - 1991.- 26 желтоқсан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет