Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет49/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

Литература

  1. Лихачев Д.С. Поэтика древнерусской литературы. – Л.: Худож. литература, 1971. – 360 с.

  2. Турбин В.Н. Товарищ время и товарищ искусство. – М., 1961.

  3. Васильев П.Н. Стихотворения и поэмы. – Л.: Сов. писатель, Ленингр. отд., 1968. (В дальнейшим все ссылки даются на это издание с указанием страницы в тексте).

  4. Васильев Павел. Сочинения. Письма. – М.: Эллис-Лак 2000, 2002.

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДАМЫТУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ




З.Ш. Шавалиева, Г.И. Жұмажанова


ПМПИ, Павлодар қаласы
Елімізде болып жатқан терең өзгерістер қоғамның барлық тіршілік салаларына оның ішінде білім жүйелеріне де әсерін тигізіп отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, білім салаларына мемлекеттік саясатты көрсетіп, осы жүйедегі өзекті проблемаларды анықтады. Білім беру - қоғамның өсіп келе жатқан әр жеткіншектеріне өзінің жолын таңдау аясын кеңейтуде, тұлғаның жан- жақты дамуына бағытталған үдеріс ретінде сонымен бірге білім мазмұнын жақсарту мақсатында принциптерді іске асырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған рөлі былайша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» [3, 91].

Қалыптасқан жаңа жағдайда, мемлекеттік білім беру саласындағы саясатты тәрбиелі де өнегелі, парасатты да салмақты, рухани ішкі дүниесі бай, адамгершілік түсінігі мол, әрі ұлттық және дүниежүзілік жетістіктерді қоғамдық өмірдің кез келген саласында дамытуға қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталуы тиіс. Өйткені, ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі, сапалы, әрі жаңа заманның талаптарына сай білім беру жүйесі. Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

Қазіргі таңда білімнің алтын ұясы саналатын мектептердің материалдық техникалық базасы, білім беру технологиялары айтарлықтай оң өзгерістермен дамып келеді. Ұстаздарымыз да жаңа заманауи технологияларды меңгеріп, жаңалықтардың бел ортасында, ұрпақтарымызды білім шыңына жетелеуде табандылық танытуда.

Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал, біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.

Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секция- ларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған.

Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулы- ғының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.

Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

Білім берудің негізгі мақсаты-еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты жол екенін естен шығарып алмаған жөн.

Ең басты мәселе - тәртіп болған жағдайда ғана білім болатынын ескергеніміз абзал. Белгіленген мақсатқа, биік межелерге жетуде

«бірлік» деген ұғымның маңызы ерекше яғни білім алушының ата- анасы мен мектеп арасындағы байланыстың берік және үнемі болып тұруы [3,23]. Ата-аналар баланың оқу орнына барып, тығыз байланыста бола отырып, басты жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Баланың үйдегі іс-әрекеті мен мектептегі іс-әрекетіне сараптама жасап, ұстазбен бірлесе отырып, бір бағыт ұстанғанда ғана тәрбие мен білім өз нәтижесін бермек.

Сонымен қатар, мектептегі оқу-тәрбие процесінің нашар ұйымдастырылуы, педагогтердің төмен біліктілігі, оқушылардың келуіне мұғалімдердің көңіл бөлмеуі, мектептегі теріс ниетті

психологиялық атмосфера, мектеп оқушылары жағынан баланы қорқыту немесе оған жағымсыз қарым-қатынастардың әсер етуінен болатыны анықталған жағдайлар. Мектепте оқушылардың бір-біріне күш көрсету, бұның бәрінің жасырын жүзеге асуы, нәтижесінде амалы таусылып, кейбір балалардың торығып, әр нәрсеге ұрыну қаупінің туындауы мүмкін. Бұның бәрін дер кезінде анықтап отыру қажет. Баланың бір күндік іс-әрекетіне «күн тәртібі» жасалып, сынып жетекшісімен ата-ана бірлесіп, осы «күн тәртібі» бойынша қадағаланып отырса, баланың да жауапкершілігі артады. Баламыз бос уақытта немен айналысады яғни олардың бос уақытын тиімді өткізуіне біздің ықпалымыз қандай? Пайдалы істерге тарта аламыз ба? Осы төңірегінде ойлансақ бұл сұрақтан шығуға бізге түрлі пайдалы еңбекке баулу көмектесе алады.

Қазақстанның дербес елге айналғанына аз ғана белесті жылдар өтсе де білім беруді жаңа заман мен жаңғырған экономикалық жүйе саясатына үйлестіру және әлемдік білім стандарты деңгейіне сәйкестендіру, әрі оның жалпыұлттық қызметін жетілдіру, дамыту мақсатында бірталай қайта құрулар мен жаңалықтар болып өтті. Солардың бірі - білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі 2004 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық ұжымдардың қандай мақсатта жұмыс істегеніне қарамастан мемлекеттік білім стандарты деңгейіндегі білімді 100 пайыз игерту міндеті қойылып отыр. Қалайда білім сапасын арттырып, ұлттық білім жүйесін бәсекеге қабілетті ету керек. Бұл үнемі алға ұмтылу деген сөз.

Білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр



  • сырын меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығарма- шылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылытын мұғалім болуы керек.

Бүгінгі күн талабының мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқытуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.

Білім нәтижесін жоспарлау іс-әрекетінде оқушы нені білу керек, қандай іскерлігі даму керек, нені түсінуі керек, нені көз алдына елестетуі керек, сол тақырыпты меңгеруіне қарай бағалау (сабақты блокпен, тоқсандық, семестмен) жетістікті (диагностикалау) және орындау операциясына нұсқау беру. Оқушының жұмыс жүргізу үдерісіндегі қалпын шығарып отыру көзделеді.

Нақтылы қатысты оқыту ұйымды мезелік бөліп қарастырған бітімді шешім болып табылады. Оқыту моделі деп біздер жүйені түсінеміз, оның өзі ұсақ әдістер түзілімнен тұрады, оқыту түрлері педагогикалық амалдар жиынын құрайды.

Әлеуметтік және жекелікті туғызу – білімдену технологиясының атқарар негізгі міндеті.



Білімдену технологиясын жүйе деп зерделеп, онда олар мыналардан құралады:

  1. оқушылардың жұмыс істеу қалпының моделі, көптеген қасиеттеріне қатысты технологиялық үдерістерді туғызу, іске асыру;

  2. сол кездегі оқушы қалпына орай диагностика мен соңғы нәтижеге қатысты оқыту нәтижесін жоспарлауына диагностикалау және операция арқылы көз алдына кетіру;

  3. оқушының сол жұмыс үстіндегі қалпына қатысты қолданатын құралдар және нақты аймағына қарай (рейтинг моноторинг) болжамы;

  4. нақтылы оқыту жағдайына қатысты ұтымды деген оқыту, моделін құру және өлшемдігін талдау;

  5. оқыту модельдерінің жиыны;

  6. кері байланыс жүргізудің механизмі, диагностикалау мен өзара байланыстардың әсері.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие үдерісін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.

Мектеп мұғалімі қандай болу керек?

Мұғалім маман болу керек: жеке көзқарасы бар, өз пәнін жетік білетін, жеке көзқарастарын қорғай алатын жігерлі тұлға зерттеуші, ойшыл, әр күні мен ісіне есеп бере алатын. Мұғалім – Нәтиже.

Мұғалім ізденгіш, көп оқитын, көп білетін және сол білімін

күнделікті өмірде шебер пайдалана алатын болуы керек. Педогогика- лық ойлау қабілеті ғылыми түрде дамыған тұлға.



Мұғалімнің жетекші рөлі- оқушыны білім негіздерін өз бетінше оқып-үйренуге бейімдеу.

Мұғалім тек ұйымдастырушылық қабілетімен қалмай, сараптамалық, талдай білу, себеп-салдарды анықтай білу қасиетіне ие болуы керек.

Моральдық, адамгершілік бет-бейнесі таза, саяси - идеялық ұстанымы жоғары, ұлттық құндылықтарды терең игеріп, инновациялық әдіс- тәсілдермен ұштастырып отыратын ұстаз.

Мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін психологиялық-педогогикалық институт ретінде қалып- тасуында болып отыр.

Білім берудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:


  • білім алуға деген құштарлығын арттыру;

  • өзін таныта білетін жеке тұлғаны қалыптастыру;

-ілім беруде жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясын қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Білім беру қарсаңында мұғалімдердің кәсіби құзырлығы дамиды.

  2. Оқушылардың білім реформасына көзқарасы айқындалады.

  3. Мұғалімдер оқытудың жаңа әдістемесін енгізу арқылы біліктілігі мен қабілеттілігін жетілдіреді.

  4. Оқыту арқылы оқушылардың дайындық жұмыстары жандандырылады.

  5. Мектептегі бағдарлы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің шығармашылық деңгейі артады.

  6. Оқушылардың кәсіптік бағдары анықталып, қоршаған ортаға баланың көзқарасы бейімделеді.

Мынадай заңдылықты естен шығаруға болмайды, неғұрлым адамның білімі мол болған сайын оның білімге, оқуға құмарлығы, өз білімін жаңалықтармен толықтыруға құштарлығы арта түседі.

Білім беру, шындығында, мазмұнды бола алады: ол мәнді және сондықтан даралық дамытушы, яғни ең алдымен - ойлау сезімінің оянуына ықпал етуі тиіс деген сенім пайда болды. Әйтсе де, педагогикалык білім беру мазмұнында бейнеленген формальді емес

педагогикалық зерттеулердің нәтижесі парадигманың білімдік жинақталған принциптерін сіңіре келе, стандартқа тұтынушылардың сұранысына, қоғамның қажеттілігіне, білім беру қызметінің сапасына сәйкес мұғалімнің іс-әрекеттерін бағыттайды. Білім берудегі тұлғаның өсуі (мұғалім ретінде, оқушы ретінде) өзін-өзі айкындауы, өзін-өзі дамытуы, осыларға деген қызығушылық пен қажеттіліктер дәстүрлі ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекеттердің екінші орындағы және қосалқы жемісі ретінде қалып отырғанын байқаймыз.

б.

250 с.



Әдебиет

  1. Әл-Фараби Ә.Н. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 28 - б.

  2. Баласағұн Ж. Құтты білік. - Алматы, Жазушы, 1986.- 430 - б.

  3. Ахмет Яссауи Ақыл кітабы.- Алматы: Мураттас, 1995.-160 - б.

  4. Қашқари М. Дивани лұғат-ат түркі ХЛИТ. – Алматы: Ғылым, 1995. – 160




  1. Коменский Я.А. Великая дидактика. – М.: Учпедгиз, 1939. – 53 с.

  2. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинение. Т.2. – М., 1981. – 320 с.

  3. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения. Т.2. – М., 1981. –




  1. Құнанбаев А. Шығармалары. Толық жинағы. 2т. – Алматы, 1954. – 330 - б.


174





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет