Қазақстан республикасы білім және жоғары Ғылым министрлігі


Оқу сабақтарын өткізу түрлері



бет6/8
Дата04.05.2023
өлшемі71,71 Kb.
#89953
1   2   3   4   5   6   7   8
Оқу сабақтарын өткізу түрлері:

Лекциялар: онлайн-форматта, бейне-дәрістер, тренингтер, қонақ лекциялары, вебинарлар, бейнеконференциялар, белсенді интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы, дискуссиялар, университеттің ПОҚ және ҚР жетекші жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары әзірлеген ЖАОК;
Зертханалық сабақтар: виртуалды зертханалық жұмыстар, зерттеу, эксперименттік, зертханалық жұмыстарды жеке орындау, зертханалық жұмыстарды топтық орындау, кәсіпорындардағы сабақтар, далалық зерттеулер және т. б.
Практикалық (семинар) сабақтар: стартаптарды, жобаларды әзірлеумен практикалық-бағдарланған тәсіл, практикалық жағдайларды талдау (case-study), виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау және т. б.
СӨЖ: Тапсырмаларға жатады: лекция конспектілерін құрастыру, есептерді шешу, бақылау жұмыстарын орындау, глоссарий, эссе, реферат, портфолио жазу, презентациялар дайындау және т.б. *СӨЖ тақырыптары СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқауларда берілген.


3. Оқу нәтижелерін бақылау:
3.1 Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ / семин. сабақтарындағы сұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау, СӨЖ және курстық жұмысты (жобаны) қорғау;
3.2 Аралық бақылау - коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша);


4. 1 Оқытушының талаптары:
4.1.1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды.
4.1.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады;
4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу;
4.1.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну;
4.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4.1.6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау;
4.1.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – студентті осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу;
4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады;
4.1.10. Білім алушыларға сабақта бетперде тағу және антисептиктері болуы міндеттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет