Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет74/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

байыса там салады, қазақ байыса қатын алады», «Он бесінде ұл еркек, он 
жетіде қыз да еркек» [1, 211 б.]. Мұндай жағдайда келтірілген мақал-мәтел 
автордың, әйтпесе кейіпкердің алдында айтқан ойларына қорытынды етіп 
алынады. 
Ал «Әй, кісі асына сабыр бар деген, сабырлап жесеңші» [1, 203 б.], 
«Сол «шала молда дін бұзар, шартық қошқар қой бұзар» - деген бар емес пе, 
қара ат дегенді «шорнай лошит деп жазыпты» [1,198] тәрізді мақал-мәтелдер 
жеңіл юморға құрылған. 
Мақал-мәтелді қолданбайтын ақын-жазушы жоқ, алайда, әркім өзінше 
келістіреді. Мақалға қарағанда мәтелді жазушы Сафуан Шаймерденов аса жиі, 
әрі қазақи тұрмыстың шынайы өмірін дәл көрсетуде шебер пайдаланғанын 
байқаймыз. Себебі мәтел айтайын деген ойды емеурінмен, тұспалмен жеткізудің 
таптырмас құралы. Мысалы : Сондай бір ашумен: – «Сау басыма сақина 
тілеп» – дегендей, жоқ жерден өнбес жұмыс тауып әуре-сарсаң болғаныма 
кейіңкіреп есіктің алдында отыр едім, кенет астындағы құласын жүгіртіп 
кесек денелі, адырақ көз бір қара қасыма келіп тоқтай қалды [2, 39 б.].
«Үмітсіз сайтан ісі» дегендей жақсыға қолымызды созамыз, бірақ 
уысымызға ілікпесе, сабырсыздық танытып мінез көрсетіп жатпаймыз [2, 
54б.]. 
Суға кеткен тал қармайды дегендей: «Сөйтсе де, бірге өскен құрбы 
емес пе, ең болмаса, кететінін күн ілгері айтып, сырласпайтын не болыпты 
Қарғашқа? Ойымдағыны сонда жеткізермін!» – деп далбасаладым [2, 13 б.]. 
«Ашу»повесінде де мақал-мәтелдерді жиі ұшырастырамыз. 
– Арақ буына түскен адамға «Сырдың суы жұлығына да келмейтіні» 
бар емес пе? [2, 151]. 
Расында да Ұмсындықтың сол білегінде ит тісінің таңбасы. Қан әлі 
тоқтамапты. – Құтырған ит иесіне шабады деген осы [2, 133 б.].
Қонақ сәл ойланды. – Төсекте басы, төскейде малы араласқан қырғыз-
қазақ туыс елміз. Бір күшігіңді қисаң қайтеді? [2, 149 б.].
«Ел құлағы – елу» дегендей, ауылдан келгендердің кейбірі Қарғабекті 
көрінеу жамандаса, кейбірі астарлы күлкімен: «Ол ма? Ол...» деп айрықша 
мән бере әжуалап, көңілге түйткіл салып кететін-ді [2, 182 б.]. 
Келтірілген мысалдардағы «ер қанаты - ат», «ноқталы басқа бір 
өлім», «жүйріктің делебесі дуда қызады», «таңдағы тамақ тәңірден», «ит 
қағанағына қақалмайды», «суға кеткен – тал қарамайды», «үмітсіз сайтан 


Хабаршы №3-2015ж.
168 
ісі», «сау басына сақина тілеу», «сырдың суы жұлығына да келмейді», 
«құтырған ит иесіне шабады», «ел құлағы – елу» сияқты мақал-мәтелдер – 
шығарма жанына әр кіргізеді. Халықтың қазынасы болып табылатын мақал-
мәтелдер – келелі ой, кең мазмұнды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір-
ақ ауыз сөзбен айтып берудің тамаша үлгісі. Оларды көркем шығармада 
пайдалана білудің маңызы зор. Орнын тауып қолданған әрбір мақал мен 
мәтел ойды өткірлеп, ажарландыра түседі [3, 257 б.]. 
С.Шаймерденов мақал-мәтелдерді халықтық сипатта қолданумен қатар, 
өзінше өзгертіп жаңғыртып та жұмсаған. Мысалы: Өзі қонақтап отырған 
бұтақты өзі аралаған Қаһар Жүсіпті не деуге болады?! [2, 22 б.]. Прозадағы 
өзі қонақтап отырған бұтақты өзі аралаған анықтауыштық қатынаста 
жұмсалған үйірлі мүше – халық тіліндегі «өз қолыңды өзің кеспе», «суын 
ішкен құдыққа түкірме», т.б. мақал-мәтелдермен мәндес болса, орыс тілінің 
«не руби сук, на котором сидишь» мақалының аударылып алынған нұсқасы 
деуімізге негіз бар. 
Қаламгер кейіпкердің бейнесін ашу мақсатында халық арасында жиі 
қолданысқа түсетін мақал-мәтелдерді кейіпкердің өз тіліне бейімдеп 
айтқызады. Мысалы: «Байтал түгіл бас қайғының» кері болып, 
мұғалімдіктің өзінен айрылмай аз-ақ қалдым [2, 31 б.]. «Шешінген судан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет