баспын дер, өспес елдің баласы жиырма бесте жаспын дер» [1,65] дегендегісі осы
Кенжеғараға қатысты айтқаны болатын.
«Бала соққан кездіктің басы жарық» [1, 65 б.] - деп Игілік сенімсіздік
көрсеткендей болғанмен, оқығаны, ойлағаны бар Кенжеғара әділет іздейді,
даланың жөн-жосықсыздығын бұзғысы келеді, өсіп-жетіле береді. Автор өзін
ойлантып-толғантқан ой-пікірлерінің денін айтуды Кенжеғараға жүктейді.
«Бірінің басы ауырса, бәрінің балтыры сыздайды», «Ойда он өгіздің мүйізі сырқыраса, қырда қырық өгіздің мүйізі сырқырайды» [1, 323 б.] деген
мақалдар арқылы суреткер бір үйдің адамдарындай болып кеткен адамдардың
арасындағы достық, татулық, туысқандық, бауырмалдық сезімдерін айнытпай
танытады.
Жазушы тарихи мазмұнға бай мақал-мәтелдерді ұтымды пайдаланады.
Мысалы: «Дау қуған ел жауығар, бау қуаған ел сауығар», «Бүтін тұрғанды бүлдірмес болар»; «Өрттің өзінен бұрын түтіні көзге түседі»; «Ағашқа мәуе бітсе бәсең-бәсең» тәрізді жазушы пайдаланған мақал-мәтелдер дүние
үзіктерінің тілдік константалары болып табылады. Өйткені мұнда өмір
сынынан өткен халықтық пәлсапаға кездесеміз, оларда ұлттық даналық,
психология мен тұрмыстық тәжірибе жатыр.
Мақал-мәтелдер жазушының қаламгерлік зертханасынан өтіп, әрқайсысы өз
орнын табады. Кей тұстарда олар халық тіліндегі түпнұсқасымен берілсе, енді бірде
оқиға мазмұнына сәйкестеліп жазушының стильдік қолданысына түседі, яғни
халық даналығынан туған дайын нұсқаларды пайдаланумен бірге, сол
үлгімен жазушы өзі де жаңа мақал-мәтелдер жасайды. Тағы бір ерекшелігі –
Ғабит Мүсірепов кірме мақал-мәтелдерді де барынша ұтымды пайдаланады.
Сөзіміз жалаң болмас үшін мысалдарға жүгінейік. Автор "Қорқау қасқырға жем болғанша, арыстанға жем болған жақсы" деген халық аузында
кең тараған мақалды осы күйінде қолданбай өзінше құрады. Бұл мақалды өз
мақсатына бағындырып, шығарма мазмұнымен байланыстыра "болыстың
өзінен гөрі поштабайының боқтағаны қатты батады» [1, 228 б.] деп
өзгертіп,басқа сөздермен мазмұнын беріп қолданған.
«Оянған өлке» шығармасында Осы ызамен келе жатқан Омар көңілі "Әдемі алма көргенде пышақтың да тісі қышып кетеді» дегендей, Сармантай жағының қызына ауытқып еді [1,87] деген сөйлемдегі мақалдың кірістірілуі
барынша қисынды әрі жеңіл әжуа туғызарлық қолданыс. «Оянған өлкедегі»
Рязанов бір сөзінде «Ақша араласқан жерге есеп-қисап керек дейді ғой орыс мақалы» [1, 73 б.] - дейді. Бұл қолданыс орыс тіліндегі «Деньги любят счет»
мақалының қазақ тіліне аударылып берілген нүсқасы. Тағы бір жерде автор
Қазақ «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дейді. Орыстарда «бір бөшке балды бір тамшы карамай бұзады дейді» [1, 88 б.] - деп, қазақ тіліндегі
мақалға синонимдес орыс тіліндегі «Ложка дегтя портит бочку меда» мақалын
қазақ тіліндегі аудармасы күйінде береді. Ғ.Мүсірепов романдарындағы
мақал-мәтелдер көп жағдайда өзінің тұлға-тұрпатын сақтап, автор ойымен
Хабаршы №3-2015ж.
167
«дер», «деген», «дейді», «дегендей» сияқты дәнекерлер арқылы байланысады.
Мысалы: «...бала соққан кездіктің басы жарық дегендей...», «...бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дейді», «Әйел әйелді сықайынан таниды дегендей...», «Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра деген...» т с.с. Автор кей
жағдайларда мақал-мәтелдерді бөліп, тырнақшаға алмай қолданса, кейде
тырнақшамен бөліп көрсетеді. «Құдай сыбырлағанды естісе, сайтан сыбырламасақ да естиді», «жаман иттің атын Бөрібасар қоймас болар» «ештен кеш жақсы» «шығасыға иесі басшы болады» «жауластыру жаушыдан, елдестіру елшіден»[1, 96 б.] сияқтылар тырнақшаға алынған. Осылайша мақал-
мәтелдер бірде төл сөз ретінде, бірде құрмалас сөйлемнің бір сыңары болып
келеді. Тіпті кей жағдайда мақал-мәтелдер дербес бір сөйлем ретінде көрініс
табады. «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді», «Орыс