Хабаршы №3-2015ж.
51
дәстүрін ойлап қайғыратындай, кинолар қазақ фильмдеріне қарағанда әлде–
қайда жоғары көрерменге ие. Бұндай көрермен жинау үшін де қажырлы
еңбек пен осы саланың тыңғылықты зерттелуі керек.
Бүгінгі күні еліміздің «ОТАУ ТВ» жерсеріктік телевидиниясында
ұлттық – 45 канал бар. Отандық арналарымызды зерттей келе: шоу
бағдарламалар, деректі фильмдер мен жаңалықтарды былай қойғанда,
Отандық «Қара шаңырақ», «Ағайындылар», «Айналайын» т.с.с.
қазақ
менталитетіне сай тәрбиелеп, мінез-құлықты дәріптейтін тек бірен-саран ғана
фильмдер көрсетіледі. Қалғандары шет ел кино туындылары. Жер көлемі
бойынша әлемде 9 орын алатын, табиғаты бай, Менделеев кестесіндегі
барлық элемент қамтылған, батыр-бахадүр-билері де, ұлықтауға тұрарлық
тарихы да бар киелі жерде кино саласының үздік туындыларын осындай
дәрежеде шығару өте аз көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан,
Отандық кино саласына үлкен өзгерістер мен
толықтырулар керек болып
отыр. Ата-әжелерімізбен, отбасымызбен өзге ұлт емес, өз еліміздің уайым-
қайғысын ойлап, соны тағы да көруге асығатын, мақтауға лайық туындылар
шығаруымыз қажет. Мәселенің
өзектілігі де осында. Мәдени-тынығу
жұмысы (МТЖ) арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу қазіргі
Қазақстанның әлеуметтік-мәдени хал-жағдайына аса қажетті болып отыр.
МТЖ жастармен байланыстырудың бірден бір себебі - жалпы адамның бос
уақытын тиімді ұйымдастыруды зерттейтін ғылым саласы.
Бос уақыт-
адамның немесе тұлғаның жеке, физикалық, рухани және әлеуметтік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыстан тыс уақыт бөлігі [10].
Яғни, адам өмірінің тынығатын, демалатын, кино көруге, ойын-сауыққа
баратын, қызығушылықтарын қанағаттандыратын негізгі бөлігі. Сондықтан,
жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға басты назар аударуымыз керек.
Өйткені, жоғарыдағы «керіағар» қылықтарды
жаттап өскен ұрпақтарымыз
ертеңгі күні елдің ата-анасы болғанда қандай тәрбие бермек?! Бұл сұрақ тағы
да зерттеуді, ізденісті қажет ететіндігі анық.
Егер де, аталған мәселе
мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жастардың МТЖ айрықша көңіл
бөлінетін болса, патриоттылыққа тәрбиелеудің жаңаша әрі ауқымды тәсілдері
құрылар еді.
Ғылыми жұмысымыздың деректерін сараптай келе ұққанымыз: оқу
орындарында патриотизмге тәрбиелеу саласы ғылыми негізделген мәдени-
тұрғыдағы белсенді бағдарламаға мұқтаж. Жастардың патриоттық сезімін
мәдени-тынығу
жұмысы
арқылы
арттыру
бағытында
отандық
ғалымдарымыздың арнайы оқулық немесе әдістеме нұсқаулық, бағдарлама
ретінде еңбекттері аз, тіпті жоқ десе де қате болмайды. Бұл тақырыбымыздың
маңыздылығын зерттей келе жинақталған
декертер барысында шет ел
ғалымдарының еңбектеріне талдау жасалды. Халқымыздың ұлы ақыны Абай
Құнабайұлы «Ғылым іздесең орыстан үйрен» деген даналық сөздерін бекер
айтпаса керек. Ресей ғалымдары Н.В.Боброва, А.В.Фатов, К.Г.Елемин,
А.Е.Корупаев,
О.И.Горбунова,
А.Н.Вырщинов,
О.А.Аристархова,
М.Б.Кусмарцев өз еңбектерінде патриоттық тәрбиені мәдени-тынығу
жұмысымен тығыз байланыстырған.
Мәселен, Н.В.Боброва «Гражданско–патриотическое воспитание
средствами социально-культурной деятельности» деген ғылыми мақаласында
Хабаршы №3-2015ж.
52
әлеуметтік-мәдени бағытта жастарды патриоттылыққа тәрбиелеудің маңызын
ашып, жас ұрпақтың түсінігіндегі патриоттылық тұжырымдасмасын
зерттеген.
К.Г.Елеминнің «Развитие лидерских качеств молодежи в студенческих
отрядах средствами социально-культурной деятельности» атты ғылыми
еңбегінде әлеуметтік-мәдени салада көшбасшылық қабілеттерді дамытудың
жолдарын зерттеп, осы салада көшбасшылық қасиетті дамытудың жүйесін
жасаған.
Ал, А.Н.Вырщинов пен М.Б.Кусмарцев «Патриотическое воспитание
молодёжи в
современном Российском обществе» деген ғылыми зерттеу
жобасында негізгі патриоттылық
анықтамасын талдап, тарихына көңіл бөлу
арқылы келешек жастарды тәрбиелеудің МТЖ бағытындағы формаларын
ұсынған.
А.В.Фатовтың
әлеуметтік-мәдениет
саласы
арқылы
жастарды
тәрбиелеуге көңіл бөліп, жастардың негізгі қызығушылықтары мен бос уақыт
жағдайын зерттеп, сипаттаған «Социальное воспитание студенческой
молодежи в культурно-досуговой деятельности» атты еңбегінде тілге тиек
етуге болады [11, 282-411 б.].
Аталған зерттеу жұмыстарын саралай келе, осы сияқты ғылыми зерттеу
жұмыстарының қазақ тілінде зерттеу ауқымын кеңейту керектігі байқалды.
Тақырыптың тек шет елдерде егжей-тегжейлі, теориялық және тәжірибелік
бағытта зерттелуі, мәселенің біздің Отанымызда әлі де болса
өзекті екенін
түсіндіреді.
Сондықтан да студенттердің оқу-тәрбие процесінде жастардың
патриоттылық құндылықтарын арттыру мақсатын мәдени-тынығу жұмысы
арқылы жүргізу
зерттеуіміздің өзектілігін айқындайды.
Аталған қайшылықтың шешімін табу үшін зерттеуіміздің тақырыбын
Достарыңызбен бөлісу: