Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


ұстаздары ретінде танылған жыршы-жыраулар шығармашылығының



Pdf көрінісі
бет32/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102
ұстаздары ретінде танылған жыршы-жыраулар шығармашылығының 
алар орны ерекше. 
Қазақ халқы тарихында алғаш рет елдікке қол жеткізіп, XV ғасырдың 
орта тұсында, яки 1456 жылы Шу бойында іргетасы қаланған Қазақ 


Хабаршы №3-2015ж.
64 
хандығының үш ғасыр бойғы тыныс-тіршілігінің (ХV-ХVІІІ ғғ.) рухани 
өміріне дем беруші қазақ жыршы-жыраулары мен би-шешендерінің тәлім-
тәрбиелік мұрасын зерттеп, туған еліміздің педагогика тарихын тану бүгінгі 
тәуелсіз Қазақ елінің көкейкесті мәселесінің бірі. Бұл орайда Қазақстан 
тарихы мен рухани мәдениетінде өзіндік із қалдырған даламыздың 
ғұламалары атанған ақын, жыршы-жырауларымыз бен би-шешендеріміздің 
өмірі мен шығармашылығы жөнінде мол деректер беретін танымал Қазақстан 
философтарының (Ж.А.Алтаев, Ғ.Есімов, А.Қ.Қасабек, М.С.Орынбеков т.б.), 
тарихшыларының (М.Х.Әбусейтова, К.М.Байпақов, С.Ж.Жолдасбайұлы, 
М.Қани, М.Қ.Қозыбаев, Ә.Х.Марғұлан, Х.Маданов т.б.), әдебиетшілерінің 
(Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.Мағауин, М.Байділдаев, С.Негимов, 
Ж.Дәдебаев 
т.б.), 
педагогтарының 
(Қ.Б.Жарықбаев, 
С.Қ.Қалиев, 
С.А.Ұзақбаева, Т.М.Әлсатов, Г.Р.Бахтиярова және т.б.) ғылыми еңбектері 
халықтық рухани мұраларымызды танымдық-тәрбиелік тұрғыдан талдап
зерделеуге зор мүмкіндіктер береді. 
Қазақ халқының саяси-тарихи, мәдени-рухани дамып, қалыптасуына 
айрықша үлес қосқан ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген дала ұстаздары – 
ақын, жыршы-жырауларымыз: Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, 
Ақтамберді, Бұқар, Шал, Әнет және т.б. көптеген бабаларымыз болды. 
Түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген дана ойшылдар, «ел басқарған би-
шешендер, ақындар, жыршы-жыраулар ел ішінде ой түйіп, әділ төрелік 
айтумен бірге бүкіл халықтың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде теңдесіз қызмет 
атқарумен қадірменді саналған» [2, 37 б.]. 
Қазақ сөз өнерінің иелері атанған ақын-шешендер мен жыршы-
жыраулардың қалдырған әдеби мұрасы ата-бабалардан жеткен тарихи 
қалыптасқан халықтық педагогикалық мәдениеттің айқын көрінісі, ол бүгінде 
жас ұрпақ үшін өткен тарихтың шынайы бейнесін танытатын рухани қазына, 
әрі таптырмас тәрбие құралы. 
Көрнекті түрколог-ғалым В.В. Радлов қазақ тілінің тазалығы туралы 
айта келіп, «... қазақтар басқа тайпаларынан суырып салып айтуға ұста, 
шешендігімен ерекшеленеді» - деп, халқымыздың сөзге шешен, қажетті 
жерінде сөз тауып айта білетін ой жүйріктігімен ерекшеленетін өнерін 
жоғары бағалаған болатын [3, 30 б.]. 
Ұрпақ тәрбиесі жөнінде өнегелі сөз айтып, қазақ халық 
педагогикасының мазмұнын байытқан Асан қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет