Хабаршы №3-2015ж.
53
сапалы білім, саналы тәрбие беруде бойларындағы қабілет-қайратын
аянбаған ұжым қызметкерлері алдыңғы сатыға тәрбие мәселесін қояды.
Университетімізде студенттермен мәдени,
тәрбиелік, эстетикалық тұрғыдан
тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін тәрбие жұмысы және жастар саясаты
жөніндегі проректор, тәрбие ісі жөніндегі бөлім, студенттердің
шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал ететін, тәрбиелік маңызы зор
іс-шараларды ұйымдастыруда жұмыстанатын мәдени-демалыс жұмысы
жетекшісі, студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір
салтын қалыптастыруы үшін спортклуб, түрлі
шығармашылық, зияткерлік
үйірмелер, жетекші кураторлар және 2005 жылы университеттің басқару
құрылымына енгізілген жастар даму орталығы (студенттік өзін-өзі басқару
бөлімі) бар. Жастар даму орталығында жұмыс істейтін студент-жастар
университеттегі басқару үрдісіне қатысып, оқу, ғылым және тәрбие ісіне
байланысты шаралар тізбегінде жұмыстанып келеді [13, 8 б.]. Зерттеу
жұмысымыздың барысында биылғы оқу жылы университетте патриоттық
сезімді арттыру бағытында өткізілген іс-шараларға талдау жасадық. Алынған
деректер бойынша 2014-2015 оқу жылының қыркүйек-сәуір айы аралығында
төмендегідей шаралар өткізілген:
1. «Ата заң- жастар бастамаларының қолдау кепілі».дөңгелек үстел.
2. «Қазақ поэзиясындағы А.Бақтыгереева» кеші.
Ғылыми-тәжірибелік
конференция.
3. Жастардың патриоттық форумы
4. «Жасыл ел», СҚЖ жұмыстарының ІІІ-семестірінің жабылу салтанаты.
5. Тұңғыш Президент күніне орай республикалық дебат.
6. Тәуелсіздік күніне арналған концерт.
7. Ұлы жеңіс 70 жылдығына орай университет оқытушылар мен
қызметкерлері арасында спартакияда. т.б
Мәдениет және өнер факультетінің студенттік деканатынан және аға
оқытушы, магистр Г.Е.Жұмағалиевадан алынған мәліметтер бойынша:
«Талант-2014», «Бір ел-бір халық-бір болашақ» атты ҚХ Ассамблеясына 20
жыл толуына орай фестиваль өткізілген, «Студент жастардың мәдени-
шығармашылық қабілетін дамытудың жаңа технологиясы» ғылыми
тәжірибелік айлық ұйымдастырылған т.с.с. Жоғарыда аталған деректер
жалпы патриоттылық бағытты қамтығанымен,
нағыз патриоттық сезімді
арттыруға арналған шаралары өте аз болып отыр. Себебі: Ассамблея аясында
өткізілген шаралар, бірінші кезекте өзге ұлт өкілдерін сыйлау,
толеранттылыққа баулуды көздейді. Ал, конференция мен ғылыми-
тәжірибелік айлықтар жастарды ғылыми бағытта жетілдіруге арналған.
«Талант-2014», «8-наурыз» т.б концерттер – студенттердің шығармашылық
қабілеттерін анықтап, өнерлерін шыңдауға бағытталған. Спартакиядалар мен
түрлі спорттық жарыстар салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған.
Зерттеу жұмысымызды талдай келе, осы жыл ішінде Тәуелсіздік күніне
арналған концерт, Тұңғыш Президент күніне орай республикалық дебат, Ата-
заң жастар бастамаларына қолдау кепілі дөңгелек үстел т.с.с бірнеше
шаралар патриоттылықты арттыруға бағытталған. 1 жыл көлеміне өткізілген
шараларға сараптама жасай келе, БҚМУ да күндізгі бөлімде 4000-нан аса
студент білім алатын болса, аталған шараларды әлі де болса көбейтудің реті
Хабаршы №3-2015ж.
54
бар екендігіне көз жеткізуге болады. Осыдан, мәдени-тынығу бағытындағы
аудиториядан тыс шаралар арқылы жастарды
патриоттылыққа тәрбиелеу,
рухани құндылықтарын байыту мәселесі тәжірибелік зерттеулерді әлі де кең
көлемде қажет ететіндігінің тағы бір дәлелін көруге болады.
Жастардың, әсіресе, студенттердің патриоттық сезімін арттыру
бағыттары бойынша төмендегідей МТЖ формаларын өткізуді ұсынамыз:
Әңгіме, патриоттық бағыттағы ғылыми конференциялар, сыныптық
сағаттар;
Салтанатты жиындар, «Ерлік, Отан қорғау, Ескерткіштер» т.б
тақырыбында дәрістер;
Экскурсия, ұлттық құндылықтар сақталған мұражайлар мен
ескерткіштерге саяхат жасау, патриоттық тәсілдегі ойындар,
тарихи
мекендерге, жерлерге және соғыс ескерткіштеріне саяхат жасау;
Шерулер, патриоттық әндер, спорттық ойындар;
Патриоттық бағыттағы фильмдер, видеолар көру және оған түсіндіру
жұмыстарын жүргізу;
Конкурстар, мерекелер, Виктариналар;
Рөлдерде ойнау, театрландырылған қойылымдар, жағдаяттарды шеше
білу;
жобалар жасау, модельдеу;
ҰОС ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру, танымал адамдармен
кездеслер ұйымдастыру;
тест, сұрақ-жауаптар жүргізу, тренингтер өткізу;
азаматтық-патриоттық тәрбие туралы кітаптарды презентациялау;
әлеуметтік акциялар;
шоу бағдарламалар, концерттік бағдарламалар;
дебаттар, жарыстар және т.б.
Аталған бағыттар бойынша мәдени-тынығу жұмысы арқылы жастардың
патриоттық сезімін аттыру үшін зерттеу жұмысымызды қарастыра келе МТЖ
формаларына көңіл бөлдік.
№1 суретке назар аударыңыз:
№1 сурет.
Хабаршы №3-2015ж.
55
МТЖ кез-келген формасы арқылы патриоттылыққа тәрбиелеудің
жобасын жасауға болады.
-
кино, режиссура саласында бір немесе бірнеше фильм түсіруге
болады. Оның ішінде студенттер арасында жарыс ұйымдастырып, «Мен
елімнің болашағымын», «Біздің университет», «Қазақтың патриоттары» т.б
тақырыптарында кино немесе шағын видео ролик түсіру;
- МТЖ мамандарымен бірлесе отырып, «Менің елім», «Қазақ жастары»,
«Туған жер» т.с.с шоу бағдарлама, концерттер
ұйымдастыру;
- студенттердің қызығулышықтарын қанағаттандырып, әсерлі көңіл күй
сыйлайтын «Ел ертеңі жас ұрпақ», «Біз елімізге қалай үлес қосамыз?»,
«Жастарды не қызықтырады?», «Мен көшбасшымын», т.б ойын, дебат,
тренингтер ұйымдастыру;
- қызықты, маңызды, патриоттылықты дәріптейтін, теартландырылған
көркем қойылымдар және спорттық көңілді шаралар
ұйымдастыру;
-
Қазақстан Республикасыда көп ескерілмей жүрген
мәдени
қызметкерлер күні, Отан қорғаушылар күні, Құрылысшылар күні, мұғалімдер
күні т.б күндерге мерекелік, рәсімдік іс-шаралар мен акциялар
ұйымдастыру
;
Достарыңызбен бөлісу: