Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   102
Бахтиярова Г.Р. − п.ғ.к., доцент
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ 
Е-mail: aibol04 @mail.ru 
 
ХАНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚ ЖЫРШЫ-ЖЫРАУЛАРЫ 
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН 
ҮНДЕСТІГІ 


Хабаршы №3-2015ж.
63 
 
Аннотация: Мақалада халықтық тәрбие тарихында айрықша орын алатын 
және өзіндік тарихи қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық мәдениетімізді танытатын 
қазақ 
хандығы 
дәуіріндегі 
жыршы-жыраулар 
толғауларының 
халықтық 
педагогикамен үндестігі, сабақтастығы жан-жақты талданып, тұжырымдалады. 
Жыршы-жыраулар шығармаларының танымдық-тәрбиелік рөлі айқындалып, сөз 
етіледі. 
Кілт сөздер: халық педагогикасы, этнопедагогика, дәстүрлі педагогикалық 
мәдениет, халықтық тәрбие. 
 
Мақала егеменді Қазақстан тарихында айрықша
орын алатын қазақ хандығының 550 жылдық 
 тарихи тойына арналған іс-шаралар аясында жазылды. 
 
Егеменді Қазақстанның мемлекеттілік тұғырының нығаюы мен бүкіл 
әлем алдында саяси-экономикалық беделінің өсуі Республикамыздың 
халықаралық аренадағы саяси-мәдени рөлін арттырып, бұрынғыдан да 
айқындап отыр. Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің 
дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы рөлімен ғана емес, бай, 
әрі терең тамырлы тарихи, рухани-мәдени мұрасымен көзге түсуде. 
Үстіміздегі жылы елімізде президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 
бастамасымен мемлекеттік және халықаралық деңгейде қазақ хандығы 
құрылуының 550 жылдық тарихи тойын атап өту аясында бірқатар игі іс-
шаралар атқарылып жатыр. Осы орайда қазақстандық педагогика 
ғылымының өкілдері де 550 жылдық тарихы бар қазақ жыршы-
жырауларының терең тағылымдық-тәрбиелік мұраларын қайта саралап, 
этнопедагогикалық тұрғыдан талдап, тұжырымдауға талпынуда. 
Ел тарихындағы бұл қазақ хандығының құрылуы ұзаққа созылған этно-
мәдени, рухани және саяси дамулардың нәтижесінде жүзеге асқан тарихи 
күрделі процесс. Сондықтан да бұл кезеңнің өкілдері болған қазақ жыршы-
жырауларының толғауларының мазмұны зор саяси-қоғамдық, рухани-мәдени 
және әлеуметтік-педагогикалық мәнге ие. 
Адамзат дамуының барлық кезеңдерінде де әрбір ұлттың төл мәдениеті 
ұрпақтар сабақтастығының қайнар бұлағынан нәр ала отырып, өзінің 
өркениеттік мәдени тәжірибелерін дәстүр жалғастығы заңдылықтарына сай 
дамыта білген. Бұл табиғи өмірдің басты заңдылығы болып табылады, ұлттық 
мәдениеттің өресі дәстүрлілік сарын мен жаңашылдықтың өзара үйлесім 
тапқанында ғана биік болады [1, 12 б.]. 
Тарихи-мәдени даму барысында қалыптасқан қазақ халқының дәстүрлі 
педагогикалық мәдениеті бүгінгі ғылыми педагогикамен үйлесім тауып 
байланыспайынша, ұрпақ тәрбиесінің нәтижелі, оның болашағының айқын 
болуы күмән туғызады. Осы ретте терең тамырлы өз халқымызға тән дәстүрлі 
педагогикалық мәдениетің қалыптасып, даму тарихында ғылымда ХІV-ХV 
ғасырлардан бастау алатын қазақ хандығы тұсындағы есімдері дала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет