Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, Әнет және т.б



Pdf көрінісі
бет33/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102
Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, Әнет және т.б. 
поэзия тіліндегі толғаулары, қанатты сөздері танымдық маңызымен қатар, 
тарихи, мәдени, рухани, адамгершілік, эстетикалық, отаншылдық, 
патриоттық тәрбиелік мәнімен де аса құнды. Аузы дуалы жыраулар мен 
шешен, билер елге басшылық етіп, ақыл-кеңесші болумен бірге, өз 
шығармаларында сол дәуірдегі халықтың ауыр тұрмыс жағдайын, ел мұңын, 
азаттық үшін болған қанды майдан көрінісін, ерлердің ерлігі мен 
қаһармандығын арқау етіп, тарих шындығын өз жырларына қосты. Олар өз 
шығармаларында халықты өнегелі сөздерімен, жыр толғауларымен 
ынтымағы жарасқан ел болуға, береке-бірлікке шақырып, елі мен жерінің 
тұтастығын сақтауға ықпал етті. Қоғамдық өмір сахнасынан көкейкесті ойлар 
айтып, ел ұйытқысына айналды. Олар өз шығармаларында халыққа тән 


Хабаршы №3-2015ж.
65 
адалдық, патриотизм, гуманизм, еңбек сүйгіштік, мейірімділік, достыққа 
деген беріктілік, өз жауына деген қаталдық, батылдық секілді қасиеттерді 
жан-жақты жырлады. 
Жыршы-жыраулар шығармашылығы тарихтағы түркі тектес көшпелі 
тайпалардың этникалық топтарға жіктеліп, қазақтардың халық болып 
қалыптасуымен, ХV ғасырдың орта тұсында қазақ хандығының құрылуымен, 
оның рухани кескін-келбеті, әлем таныған дәстүрлі мәдениетінің өркендеп, 
дамуы секілді қоғамдық жағдайлармен тығыз байланыста өмір сүрді. Осы 
тарихи кезеңде халық ішінде сөз өнерінің қадір-қасиеті айрықша артты. 
Қарапайым халық сөз өнеріндегі тапқырлық пен ұтымдылықты, білгірлікті 
бағалайтын болды. Халық арасынан небір жезтаңдай ақындар мен жыршы-
жыраулар шықты. Осылайша қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, рухани 
тыныс-тіршілігінің өзіндік сипаты айқындалып, тұлғалана түсті. Әсіресе тіл 
әрбір халықтың ерте кездерден бергі өсіп-өркендеуінің, дамуының, тұтастай 
дерлік болмысының көрінісі екендігін ескерсек, сол тілдің арғы жағында 
халықтың тыныс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, тарихы 
тұрады. Тілсіз мәдениет те жоқ. Тіпті халықтың тектілігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет