DBChart және QRChart компоненттерінің шығар көзін Table - кесте деп анықтауға болады.
Диаграмма құрылғандағы пайдаланылатын берілгендердің мәндерін басқару үшін Add, Delete, Clear әдістері қолданылады.
Add (Const AValue :Double; Const ALabel:String; Acolor:Tcolor): LongInt функциясы Avalue параметрімен анықталған мәнді диаграммаға қосады. Диаграмма шығарылғанда, Alabel - мәндің атын, ал Aсolor - оның түсін анықтайды.
Delete(ValueIndex:LongInt) процедурасы ValueIndex нөмірімен анықталған мәнді жояды. Жалпы барлық мәндерді жою үшін Clearпроцедурасы қолданылады.
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.
Графикалық элементтер объекттің үстінгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б.) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланамыз.
Мысалы, form1.Canvas.Restangle (10, 10, 100, 100); Бет (Холст) Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден – пиксельдерден тұрады, олардың әрқайсысы көлденең (х) және тік (у) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш жәнеқылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі (контуры);