MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады:
Объект.Canvas.MoveTo(х, у); Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәндеріне тәуелді болады):
Объект.Canvas.Ellipse(x1, y1, x2, y2); Мұндағы х1, у1, х2, у2 – ішіне эллипс сызылатын тіктөртбұрыш координаттары.
Arc әдісі доға сызады:
Объект.Canvas.Arc(x1, y1, x2, y2, х3, у3, х4, у4); Мұндағы х1, у1, х2, у2 – эллипс параметрлері, эллипс бөлігі яғни сызылатын доға болады.
Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:
Объект.Canvas.Rectangle (x1, y1, x2, y2); Мұндағы х1, у1 және х2, у2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астынғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.
FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структуранының TRect типі. Мысалы:
var R :Rect(20, 20, 150, 150); with Canvas do begin Brush.Color:=clRed; FillRect(R); end; end; Canvas объектінің қасиеттері Айтып кеткендей, программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixelsқасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы, нұсқауы
Form1.Canvas.Pixels[10, 10] :=clRed; форм бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.
Мысал1. Форма бетіне олимпиядалық жалау суретін салайық. Объектіні Image компонентінің үстіне шығарамыз. Формаға Image, button1 компоненттерін орналастырамыз. Button1 компонентінің Caption қасиетіне «сурет салу» мәнін енгіземіз. Button1 компонентінің Onclick оқиғасын құрамыз. Коды:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
with Image1.canvas do
begin
pen.Width:=1;Pen.Color:=clblack;
brush.Color:=clcream;Rectangle(30,30,150,115);
pen.Width:=2;brush.Style:=bsclear;
Pen.Color:=clblue;ellipse(40,40,80,80);
Pen.Color:=clblack;ellipse(70,40,110,80);
Pen.Color:=clred;ellipse(100,40,140,80);
Pen.Color:=clyellow;ellipse(55,65,95,105);
Pen.Color:=clgreen;ellipse(85,65,125,105);
end;
end;