Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет10/11
Дата07.01.2022
өлшемі57,11 Kb.
#17085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
9.12.2020.Бекзат Курстық жұмыс

Қорытынды



  1. Тәуелсіздік сіз бен бізге оңайлықпен келген жоқ.Талайдың тағдыры жаншылды,талайдың өмірі осы жолда құрбан болды.Талай адам болашағына зиян тигізді,оқудан кеткені қанша,сотталғаны қанша,кемтар болып қалғаны қаанша.Сондай қан мен,жан мен келген азаттықтың,бостандықтын,тәуелсіздіктің қадірін сіз бен біз біліп жүрміз бе.Кешегі ерте кеткен боздақтардың еңбегін біз сезіне аламызба.

  2. 1986 жыл. Қазақстан желтоқсаны Ресейдегі 1905 жылды еске түсіреді. Онда Санкт-Петербургта қанды жексенбі болса, Москвада желтоқсанда қарулы көтеріліс болды. Алматыда осы екі құбылыс ұш күннің ішінде өтті. 1905 жылғы қанды жексенбіні Гапон поп басқарды, оны полковник Зубатов бастаған охранкасы ұйымдастырды. Алматы желтоқсанын Театр-көркем өнер институтының І-ІІ курс студенттері басқарды, - дегенге сенгің келмейді. Жастар өздерінің лидерлерін апаттан сақтап қалды. Ал енді көтеріліс тарихқа айналған сәтте оның көсемдері кім?- деген сауалға жауап іздер кез келді.

  3. Алматы және басқа қалаларда шеру ұйымдастырған жасалаушыларға қарсылықты бастаған қозғалыс лидерлерінің бейнесі қандай, олардың жан құбылысы қандай? Бұл сұраққа да жауап жоқ.

  4. Желтоқсан күндері қазақ жастары бірыңғай өздері болған жоқ. 2400 милициға әкелгендер ішінде 25 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз бары белгілі. Олар Желтоқсан идеясына сенген Қазақстан халықтарының өкілі. Бұл болса, тоталитарлық команданың - әміршілдік жүйеден жапа шеккен жалғыз қазақ емес, барша совет халқы, оның ішінде орыс халқы бар екендігін көрсетеді. Е. Евтушенко: «Никто, как русские, так не спосал других, никто, как русские, так сам себя не губит» дегені әділ-ақ. Проблема жан – жақты зерттеуді көрсетеді.

  5. «1986 – Желтоқсан» жалғыз жастарды ғана қақсатып кеткен жоқ.

-Тоңдырды мені,

-Тоңдыр ды сені,

-Желтоқсан үні ызғарлы,

-Солдырып гүлді,

-Оңдырып нұрды,

-Көңілде мұңды із қалды, -

дегендей, ол барша қазақ халқына, оның зиялы қауымына әсер етті, олар 1937 жылғыдай жалпылама террорға ілікті, қудалауға, сенімсіздікке түсті. Міне, сондықтан да – «1986 желтоқсан және зиялы қауым» арнайы зерттеуді қажет етеді.

5.Қозғалыс 1986 желтоқсанның үш күнімен шектелмейді. Ол бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты жандандырды. Міне сондықтан да зерттеушілер қозғалыстың түпкі қайнарын, оның маңызын, әсерін, жалпыұлттық дәрежеде қаралуы абзал.

«Желтоқсан – 1986» - 1731 жылдан басталған ұлт – азаттық қозғалысының құрамды бөлігі, оның азаттық пен бостандыққа апаратын ұзақ жолының биік бір белесі. Ол бізге осы бір жақсылығымен, қайырлығымен қымбат. Болашақта тарихшы әулет әлі де оның ойы мен қырына үңіліп, тағылым аларлық қасиеттерін іздейтініне күмән жоқ. Тек қана олар: «Платон қымбат, ал шындық одан да қымбат», - деген қанатты сөзді жадына сақтап, шындық жолынан таймаса болды. Біз аңғарған «1986 – Алматы. Желтоқсан» қозғалысына байланысты дақпырт пен шындықтың кейбір нышандары міне осындай.

Кешегі Қайрат,Ләзаттардың ерлігімен келген бұл бостандық,бұл тәуелсіздік сіз бен бізге аманат.Бұл елді көтеріп одан ары дамытып келесі ұрпаққа аманаттау бізідң алдымызға қойылған мақсатымыз деп білемін.Жаратқан желтоқсанда қыршыннан қиылған боздақтардың рухын пейіште шалқытқай деген ізгі ниетпен курстық жұмысымды тәмәмдаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет