Реферат тақырыбы: «Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер»



Дата11.12.2023
өлшемі30,61 Kb.
#137571
түріРеферат

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер»

Негізгі бөлім:
I. Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер
Қорытынды:

Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер:


Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40—50 жылдары шарықтай түсті. Бүл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи қүқығын шектеу, үлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси жэне мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бүзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бүл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жүмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.
Мэскеу мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” үйымдастырылды. Е.Бекмаханов согыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин жэне тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп үзамай сынга алынып, эсіресе, кітаптагы үлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XIX гасырдың 20—40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға үшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік түрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі макала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-үлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды.
Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жүмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровскнй осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғүлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-үлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.
1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекеттерінің мэдениетіне коңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес эдебиетшілері — Б.Кенжебаев, Т.Нүртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов үлтшылдар ретінде кудаланды. Ғылым Академиясының ирезиденті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “үлтшыл” атанса, М.Әуезов 1945 ж. жарық көрген “Абай өмірінің жэне творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мэшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінэлар тағылғаннан кейін, Мәскеуге қоныс аударуға мэжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінэ тағылды. Сонымен катар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Қүнанбаев” атты эдеби еңбегіне де космополиттік деген кінэ тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мүқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мүқанов алғысөз жазған К-Аманжолов пен Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың “Мэншүк” еңбектері қайтып алынды.
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген үғымды әкімшіл-эміршілдік жүйе түншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаган Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл жэне мэдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке түлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну мэселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-зміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық ісэрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бүл — әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.
Сотталған адамдар бүрынғыша лагерьлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси кайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазакстандағы тың жэне тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен эсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтың орнына КСРО мэдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955— 1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957— 1960), Д.А.Қонаев (1960— 1962), И.Юсупов (1962— 1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, үлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді.
1956 жылы 14 ақпанда Мэскеуде КОКП-ның XX съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаган коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін эшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық жэне оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мэжілісінде котеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің XX съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мэтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.
Тарихта “жылымык” деп аталып .жүрген 1954— 1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес жэне қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930— 1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта каралып, 1953— 1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ¥лы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мүқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тэртіпті сынға алуы үлкен ерлік болганымен, олар эбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай комму нистік үлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтүрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов жэне т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси эділ баға берілген жоқ. ¥лттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жэне тағы басқа көптеген мэселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта қүрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-эрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға үшыраған башкұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жагынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта күруға экімшіл-эміршілдік жүйе тыйым салды.
Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тэртіп зиялыларды бакылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953— 1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, Қ.Шаңғытбаевтың “Намыс” жэне т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялануға тыйым салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия үйымдарына “Партия ұйымдарының бүқара арасындағы саяси жүмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сойтіп, түтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сэуір айларындағы большевиктердің тактикасы” атты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бүрмалағаны үшін” жэне өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам түтқындалды. Мүндай келеңсіздіктер 60— жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959— 1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одагы республика компартиясыньщ төрағасына С.Торайгыровтың творчествосын қайта карау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рүқсат сұрады. Бүган жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, үлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканыңбарлықөмірінетікелейараласты.Қазақстанныңоңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мэскеуге бағындырылды. Ақмола — Целиноградқа, Батыс Қазақстан — Орал облысына айналды. ¥лт саясатындағы бүрмалаушылықтар халық арасында, эсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар тугызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу — тәртіпсіздіктің салдары ретінде багаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тэтімов, М.Әуезов бас болып “Жас түлпар” атты үйым қүрды. Мақсаты — қазақ жастарының үлттық санасын ояту. Мүндай үйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Акмолада, Семейде, Шымкентте жэне басқа жерлерде пайда болды.
Қазақстанды орталықтан басқару үлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың эскери сүранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар жэне Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық жэне қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылга дейін 343 сынақ жасалды. Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммуннзмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды үсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия қүрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланылды.
Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғаргы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан түрды, яғни балама болмады. Конституцияда тэуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бүйрықжарлықтарын орындап отырган. Ешбір кеңестік заңда бүл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде экімшіл-эміршіл жүйе билік қүрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшак еді. КСРО Жогарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5— 8 мың адамнан — біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан — 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті экімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаган депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін аткару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.
Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің торагасы болып А.Н.Косыгин тагайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан КП OK 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды.
1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның түңғыш президенті болып Қ.И.Сэтбаев сайланды. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар — М.Әуезов, Ә.Бектұров, М.И.Горяев, А.Қ.Жүбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүшекоррес-понденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғүлан, М.И.Усанович жэне т.б. сайланды. 50- жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жүмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның кешенді металлогендік эрі болжамдык картасын жасағаны жэне оның әдістемесін зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сэтбаев жэне басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды. Ал жоғары оқу орындарының қүрамына тоқталар болсақ, 50- жылдары 13 институт: Семейде — малдэрігерлік-зоотехникалық және медициналық, Қарағандыда— медициналык, политехникалық жэне педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте жэне басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тэртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол жэне пионер үйымдары, мүғалімдер жас үрпақтың санасы мен мінез-қүлқын қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тэрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқүрайлы қарауы орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950—1970) қазак мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек түрмыстық қолданыс дэрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тэртіптің бүл қылмысының нәтижесінде қазақ халқының үлттық мәдениетінің аясы жылдан-жылға тарылып, тіпті үлттық аумаққа қауіп төнген жағдайлар орын алды.
Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем идеологияға айналды. ¥лттық мәселелердің барлығы тек интернационалдық тэрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде ұлыдержавалық шовинизм жатты. ¥лттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болыи, көбірек дәріптелді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы кітабы. Авторлары: Қ.С.Қаражан, Ж. Әбсеметова,Ф.А.Қозыбақова, Т. Мекебаев, С.С. Саржанова,С.Смагүлов, Ш.Б.Тілеубаев.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет