Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Көтерілістің қозғаушы күші



бет9/11
Дата07.01.2022
өлшемі57,11 Kb.
#17085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.3.Көтерілістің қозғаушы күші

Әлбетте желтоқсандағы көтерілістің қозғаушы күші көп дегенмен бастысы бұл ел ағасы,ұлт зиялысы Дінмұхаммед Ахмет ұлы Қонаевті орнынан алып,орнына Колбин деген біреуді қою болды.Бұл тек Д.А.Қонаевқа жасалған қастандық емес бүткіл қазақты басынғандық.Факталар желтоқсан қозғалысына қазақ жастарының шыққандығын көрсетеді. Америка Хельсинки тобы олардың орта жасы 25 – те екенін растайды. Жазушы Т. Бейісқұлов «Желтоқсан ызғары» атты еңбегінде 99 сотталған жастар туралы деректер береді. Олардың 23-әйел, 40 жұмысшы, 47 студент жастар. Милиция пунктіне әкелгендердің 1163 жұмысшы жастар, ал Мемлекеттік Қауіпсіздік коммитетіне әкелгендердің 87 студент, 57қызметкер, 102 жұмыссыздар.

Желтоқсан 1986 – жастар қозғалысы, болашаққа үміт артқан ұрпақ қозғалысы, бұл бір. Олардың құрамында жұмысшылар, қызметкерлер, жоғарғы және арнайы орта білім алу жүйесінде оқитын студенттер бар. Көтерілісшілер қазақ қауымының қалыбы сияқты. Ұлтымыздың 57 проценті ауылда тұратыны белгілі. «Декобристер» де солардан шықты [54]. Ендеше, «Желоқсан 1986» қозғалысының қозғаушы күші – халық, демос. Ұл екі «Желтоқсан 1986» - қозғалысы тек қазақтардың ғана әрекеті емес. Демонстрацияға шыққандар қатарында орыс, ұйғыр, татар, қырғыз, шешен, армиян, түркімен, башқұрт халықтарының өкілдері бар. Әрине 10-15 мың адамның ішінде олар аз, бірақ бар. Осы бір факт ұлттық қозғалыстың демократиялық пиғылдағы басқа халықтардың өкілдеріне де ықпалы бар екендігін байқатады. Бұл үш.

Сонымен 1986 жылғы желтоқсанда демократиялық - ұлттық қозғалыс өрбіді. Оның қозғаушы күші болып, демократиялық рухты басшылыққа алған ұлттың барша тобынан шыққан реформатор жас буын еді.Бұл қозғалыс қоғамның даму барысында қалыптасып, пісіп – жетілген-ді. Оның шығу, өрбу себебі – жүйенің шала дүмбілезділігінде, оның империялық, тотолитарлық, казармалық табиғатында жатыр. Кейбір авторлар Д.А. Қонаевты бірінші хатшылықтан алып тастау ұлттың қабырғасын қайыстырып, көшеге жастар сол үшін шықты, - дегендей пікірлер айтады. Сөз жоқ, Д.А. Қонаевқа жасаған қатыгездік елді тебірентті. Бірақ ол жараны тек ушықтырған оқиға еді. Зерттеушілердің бір тобы себеп пен сыфлтауды, жебеуді орын ауыстырып қателеседі. Шын мәнінде қозғалыс империяға, оған тән мерездерге қарсы болған-ды. Д.А. Қонаевтың орнынан түсуі - қозғалыстың сылтауы, желеуі. Қозғалыс – демонстрация, монифестация, бейбіт диолог түрінде өрбіп, соңғы сәтінде – көтеріліске ұласты.

Бес қаруы сай қарулы күштің иесі мен жүйе қаражүхділіктердің әдісімен ешбір күнәсі жоқ жастардың қанын жосадай ағызды. Сондықтан қозғалысты «Желтоқсан 1986 қырғыны» деп атауға да әбден болады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, желтоқсан қозғалысы ұлт- азаттық тарихында ерекше орын алады.

ХХ ғасырда ұлт –азаттық қозғалысының жаңа сатысы басталды. Оның басы – қасында «-Оян-қазақ!» ұранымен шыққан, демократиялық Ресейдің құрамында қазақ елін европалық жолмен дамытуды, жаңғыртуды көксеген реформалар - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай бастаған ұрпақ еді.

Бұл ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түлеу кезеңінің басы еді. 1916-1937 жж. қазақ халқы ұлт – азаттық қозғалысының сергелден кезеңіне түсті, ұлт қырғынға ұшырады, оның рухының қаймағы, кілегейі тұтасқа жақын құрып кетті, ұлт-азаттық қозғалысы өз қанымен тұншықты. Алайда халық өзінің жауынгерлік рухын жоғалтпады, 1916, одан қалды шаруаларды күшпен зорлап ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтеріліске шықты. Соғыстан кейін халық өзінің жарасын жазды, күшін жинады, біртіндеп ояна бастады. Бұл процестерді рухани өмірдің көсемі, зиялы қауым басқарды. Желтоқсан дүбірі кезінде Алматы құрылыс- энергетика техникумының 3 курс студенті Жамбыл Тайжұмайев жандырған машинаның қасында І. Есенберлиннің «Көшпенділерін» көтеріп тұрғанын жазады. Шындығында да М. Әуезовтың «Абайы», С.Мұқановтың «Мөлдір махаббаты», «Жұмбақ жалауы», «Балуан Шолағы», «Менің мектептерім», О. Сүлейменовтың «Аз и Я–сы», Ғ. Мүсіреповтың өшіп бара жатқан қазақ тілін қорғап жасаған баяндамасы, Ж. Молдағалиевтің, М. Мағауиннің , Ә. Кекілбаевтың шығармалары, Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында» т.б. еңбектері жастарды оятты, ұлттық сана-сезімін қалыптастырды.

Жас ұрпақ ұлттың басына түскен геноцидті түсіне бастады. 1930-1962 жылдардағы Еуропа бөлігінен щұбырған 3 млн. 950 мың халықтың қазақ жерін басып кеткенін көрді. Коммунизмнің ұлы құрылыстары, тың көтеру желеуімен іс жүзінде ұлтты орыстандыру жүрді, өз елінде халық жаттаққа, өз Отаны - өгей елге айналды. Елдің өндіргіш күштері тек шикізат өндіру бағытында дамыды, қазақ мемлекеттігі Ахмет Байтұрсынов айтқандай «қуыршақ республика дәрежесінде қалды. Орталық қазақ сахарасының саяси, экономикалық өміріне ұлы державалық тұрғыдан қарады. Аралдың құрғауы, Балқаштың су алуы, Семей полигоны, қазақ даласының ядерлік, бактерологиялық, химиялық полигонға айналуы әлемдік апатқа айналды, қазақ елін ұзақ жылдарға созылған қасіретке батырды. Қазақ елінің оңтүстігін Өзбекстанға беруі, Каспий жағалауына Түркменияны дәмелі етуі, тың өлкесін Ресейге қосуға әрекеттену, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты бар Гурьев, Орал облыстарын Орынборға қосып, іріленген экономикалық аудан жасауға талпыныс – осының бәрі қазақ мемлекеті жерінің тұтастығына сұғанақтылық жасаудың сан түрлі зымияндық жоспары біз білетін бөлік болатын. Көркемсөз майталманы Ж. Қуанышалиннің желтоқсан қозғалысының тамыры тарих қойнауында екенін айтуы өте орынды. Шын мәнінде жас ұрпақ – жаңаруды, жаңғыртуды армандаған күрескер ұрпақ орыс халқына қарсы болған жоқ, ол өз халқына деген сүйіспеншілігін, ұлттық арын, бостандығын қорғады, оны күн тәртібіне қойып, Одақтың шеңберінде демократиялық жолмен шешуге шақырды. Міне осылай ұлт-азаттық қозғалысының жаңа сатысы өрбіді. Бұл қозғалыс 1986 жылғы желтоқсан толқынымен Одақ көлемінде басталды да, одақтың құлап, ыдырап, республикалалардың суверенитетімен аяқталды. Сөйтіп Қазақстан желтоқсаны Одақ желтоқсанына айналды. евразиялық сипат алды.

Орыс дикобристері А. Герценді оятты, ол болса, өзінің үгіт-насихатымен орыс халқының азаттық қозғалысының болашақ ұрпағын тәрбиелегені белгілі, сол сияқты қазақ декабристері бүкіл Одақты оятты. Балтика өңірі, Кавказ, Орта Азия халықтары болашаққа жаңа биіктен қарай бастады. Желтоқсан 1986 – қазақ халқының күрескер халық екенін танытты, бостандық үшін жанын пида етуге даярлығын көрсетті. Империяның үстемдігіне тықыр таянды, оның астына қызыл су жүгірді. Бостандық, егемендік таңы сібірлеп ата бастады. Міне осылай Алматы желтоқсаны халқымыздың жаңғыру, қайта түлеу, ел болып, ірге көтеру кезеңін бастады, ұзаққа созылғын депрессия заманасына күн туды.

Карлайль айтқандай төңкерісті идеалистер жасайды, фанатиктер іске асырады, ал оның жемісін алаяқтар жейді, қызығын көреді, - дегендей, жаңа жаңғыру заманасының қызығын еліміз көргей, Ұлы дүбір сапары сәтті болғай дегің келеді. Қазақ декобристерінің көрген қасіреті олардың төгілген қаны, олардың ерлігі тарих төрінен орын алып, қошаметке бөлінуі – ел парызы.
-желтоқсан-1986-орыс-тәуелсіздік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет