Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет6/11
Дата07.01.2022
өлшемі57,11 Kb.
#17085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
9.12.2020.Бекзат Курстық жұмыс

Зерттеудің тарихнамасы: -Желтоқсан қозғалысы немесе ғылыми зерттеулерде аталып жүрген желтоқсан оқиғасы жайлы жазылған мақалалар, ғылыми зерттеулер, көркем әдебиеттер қатары қазіргі кезде өте көп. Соңғы кездерде де бұл тақырып төңірегінде әлі де болса түрлі еңбектер жазылып жатыр

.+ңөң


Желтоқсан оқиғасының барысы академик, тарихшы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың еңбектеріне де арқау болды. Ғалым, желтоқсан оқиғасын “қозғалыс” деп бағалап, оның басты себебіне, қозғаушы күшіне және тарихи маңыздылығына тоқталады. Желтоқсан оқиғасының зерттеушілер тарапынан бағалану барысын да айқындап, оқиғаға қатысты өзіндік түйін түйеді.

Желтоқсан қозғалысы тарихшы М.Койгелдиевтің де еңбектерінде жан-жақты талданды. Ғалым желтоқсан оқиғасының 15 жылдығына орай оның тарихтағы орны мен сабақтары жөнінде тарихи анықтама беруге тырысады.

Желтоқсан оқиғасының ащы шындығын Р.Спанова айқындауға тырысты. Желтоқсан ызғарынан жазаланған жастардың тағдырын анықтай отырып, олардың күрес жолдарын ерлік санатына қосады.

-1986 жылғы жағдай мәселесін -1991 жылы нақтылана айқындауға тырысқан жинақ “Айғак-кітап” деп аталады. Мұхтар Шахановтың комиссия төрағасы ретінде желтоқсан оқиғасының ақиқатын анықтауға тырысқан қызмет барысы мен жалпы желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығы туралы жақсы мәліметтер алуға болады.

Жазушы Тоқтар Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” атты еңбегінен қазақ жастарының патриотық сезімдерінің ұшқындарын аңғаруға болады. Автор мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалар мен зерттеулерді топтастыра білді.

Тарихшы Ч. Мусин да тарихи зерттеу еңбегінде желтоқсан оқиғасына өзіндік баға береді. Жазушылар Б. Әбдіғалиев, Б. Көрпебайұлқұрастыруымен «Желтоқсан 86» кітабының 5 томы басылып шықты. «Желтоқсан 86» жинағының «Ұлт теңдігі көтерілісі» деп аталатын бірінші кітабында көтеріліске қатысты деректер мен дәйектер жарияланған. Көтерілістің республика аймақтарында шарпығандығын айқындайтын материалдар және көтеріліске қатысты зиялылардың айтқан сөздері мен сараптамалары берілген.

«Желтоқсан 86» жинағының «Намыс оты алаулаған» деп аталатын екінші кітабында сол бір сұрапыл уақытта көз жұмған, жапа щеккен, түрліше қудалануға ұшыраған желтоқсандықтардың өздері туралы және олар турасында айтылған естеліктер берілген

«Желтоқсан 86» жинағының «Тәуелсіздік осылай басталған» деп аталатын үшінші кітабында желтоқсан көтерілісінің қалай басталғандығы мен оның қалай өріс алғандығы баяндалады. Бүгінгі ел тәуелсіздігіне сол бір кезеңдегі талпыныстардың тигізген әсері, ықпалы болғандығы айтылады.

«Желтоқсан 86» жинағының «Әділет жолындағы қасірет» деп аталатын төртінші кітабында желтоқсан көтерілісінде әділет іздеп, азап шеккен ұрпақтың адал ниеті, алаң көңілі, тағдыр тәлкегі туралы кеңінен баяндалады. Сондай-ақ жастарды жаппай жазалауға әмір бергендер мен оны орындаушылардың қылмыстық әрекеттері әшкереленеді.

«Желтоқсан 86» жинағының «Елдікті сақтаған ерлік» деп аталатын бесінші кітабында желтоқсан көтерілісінің тілді, ел аумағының тұтастығын сақтап қалудағы мәні ашып көрсетіледі. Азаттығы үшін арпалысқандардың ерлік ісіне жаңаша көзқараспен баға беріледі.Қазіргі таңда елімізде желтоқсан ұйымдары мен мұрағаттары ашылуда,желтоқсан атты ұйымдарға сол кезде желтоқсанға қатысқан адамдар еңгізіліп,оларға арнайы коржкалар берілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет