iSpring: e-learning жүйесіне арналған ресейлік өнім Ресейлік софт өндірушілердің ішінде әлемдік деңгейде танымал өнім шығарушы компаниялар көп емес. «Яндекс», «Касперский лабораториясы», ABBYY – бірден ойға келетін тізім осы. Біздің сөз еткелі отырған жаңа таныла бастаған компания - iSpring, оның онлайн-презентациялар мен электрондық курстар құруға арналған программалық өнімдері бүкіл әлемге танымал болып үлгерді. Ең алдымен мектептер, университеттер мен бизнес-орталарда көп қолданылатын iSpring Suite пакеті туралы айту қажет. Оның құрамына Microsoft PowerPoint қалыпқа келтіруі, iSpring QuizMaker тестілер редакторы және интерактивтілікті құруға арналған iSpring Kinetics утилитасы. Сонымен қатар, презентацияларды PowerPoint форматынан HTML5 форматына көшіріп, сонымен қатар басқа қолданушылар оларды Интернетке кез келген құрылғылар арқылы (соның ішінде iPad) жариялай алатын iSpring Converter программасы туралы да айта кеткен жөн. Компания туралы бірер сөз. Ол Марий Эл республикасында орналасқан, өз өнімдерін 2005 жылдан бері жариялауда. iSpring программалары орыс, ағылшын және француз тілдерінде, алайда кейбір өнімдер тек ағылшын тілінде (айталық, оқу материалдарын студенттер мен қызметшілерге үйрету процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін iSpring Online сервисі). Барлық программаларды ресми сайттан жүктеп алып, 30 күн қолдануға болады, тек бір ғана шектеу – жарияланған роликтерде «Создано при помощи iSpring» баннері көрініп тұрады.
1. iSpring Suite.Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл программа жеке редактор емес Microsoft PowerPoint үшін қалыпқа келтіру программасы болып табылады (2007 жылғы нұсқадан бастап).
iSpring Suite программасының алғашқы беті
Сонымен, iSpring Suite программасы Microsoft PowerPoint қолданушыларына қандай қосымша мүмкіндіктер ұсынатынына тоқталайық. Алдымен, оның көмегімен слайдтарға төмендегі элементтерді орналастыруға болатынын айта кетейік: iSpring QuizMaker тестілері, iSpring Kinetics интерактивтілігі, SWF форматты флеш-роликтер, YouTube бейне-фильмдері және веб-объектілер, яғни, жай сөзбен айтқанда, фреймдер. Егер YouTube роликтерін қою ондай өзекті болмаса да, қалған мүмкіндіктер презентацияның жақсы деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Флеш-роликтерді қолдану слайдтарда Adobe Flash технологиясының барлық күшін қолдануға мүмкіндік береді, ал олардың негізінде кез келген мультимедиялық интерактивті эффектілер дайындалады. Фреймдерді қосу презентация ішінде Интернеттің кез келген веб-бетін қарау мүмкіндігін береді. Тестілер көмегімен қолданушының презентацияларды қаншалықты меңгергенін тексеруге болады, алайда QuizMaker және Kinetics программаларымен жұмыс туралы кейін тоқталамыз.
iSpring Suite PowerPoint ішінде
iSpring Suite программасының тағы бір мүмкіндігі - слайдтармен бірге тіркеліп жүретін аудио және бейнені жазу. Дыбыс жазу PowerPoint стандартты пакетінде қарастырылғанмен, бұл программада бұл жұмыс оңай атқарылады. Қолданушы презентациясы Интернетте оның қатысуынсыз көрсетіледі деп болжанғандықтан, автор дыбыс пен бейнені слайдқа қоса жазады. Веб-камерадағы кескін слайдтардың өзінде емес, ойнатқыштың қосымша терезесінен көрінеді (скриншоттар төменде көрсетіледі). Жазу процесі программаның жеке терезесінде жүзеге асады, мұнда слайдтарды таңдап, ескертпелер қосып және қалыпқа келтірулер орындалады. Қолданушы дыбыс пен бейнені монтаждай алады: ол үшін «Управление сопровождением» батырмасын басып, арнайы iSpring Narration Editor редакторын іске қосу қажет. Онда жазба жолдарының басы мен соңын, слайдтар ұзақтығын редакторлауға, аудио- және бейне-файлдарды компьютерден импорттауға, дыбыс деңгейін өзгертуге болады.
PowerPoint үшін ерекше қандай да бір объектіні слайдқа қосқан кезде, ол слайдта және программа ішінде презентацияны қараған кезде көрінбейтінін ескеру қажет. Объектілер орнына ақ фон немесе символикалық кескін шығарылады. Презентацияны барлық эффектілерімен бірге қарау оны тек iSpring Suite арқылы экспорттаған кезде мүмкін болады. Мұнда, слайдтардан басқа қосымша ақпараттарды қамтитын ойнатқыш (проигрыватель) және басқару батырмалары орналасады.
Презентация ойнатқыш ішінде кескінделеді
Жоғарыда тақырып панелі орналасқан, онда да толық экранға көшу, презентацияны жабу батырмалары, сондай-ақ басқа да батырмалар орналасқан. Бүйір панельдері де оң немесе сол жақта орналасады. Онда компания логотипі, баяндамашы туралы мәліметтер, сонымен қатар, әр түрлі ақпараттар: презентация құрылымы мен эскиздері (слайдтардың бірінен екіншісіне көшуге болады), іздеу, ескертпелер мен салымдар. Слайдтардың астында алдын ала қарау жолағы, «пауза», «назад» және «вперед» батырмалары, дыбыс деңгейі, бөліп алу құралдарын таңдау – көрсеткіш, фломастер, маркер, ластик және бүйір панельдерін көрсету көрсетпеу батырмалары. Мұның бәрі бүге-шігесіне дейін қалыпқа келтіріледі: егер қандай да бір батырма артық болса, оны алып тастауға болады (немесе басқа жерге қосуға болады), егер текст немесе түс схемасы ұнамаса – оларды өзгертуге болады. Программа қосылғаннан кейін бірден баяндамашы видеосы ойнауы мүмкін. Қосымша бірге ойнатылатын видео, үш режимде кескінделеді: кіші, орта және үлкен.
Бірге ойнатылатын бейненің әр түрлі режимдері
Қолданушы тек ойнатқыштың сыртқы түрін ғана емес, бүкіл презентацияның жүрісін деталды қалыпқа келтіре алады: ол мақсатта презентация құрылымын редакторлау режимі қарастырылған. Мұнда әр слайдтың тақырыбын өзгертуге, олардың ұзақтығын, алмасу тәсілдерін көрсетуге болады, сонымен қатар баяндамашы таңдауға және әр слайд үшін макет таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Айталық, презентация басында цифрлары бар слайдтарды жіберіп, содан соң панельдер жан-жаққа таралатындай етіп және бүкіл экранға бейне шығатындай етіп жасауға болады. Презентациядағы баяндамашылар саны бірнеше болуы мүмкін. Олардың әрқайсысы үшін атын, байланыс деректерін және фотосуретін қосуға болады. Компаниялар да бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Ойнатқыштағы «Вложения» бөлімінде сілтемелер ретінде веб-ресурстарды көрсетіп, файлдарды тіркеуге болады. Мұның бәрі көрерменге одан әрі ақпарат іздеуге барынша көп мәлімет беруге септігін тигізеді.
Презентация құрылымын қалыпқа келтіру
Енді ең бастысы – презентация экспорты туралы. Microsoft PowerPoint программасын талдаушылар презентация не программаның өз ішінде, не PowerPoint Viewer утилитасы арқылы, не PowerPoint Web Apps онлайн-версиясы арқылы, немесе PPT форматын қолдайтын кез келген басқа қосымшаларда көрінетінін айтады. Бірақ тағы бір варианты – бейне құру, бірақ мұнда бүкіл интерактивтілік жойылады. iSpring Suite арқылы презентацияны жариялағанда қолданушы оны веб-бетке, блогқа, қашықтан оқыту жүйесіне қондыра алады – яғни неғұрлым кең ауқымда қолдана алады. Экспорт Adobe Flash форматында жүзеге асады.
Төрт түрлі жариялау түрі белгілі: Web, CD, iSpring Online және ҚОЖ (қашықтан оқыту жүйесі). Бірінші жағдайда қолданушы ролик пен Интернетке жариялауға болатындай HTML-файлдары бар папка алады. Екінші жағдайда ролик қондырылған flash-ойнатқышы бар EXE-қабықшаға жинақталады және қолданушы презентацияны кез келген компьютерден қарай алады. iSpring Online арқылы жариялау үшін сервисте тіркелген есептік жазба болу керек (сервистің өзі – басқа мақалаға арқау болатындай тақырып). Қашықтан оқыту жүйесіне экспорттау кезінде төмендегі форматтардың бірінде жүктеуге дайын пакеттерді алады: AICC, BlackBoard 9.x, SCORM 1.2 немесе SCORM 2004.
iSpring Suite ортасына презентация жариялау
Роликтерді қалпына келтіруде көптеген параметрлерді көрсетуге болады: ролик өлшемі, масштаб, кадрлар жиілігі, Flash нұсқасы, жүктеуіш таңдау, API қалыпқа келтіруі, флеш-плеер менюін айыру. Программа анимациялық эффектілер мен PowerPoint көшулерін сақтап немесе орындамауы мүмкін. Сонымен қатар, қолданушы кескінді, дыбыс және бейнені сығу параметрлерін көрсетуге, бейнені ойнау және қозғалту опцияларын қалпына келтіруге мүмкіндігі бар, олар: презентацияны автоматты түрде қосу немесе қолданушы басқаруымен, басқару үшін тышқан немесе клавиатура қолдану. Ақпаратты қорғауға арналған бірнеше опциялар бар: роликке белгі (водяной знак) орналастыру, парольмен сақтану, презентацияны уақыт пен домен бойынша шектеу. Программаға шолуды аяқтай келе, онда құрылған роликтер браузерде де PowerPoint программасының өзінде қарағандай сапамен көрінетінін атап өту керек.