2. iSpring QuizMaker Қарастырылып отырған пакеттегі тағы бір утилита – iSpring QuizMaker. Ол iSpring Suite арқылы құрылған презентацияларда біріктірілетін немесе жеке ролик түрінде жарияланатын тестілер мен анкеталар құруға арналған.
QuizMaker ортасында «дұрыс/дұрыс емес», «сәйкестік», «санды енгіз» және т.с.с. сұрақтары бар слайдтар құруға болады. Сұрақтар түрі жеткілікті түрде көп – тестілер үшін он бір түрі, сұрақ-анкеталар үшін - он екі. Әр сұрақ үшін бірнеше жауап нұсқасы енгізіледі де, дұрыс жауап көрсетіледі. Қалыпқа келтірген кезде жауап берулер санын, дұрыс жауапқа сәйкес баллдар, жалпы өтпелі балл, уақыт бойынша шектеу және басқа да опциялар, сонымен қатар плеердің сыртқы түрі таңдалады. Жоғарыда айтылғандай, QuizMaker тестілерін презентация соңына қою қашықтан білім алушы қолданушылардың немесе білім алушылардың белгілі бір тақырыпты қалай меңгергенін тексерудің өте ыңғайлы жолы.
iSpring QuizMaker алғашқы беті
Программаның төмендегі мүмкіндіктерін пайдаланып, мамандандырылған тестілер құруға болады:
iSpring QuizMaker 7 – интерактивті тестілер құруға арналған жаңа қуатты құрал.
3. iSpring Kinetics iSpring Kinetics қосымшасы интерактивті флеш-роликтер құруға арналған, оларды да тестілер сияқты презентацияларға біріктіруге немесе жеке жариялауға болады. Интерактивтіліктің төрт түрі қол жетімді: «Кітап», «Каталог», «Жиі қойылатын сұрақтар» және «Уақыттық шкала». Оларды көп қалыпқа келтіру жасалмайды, қолданушы міндеті – материалды шаблон түріне келтіріп ықшамдау (шаблондар өте ыңғайлы жасалған). Кітап жағдайында алдыңғы, артқы мұқабасын таңдап, текст пен иллюстрация қою қажет. Безендірудің әр түрлі графикалық шаблондары бар, сонымен қатар түс таңдау мүмкіндігі де бар. Дайын кітапта басқару элементтерін қолдануға болады, ал беттерге оларды ашу эффектілері қолданылады. Интерактивтіліктің басқа түрлері үшін де дәл осылай: жаңа блоктар құрып, оларға текст, кескін, флеш- және бейнероликтер қойып, аудио тіркеп, жариялау. PowerPoint оқу курстары үшін қосымша материалдар ретінде iSpring Kinetics интерактивтілігі өте пайдалы болуы мүмкін. Қарастырылып отырған қосымша әзір экспериментальды роль атқаруда, кейін функционал жағынан жетіскеннен соң iSpring Suite өнімінен бөлек қолданылуы мүмкін.