Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Электрондық оқу құралы (ЭОҚ)



бет14/83
Дата28.09.2022
өлшемі13,27 Mb.
#40708
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83
Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) Электронное учебное пособие (ЭУП) – басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген және оқулықты ішінара немесе толығымен алмастыратын немесе толықтыратын электрондық оқу курсы.
Электрондық оқу материалдары – Электронные учебные материалы – электрондық тасуышта файл түрінде ұсынылған оқу материалдары. Белгілі бір оқу курсын немесе оның үзінділерін оқып білуге тағанындалған жеке мәтіндік файл, безендірулер, аудио және бейне үзінделер ретінде де және олардың реттелген жиынтығы ретінде де енгізе алады
Электрондық оқулық – Электронный учебник (electronic textbook) – мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс.
Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (ЭОАЖ) – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген мемлекеттік кең ауқымды жоба. Жобаның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына деген қолжетімділіктерін бірдей қамтамасыз ету.
3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері
МОДУЛЬ 1. Интерактивті СББР жобалау және құру кезеңдері

1-дәріс. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәндері бойынша сандық ресурстарды қолданудың әдістемелік ерекшеліктері




Дәрістің қысқаша конспектісі
Сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді, интерактивтік тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды.
СБР құрылымын мұғалім оқыту үдерісі кезінде қолдана алады: жаңа материалды түсіндірген кезде, материалды бекіту және меңгеру деңгейін бағалау кезінде, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін бағалау кезінде.
Сабақта анимациялық көрнекіліктер мен бейнероликтерді қолдана отырып жаңа материалды түсіндірудің педагогикалық амалдары мынадай мүмкіндіктерді береді: проблемалық жағдаяттарды құру, салыстыру; зерделеп отырған құбылыстың басты белгілерін ажырата білу, белгілі бір дерек пен құбылысқа зейінін шоғырландыру; тірек сөздерді, терминдерді дәптерге жазғызу, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, бейнеролик мәтінін қайталап айтып беру; оқушылармен әңгімелесу т.б.
Интерактивтік тапсырмалар оқушыларда пәндік білім, білік пен дағдыларды қалыптастыруға арналған, сонымен қатар, олардың стандарттық емес есептерді шығара алу, өмірдің әртүрлі салаларында кездесетін проблемалар мен жағдаяттарды шеше алу қабілетін жетілдіреді. Тапсырмалардың түрлі болып келуі оқыту барысында білімді тек меңгеруден сол пән бойынша құзыреттерді қалыптастыруға қарай жүріп отырады, оқушылардың өмірдегі шынайы әрекеттерге шынайылықпен қатыса алмау мүмкіндігін жақсартады. Тәжірибелер оқушының түртпе арқылы басқарып отыратын виртуалды нысандармен түрлі операциялар жасауы арқылы іске асырылады. Бірізділікпен өтілетін нысандардың өзгерулері (геометриялық фигуралардың, зат формаларының, заттардың түстері т.б. өзгеруі) оқушыларға танымдық үдерісте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушыларға шынайы өмірде мұндай тәжірибелерді жасау мүмкіндігі болмайтын жағдайттарда жаратылыстану ғылыми тәжірибелерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
СБР-ға жаттығулар орындау, картамен жұмыс жасау, сәйкестіктерді белгілеу, сөйлемдерді толықтыру, кесте құру, сөзжұмбақ, ребус шешу т.б. тапсырмалар енгізілген. Математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша СБР-да көптеген жағдайларда оқушыларға әрбір кездейсоқ таңдау бойынша ұсынылатын тапсырмалар базасының маңызы зор. Сол себепті, жауапты есте қалдырудың тек механикалық жаттанды түрінен оқушының саналы есте сақтауына қарай жүру логикасы қалыптасады.
Білімді бақылау автоматтандырылған тестілеу есебінен жүргізіледі, ол оқушылардың білім жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір тақырып бойынша бақылау сұрақтарының саны оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және тестілеуге берілетін уақытқа қарай ауытқып отырады.
Үйренушілер үшін маңызды компонент болып келетін СБР контентіне қолжетімділікті жүзеге асыратын СБР интерфейсі.
СБР-дың жүйелі дамуының құрамына контент құрылуы мен жаңартуының бағдарламалық құралдары кіреді. Пайдаланушыларға стандартталған электрондық оқу-әдістемелік кешендерді өңдеуге арналған арнайы инструментарийлерді береді (ЭОӘК). Тәріздес құралдардың мысалы ретінде түрлі форматтағы электрондық оқу материалдарын орналастыруға мүмкін болатын контентті басқару жүйесі, электрондық оқыту жүйесі бола алады. Осындай жүйеге түйінді сөздерді іздеу мүмкіндігі бар білім беру контентін шоғырландыратын деректер база интерфейсі енеді. Контентті басқару жүйелері курстың құрылуына әр түрлі курстарда бірдей оқу материалдарының көріністерін қолданатын педагогтар қатысқан жағдайда тиімді болады. Бұдан басқа, осындай құралдарға интерактивтік тақта үшін өңделген контентке арналған бағдарламалық қабықшалар қатысты.
Ұлттық СБР жобасын жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі құрылды (бұдан әрі – ЭОАЖ): білім беру ұйымдарының порталы, Ұлттық білім беру деректер базасы (бұдан әрі-ҰББДБ), ішкі корпоративтік портал, электрондық кітапхана, білім беру ұйымдарын басқару жүйесі және https://e.edu.kz сайтында қолжетімді болып келетін электрондық оқытудың басқа компонеттері.
Электрондық кітапхана жоба аясында өңделіп орналастырылған СБР бар ЭОЖ-ның маңызды компонеті болып келеді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ деректері бойынша электрондық оқыту жүйесінде Ақпараттандырудың ұлттық орталығы мен «Bilim Media Group» ЖШС мектептің 15, ал колледждердің 24 пәндері бойынша 14 551 сандық білім беру ресурстарын өңдеп орналастырды. Сонымен қатар, 2013 жылы құрылған жалпы білім беретін мектептің 8, ал колледждердің 5 пәні бойынша білім беру контенті технологиялық платформаны (html5 форматта) қолдап, пайдаланушылардың әр түрлі құрылғылардан қолжетімділікті алуға мүмкіндік береді.
Материалдар түрлі сыныптар, пәндер және тақырыптар бойынша бөлінген, әр оқушы өзіне қызықты тақырыпты еш қиындықсыз таба алады. Материалдар екі тілде ұсынылған – мемлекеттік және орыс тілінде, мектептің 5 пәні бойынша 1212 сандық білім беру ресурстары ағылшын тілінде ұсынылып отыр. Сөйтіп, қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерге арналған электрондық оқыту жүйесінде 2-11 - сыныптарға арналған «Қазақ тілі», 5-11 - сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы», 1-6 - сыныптарға арналған «Математика», «Алгебра», «Геометрия», 7-11 - сыныптарға арналған «Физика», 8-11 - сыныптарға арналған «Химия», «Дүние жүзі тарих», «Ағылшын тілі», «География», «Дүниетану», «Жаратылыстану», «Қазақ әдебиеті», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша 2011-2013 ж.ж. құрылған мемлекеттік білім беру контенті қолжетімді болып келеді.
Мұғалімдерге көмек ретінде Ақпараттандырудың ұлттық орталығы СБР қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдарды және пәндер бойынша (математика, алгебра, геометрия, физика, химия) СБР пайдаланушыларына арналған басшылықты өңдеді.
Әдістемелік ұсыным ҚР БҒМ сайтында (https://e.edu.kz/98) Нормативтік құжаттар бөлімінде, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының http://nci.kz сайтында орналастырылған және барлығы да ашық қолжетімді болып табылады. Оқу-әдістемелік құралдардың мақсаты – сабақтың әрбір түрі мен кезеңіндегі нақты дидактикалық міндеттерден туындайтын нақты сабақтарда СБР-ды пайдалану тәжірибесімен таныстыруға негізделген. Педагогтерге ұсынылатын сабақтың жоспарларын толық, не жартылай иемдене алады, ол үшін СБР материалдарын өзінің сабақ жоспарына енгізіп, сабақтың қай кезеңінде қолдануы керектігін алдын ала анықтап алады.
Оқу үдерісінде СБР қолдану арқылы төмендегілер:

  • электрондық оқытудың уәждемелік-мақсатты компонентін: мультимедиалық дыбысталған презентация; дыбысталған ойын презентациясы; анимациялық дыбысталған логикалық-құрылымдық сызба; интерактивті тапсырмалар; автоматтандырылған сауалнамалар; ойын тесттері;

  • электрондық оқытудың мазмұнды компонентін: жаңа материалды мультимедиалық тұрғыдан түсіндіру; оқу бейнефильмі; дыбысталған ойын презентациясы; анимациялық дыбысталған логикалық-құрылымдық сызба; мұрағаттық құжаттар; фото топтамалар; анимациялық карталар; статикалық карталар; дыбыс жазу, дыбысталған мәтіндер; тапсырмалар мен талдау түрлерін шешудің анимациялық үлгілері;

  • электрондық оқытудың операциялық-іс-әрекеттік компонентін: виртуалдық зертхана жұмыстары; интерактивті тапсырмалар; электрондық есептер жинағы; электрондық практикумдар; интерактивті модельдеу; электрондық сөздік; интерактивті ойындар; электрондық конструкторлар; компьютерлік өлшеуіштер; анимациялық интерактивті карталар;

  • электрондық оқытудың бағалау-нәтижелі компонентін: сабақтардың тақырыптары бойынша тесттік бағдарламалар; тоқсан қорытындысы бойынша; жыл қорытындысы бойынша; мемлекеттік аралық бақылау дайындығы бойынша; ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша қамтамасыз етіледі.

Электрондық оқытудың уәждемелік-мақсатты компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • көрнекі және көзге түсерлік түрдегі оқытудың мақсаттарын анық ұғуды қабылдауға;

  • дыбыстық түсініктемелерді беру арқылы оқытудың мақсаттарын түсінуге;

  • иерархиялық блок-сызбада пән бойынша негізгі ұғымдарды жалпылауға;

  • оқыту мақсаттарын ұғынуды бекітуге;

  • оқытудың мақсаттарын оның шығармашылық толықтырулары мен қайта ойлауы арқылы тәжірибелік тұрғыдан қолдануға.

Электрондық оқытудың мазмұнды компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • оқу-танымдық ақпаратты қабылдау, оқушылардың танылатын пәндер, құбылыстар, үдерістердің сезілетін сыртқы қаситеттері мен сапаларын ұғыну; танылатын пәндердің, құбылыстар мен үдерістердің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын әрі дәлелді мысалдар мен деректерді енгізу;

  • оқу-танымдық ақпаратты ұғыну және келесі операциялар енетін бейнелі ұғымдарды қалыптастыру: оқылатын пәндер мен құбылыстардың қабылдаған қасиеті мен белгісін талдау;

  • оқу материалын түсіну және үйренушінің ой әрекетін белсендіру: проблемалық элементтері бар құбылыстарды салыстыру және талдау (көрнекті және диалогтық проблемалық мазмұндау ); оқылатын материалдың дұрыс жарқын бейнелерін құру;

  • оқу ақпаратын жалпылау: оқылатын құбылыстардың маңызды және маңызы жоқ белгілерін айқындау; талқылау, болжам айту және териялық тұрғыдан жалпылау;

  • жаңа мәтіндік дереккөздердегі оқылатын пәндерді, құбылыстар мен үдерістерді ауыстыру арқылы оқылатын материалды бекіту, функционалдық сауаттылықты дамыту , түрлі формадағы ұсынылған ақпаратты қабылдау және талдау.

Электронды оқытудың операциялық-әрекеттік компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • оқушыларда тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін мақсатты қалыптастыруға бағытталған міндетті, мәселенің мәнін, сұрақты, педагогикалық алғышарттарды нақты және анық құрастыру арқылы интерактивті тапсырмалардың шарттарын қабылдау;

  • міндеттерді орындау әдістерінің, жаңғыртқыш, ауызша, жазбаша, пысықтау, графикалық, проблемалық-зерттеу жаттығуларды орындаудың; жобалау және шығармашылық тапсырмаларды өткізудің; оқушыларда тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін мақсатты қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды орындаудың анимациялық үлгілерінің негізінде тәжірибелік және лабораториялық жұмыстардың мәнін түсіну;

  • жай ғана механикалық еске сақтауды емес, құрастырылатын жауапты талап ететін, ойлау әрекетіне бағытталған бақыланатын пысықтау әрекеттерге (ауызша / жазбаша жаттығуларға; жаңғыртқыш, пысықтау, жобалау, графикалық, проблемалық-зерттеу, эвристикалық, зерттеу, шығармашылық тапсырмаларға; тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарға және т.б.) мүмкіндік беретін тапсырмалар түрлерінің сан алуандығының арқасында барынша мүмкін әрекеттер түрлеріне енгізілудің негізінде оқыту ақпаратын түсіну;

  • міндеттерді орындау әдістерін, жаттығулардың түрлерін, жобалау және шығармашылық тапсырмаларды өткізу тәртібін; тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды орындау алгоритмін жалпылау; білімнің жалпылануы мен жүйеге келтірілуінің қалыптастырылуын қамтамасыз ететін алуан түрлі интерактивті тапсырмалардың бар болуы;

  • қандай да үзілістен кейін игерілген оқыту ақпаратын жаңа жағдайда,

«жаңа негізде», жаңа мысалдарда, зерттеліп жатқан құбылыстардың, заңдардың, заңдылықтардың, себеп-салдар тәуелділіктердің өз үлгілерінде қолдануға және білімді ұзақ мерзімді жадқа аударуға жәрдемдесетін оқу материалдарын бекіту, шамасы келетін және олар үшін маңызды оқу мәселелерін шешу;

  • тәжірибе: оқушылар өз ниеттерін іске асыратын, өз атынан әрекет ететін шығармашылық жобаларда; эссе, шығармалар жазуда; тарихи оқиғаларды бағалауда игерілген білімдерін, қабілеттері мен дағдыларын шығармашылық тұрғыда қолдануға бағытталған интерактивті тапсырмаларың бар болуы.

Электронды оқытудың бағалау-нәтижелік компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • оқушылардың оқудағы жетістіктерінің тәуелсіз бақылануы мен бағалануын қамтамасыз ететін педагогикалық нұсқамалармен және ұсынымдармен тестілеу бағдарламаларын, жалпылау тестілерін, диктанттарды қабылдау; нәтижені, дұрыс және бұрыс жауптардың санын көрсету;

  • тестілеу бағдарламаларының мәнін бақылаудың сан түрімен бірге түсіну: бақылау-түзеткіш, бақылау-алдын алу, бақылау-ынталандырушы және бақылау-жалпылау; бастапқы, аралық, қорытынды; көп деңгейлі;

  • Өз оқу жетістіктерінің деңгейін түсіну және кемістіктерді анықтау;

  • тестілеу бағдарламаларының мазмұнын, олардың электрондық оқулықтың оқыту материалына сәйкес келуін және тестілеу материалының оқушылардың бағаланып жатқан әрекет деңгейіне сәйкес келуін жалпылау;

  • тестілерді сұрақтарды кездейсоқ іріктеу әдісі арқылы бағдарламалау негізінде білімді ұзақ мерзімді жадыға аударуға жәрдемдесетіндей оқу материалын бекіту;

  • тәжірибе: ақиқаттың нақты міндеттерін орындау үшін абстрактылы теориялық білімді ұсынады;

  • оқушы орындаған тапсырмалар туралы ақпарат деректер базасында (оқыту тарихы) сақталады. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелерін көре алады.

Жалпыға арналған СБР-лар арасында Интернет-ресурстар ерекше орынға ие, олар жаңа ақпараттың маңызды көзіне айналуда және сабақтарды модельдеу үшін айрықша материалды ұсына алады. Мұғалімдер бұны өздерінің күнделікті педагогикалық тәжірибесінде есепке ала алады. Интернет-технологияларды игеру қазіргі заманда мұғалімнің негізгі құзыретінің біріне айналды. Интернет- ресурстар мұғалім мен оқушылардың өз бетінше білім алуларының көзі және ұйымдастырушысы болып табылады, өз және өзгенің тәжірибесінің кәсіби рефлексиясына жәрдемдеседі, қоғамның заманауи даму деңгейінде қажет болатын оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытады.
Оқу үдерісінде төмендегі Интернет-ресурстарды пайдалану тиімді болады:

  1. Арнайы тақырыптарды зерттеу мақсатында жоғары оқу орындары, компьютерлік фирмалар негізін қалаған білім беру ресурстары. Мысалы, биология, химия, физика, астрономия мұғалімдері сабақтарда заманауи ғылыми деңгейде ғарыш обсерваториялардың, жер серіктерінің деректері, физикалық, химиялық үдерістердің, динамикалық компьютерлер модельдерінің анимациясы және т.б. сияқты біріктірілген ғылыми мәліметтерді ұсынатын білім беру ресурстарын қолдана алады;

  2. Электронды кітапхана, әртүрлі энциклопедиялар, мәтіндер, сондай-ақ энтуазиасттар құрастырған әртүрлі ресурстар. Мысалы, жұмыстың топтық түрі қолданылған кезде көлемі үлкен материал қамтылады, бағалау, талдау, басты мәселені анықтау, өз көзқарасын қорғау жүзеге асырылады;

  3. Өткізілген телекоммуникациялық жобалардың нәтижелері бойынша құрастырылған сандық білім беру ресурстары. Мысалы, педагогтер мен олардың оқушылары жасаған сайттар қолданады. Сондай Интернет- ресурстардың үлгісі болып Қашықтан Оқытатын Олимпиадалар, семинарлар, тренингтер сайттары табылады;

  4. Материалды ұсынған кезде гипермәтін арқылы өзара байланысты байқауға мүмкіндік беретін желілік ресурстар. Бұндай ресурстарға педагогтар ерекше көңілдерін бөлген жөн, оларды жобаларды өткізу, педагогтер мен оқушылардың ең қарапайым СБР-ларды құрастыру алаңы ретінде қарастыруға болады, сондай-ақ ресурста ұйымдастырылған сан түрлі энциклопедиаларының дайын материалдарын қолдануға да болады.

Әлеуметтік қызметтердің алуан түрлілігі әр мұғалімге жоба қатысушыларының ерекшеліктерін есепке ала отырып оларды таңдауға және қолдануға мүмкіндік береді.
Кәсіби Интернет-ресурстардың сипаты, мақсатын тұжырымдауы және сапасы, сондай-ақ онда берілген материалдардың құрамы да алуан түрлі. Сондықтан да педагогикалық ғылым, бір жағынан мұғалімнің қолында бар әдістемелерге жаңа мультимедиялық технологияларды бейімдеу әдістерін үнемі іздестіру үстінде, ал екінші жағынан компьютерлік технологияларды сабаққа енгізудің жаңа өзіндік әдістерін іздеу үстінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет