Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


-дәріс. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік



бет15/83
Дата28.09.2022
өлшемі13,27 Mb.
#40708
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Байланысты:
umk sbbrzh (2)

2-дәріс. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту мақсатында ЭОЖ жобасы аясында республикада Whizz Education (Ұлыбритания), «Young Digital Planet» (Польша), SIVECO (Румыния) және «Bilim Media Group» ЖШС (Қазахстан) компанияларының қатысуымен Ақпараттандырудың ұлттық орталығы (Қазақстан) өңдеген сандық білім беру контенті құрылған. Е- кітапханаға жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша 7149 СБР өңделіп орналастырылған.


СБР мазмұны толығымен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу-тәрбиелік міндеттерге сәйкес келеді.
СБР деген пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдарды білдіреді. Оларға мультимедиалық түсіндірмелер элементтері, интерактивті тапсырмалар, тестік сұрақтар енеді.
СБР-дегі оқу материалының мазмұны мәтіндер, анимациялық мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, иллюстрациялар, анимациялар, бейнероликтер арқылы берілуі мүмкін. Меңзерді жүгірту арқылы мәтін өзгерген кезде СБР-дегі мәтіндер статикалық және анимациялық болуы мүмкін. СБР-дің әр беті өз мазмұнға ие – мәтін, видео немесе анимациялар. Анимациялар мен бейнероликтер анимацияның немесе видеоның уақытын көруге, демонстрацияны тоқтатып және оны қайтадан қосуға мүмкіндік беретін стандартты басқару үстеліне ие.
Оқушылар бойында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша дағды мен іскерлікті, түрлі саладағы қалыпты емес жағдаяттарды, проблемаларды, міндеттерді шешу дайындықтарын қалыптастыруда интерактивті тапсырмалардың маңызы зор. Әдеттегідей, олар СБР-дің әр бетінде бар, терезенің оң жағында орналасқан немесе толық терезені қамтиды және бірнеше типте болуы мүмкін:

  • сәйкестікті орнатуға арналған (берілген элементтердің желімен байланысы, берілген кестеге қандай да бір пайымдауларды үлестіру);

  • түрлі типтегі физикалық тапсырмаларды шешуге арналған (дәптерде есептеу жүргізіледі, кейін жауап СБР тапсырмасына енгізіледі);

  • тапсырмалар мен мысалдарды шешуге арналған (осындай тапсырманың әр қайсысы нақты математикалық іскерлікті жаттығуға арналған тренажер ретінде болады. СБР-дің экранда кездейсоқ таңдау әдісі арқылы пайда болатын кең ауқымды мысалдар базасына ие болуы маңызды ерекшелік болып табылады);

  • ұсынылған жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдауға арналған (бір дұрыс жауапты таңдау);

  • сөйлемдерді толықтыруға арналған (тізімдегі ұсынылған сөздерден біреуін таңдау);

  • физикалық формулаларды құрастыруға арналған (физикалық формулаларды құрастыру үшін белгілерді дұрыс қою);

  • сөзжұмбақтар мен т.б. шешуге арналған (сөзжұмбақ торларын дұрыс толтыру);

  • ынталандырушылар (3D-графиканы қолданып, шынайы заттармен виртуалды жұмыстың жаңғыртылуы, қандай да бір виртуалдық тәжірибенің орындалуы).

СБР-дің барлық тапсырмалары интерактивті болғандықтан, пайдаланушының кез келген әрекетіне жүйе сәйкес әрекетті орындайды немесе хабарламаларды шығарады. Біріншіден, тапсырмаларды орындаған кезде оқушының бұрыс әрекетін бағдарлама қабылдамайтын тәсіл қолданылады. Сөйтіп, оқушы өзі ойлау, қателесу арқылы бір дұрыс жауапты табуы керек. Тапсырмаларды батырмалар арқылы басқаша тексеруге болады: тексеру, тапсырманы қайтадан орындау, кері байланыс/ ұсыныс немесе тексеріс, тастау, қате талпыныстар саны. Кері реакцияның тағы бір формасы түстермен ерекшелеу болып табылады: дұрыс жауаптар жасыл түспен ерекшеленеді, ал қатесі – қызыл түспен немесе дұрыс орындалған тапсырмаларға дұрыс орындалған тапсырма туралы ауызша немесе жазбаша түсіндірмелер беріледі («Жарайсың») және/немесе тапсырма шарты мен жауаптың қасында жасыл қанат белгісімен және т.б. белгіленеді.
СБР материалдарын оқығаннан кейін тестілеуге көшуге болады.
Әр тестте 10-15 сұрақ. Тестілеу жабық түрде өтеді: әр сұраққа бес түрлі жауап ұсынылады. Тышқан арқылы бір дұрыс жауапты таңдау керек. Терезенің төменгі жағында тест бойынша навигацияға арналған панель орналасқан. Бұл панельде «Әрі қарай», «Сұрақтар» батырмалары және жауаптардың есептегіші, оқушылар туралы деректер бар. Оқушы барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін тестілеудің аяқталуы деген терезе пайда болады. Тестілеу аяқталғаннан кейін нәтижелері бар кесте пайда болады.
Өзін-өзі тексеру үшін оқушы жауаптарын дұрыс жауаптармен салыстыруға мүмкіндік беріледі. «Жауаптарды салыстыру» батырмасын басу арқылы жауаптар нұсқасы бар тестік сұрақтарды тағы қарап шығуға болады: жасыл түспен дұрыс жауап белгіленген, ал оқушының таңдаған жауабы сары түспен белгіленген.
Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша СБР әдіснамалық тәсілдерінің жаңалығы оқушының максималды белсенділігінде. Дәстүрлі түсіндірме – иллюстрациялық оқытудың жеке-іс-әрекеттік, проблемалық оқытуға ауысу үдерісі жүзеге асуда. Бақылау, факттерді талдау барысында оқушылар ұғымдарды, заңдылықты, ережелерді таниды. Интерактивті тапсырмалармен жұмыс істеген кезде психологиялық жайлылықтың болуы өте маңызды: балаға тапсырманы міндетті түрде дұрыс орындау талабы қойылмайды. Сонымен қатар, оған дайын жауабы бар кілттері берілмейді, оқушыны дұрыс жауапқа итермелейтін икемді көмек беру жүйесі беріледі. Тек үш қате жауап бергеннен кейін ғана түсіндірмелермен бірге дұрыс жауап беріледі. Математикалық іскерлік пен дағдыны игеру үшін СБР-де виртуалдық тренажерлер бар, сонымен бірге әр әрекетке 8-10 түрлі нұсқалар беріледі. Осындай жүйелі игеру сәтті және жемісті еңбектің өте сенімді құралы болып табылады, қалыптасып жатқан дағдыны автоматизмге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушылар алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын шынайы қолдана алады. Сонымен бірге, СБР құндылығы оның артық ақпаратпен қамтылмауында: оқушы алдында нақты дидактикалық мақсат қойылады. Егер бала тапсырманы соңына дейін орындаса, бала бойында қажетті дағды қалыптасқанына сенімді болуға болады. Маңызды педагогикалық заңдылық жүзеге асырылады: оқушылар тек өздері пәндерді, үдерістер мен құбылыстарды зерттегенде, қажетті өлшемдерді орындағанда, тәуелділік пен заңдалықтарды орнатқан кезде ғана, оқу-танымдық іс-әрекет шынайы тиімді болып келеді, белсенді танымдық үдеріс, оқытудың оқу және тәрбие функциялары жүзеге асады. СБР осындай әрекеті оқушылар ойлауының дамуына, ойлау және тәжірибелік әрекеттің интеграциясына, оқушылардың эксперименттік зерттеу әдісін меңгеруіне бағытталған (нәтижелерді бақылау, өлшеу және ресімдеу дағдысы, өз әрекетін жоспарлау). СБР арқылы оқушылар бойында танымдық қызығушылықтар, оқуға деген саналы қарым-қатынас қалыптасады.
Осылайша, жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша СБР қолдану кезіндегі жүзеге асатын ақпараттық-білім беру саласының ерекше белгілері:

  • сабақ бойы әр оқушының мақсатты бағытталған оқу әрекетін ұйымдастыру;

  • оқыту оъектісі рөлінен оқытудың белсенді қатысушы рөліне ауысуы;

  • тәжірибелер мен эксперименттерді қауіпсіз өткізу;

  • мұғалімді негізгі дереккөз рөлінен оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау мен түзетуді іске асыратын жеке кеңес беруші рөліне ауысуы, яғни ақпараттық міндеттен консультациялық-үйлестіруші міндетіне ауысуы. Педагог әрекетінің өзгерісі нәтижесінде сабаққа деген дайындық та өзгереді: енді мұғалім жаңа тақырыпты түсіндірудің тиімді тәсілін іздемей, оқушы әрекетін басқарудың жаңа тәсілін іздейді.

Сонымен қатар Ақпараттандырудың ұлттық орталығы СБР пайдаланушыларына арналған әр сынып және пән бойынша пайдаланушы ұсынымдары, ақпараттық электрондық оқыту жүйесінің электрондық кітапханасындағы қажетті ресурстарды іздеу, мультимедиалық түсіндірмелермен, интерактивті тапсырмалар мен тесттермен жұмыс, сонымен қатар көрсетілген әр сыныпқа арналған математика пәні бойынша сандық білім беру ресурстары ұсынылған басшылықты өңдеді.
Ұсыныстар http://nci.kz/ru/content/rukovodstva-polzovateley-cifrovyh-obrazovatelnyh-resursov- dlya-shkol-na-kazahskom-i-russkom ресурсында қолжетімді болып келеді.
Пәнді оқытудың (немесе сабақ тақырыбының) негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқын анықтау, СБР қолдана отырып, оқытудың жоғары тиімділігінің мүмкіндігін қамтамасыз ететін маңызды шарт болып табылады. Мысалы, геометрияны оқыту келесі мақсаттарға бағытталады:

  • оқушылардың математикалық білім, іскерлік пен дағды жүйесін меңгеруі;

  • оқушылардың болмысты танудың математикалық әдісін меңгеруі, тәжірибелік тапсырмаларды шешу кезінде өз білімін қолдана білу; математикалық интуицияның, логикалық ойлауының дамуы;

  • оқушылардың кеңістік ұғымдарын мен кеңістік қиялын дамыту;

  • батылдық, мақсаттылық, дербестік, жауапкершілік, сын тұрғысынан ойлау сияқты қасиеттерді дамыту;

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және байқағыштық, елес, ес, ойлау, математикалық тілді меңгеру сияқты қабілеттерін дамыту;

  • метапәндік жан-жақты оқу әрекеттерін қалыптастыру және дамыту (оқу іскерлігі), маңызды заттарды белгілеу, абстракты ойлау, талдау іскерлігі.

Осыған байланысты ұсынылады:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет