Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік



бет17/83
Дата28.09.2022
өлшемі13,27 Mb.
#40708
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
Байланысты:
umk sbbrzh (2)

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар

2011 жылы Ақпараттандырудың ұлттық орталығы ЭОЖ үшін 5-11 - сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша 479 сандық білім беру ресурстарын өңдеп, Интернетке орналастырды. Сандық білім беру ресурстарын кең ауқымды түрде қолданған кезде, олардың тиімділігі жөнінде сұрақ туындайды. Ақпараттандырудың ұлттық орталығы сандық білім беру ресурстарын қолданудың тәжірибесін қорытындылады және сауалнама, сұхбаттасу, мұғалімдер мен оқушылардың автоматтандырылған сауалнамасы, педагогикалық бақылау, мәліметтерді статистикалық өңдеу сияқты әдістер арқылы апробация мониторингісін өткізді.


Пилоттық мектептердегі оқушылар сауалнамасының мәліметтерін талдау арқылы тарих сабақтарында СБР қолдану:

  • сабақ үстінде және үй тапсырмасын орындау кезінде оқушылардың интеллектуалдық әрекеттерін ынталандыруға;

  • тарихи білімді меңгеру сапасын арттыруға, Қазақстан тарихын зерттеуге деген қызығушылығын қалыптастыруға;

  • өз Отанында болған ерлік оқиғалары үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға;

  • жеке тұлғаның дамуына, болашақ кәсіби талғауына;

  • позитивтік тарихи тенденцияларын сақтауға мүмкіндік береді.

Мұғалімдердің эксперименталдық әрекеттерін талдау СБР-дің төмендегілерге мүмкіндік беретіндігін, атап айтқанда:

  • педагогтың кәсіби әрекет сапасын едәуір арттыруға;

  • оның медиақұзыреттілігін дамытуға;

  • оқытудың саралануы мен даралануына;

  • түлектердің жас ерекшелік психологиясы мен маңызды құндылықтарының жүйесін ескертуге көрсетті.

СБР мазмұны және оны сабақ барысында үнемі қолдану оқушылар бойында төмендегілердің қалыптасуына себепкер болады:

  • тарихи білім және оны өмірде қолдана білу іскерлігі;

  • өз бетімен жалпылау, талдау, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі;

  • тарихи дереккөзбен жұмыс істей алу, салыстырмалы талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ұғыну;

  • қандай да бір тарихи құбылысқа деген жеке бас қарым-қатынасы;

  • отансүйгіш сезімі, белсенді азаматтық позиция, мемлекеттің тарихы мен мәдениетіне сыйластық сезімі.

Осылайша, тарих сабағының барлық кезеңінде СБР қолданған жөн. Ағылшын тілі
бойынша СБР-ді (882 атау) «Bilim Media Group» ЖШС, қазақ тілі бойынша СБР-і (1293 атау) Ақпараттандырудың ұлттық орталығы өңдеп, ЭОЖ-ның Е-кітапханасына орналастырды.
Қазіргі мектеп жағдайында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудағы негізгі мақсат оқушылардың коммуникативтік мәдениетін дамыту, тілді тәжірибелік тұрғыдан меңгеру болып табылады. Осыған байланысты мұғалімдер әр оқушы тілді тәжірибелік тұрғыдан меңгеру үшін жағдай жасау керек, оқыту үдерісі кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіретін оқыту әдістерін таңдау керек.
Тілді оқу бойынша сабақтар – бұл зерттейтін тіл ортасына ену, сондықтан бұл жағдайда педагогтың шеберлігі мен шығармашылығы жеткіліксіз болып келеді, осындай терең енуді имитациялайтын қосымша ресурстар қажет. Бүгінгі таңда осындай ресурстар СБР болуы мүмкін.
Мысалы, ағылшын тілі бойынша СБР Кембридж университетінің баспасы өңдеген түпнұсқалық мәтін мен мультимедиалық файлдар негізінде өңделген. Барлық аудио-визуалдық материалдарды «Bilim Media Group»ЖШС шетелдік серіктестердің студияларында тіл иелері дыбыстаған.
Оқу үдерісіне СБР біріктіре отырып, дидактикалық тапсырмалардың біразын тиімді шешуге болады:6к

  • түрлі деңгейдегі күрделі материалдарды тікелей қолдана отырып, оқу дағдысы мен іскерлігін қалыптасытру;

  • түпнұсқалық дыбыс мәтіндері негізінде тыңдалым іскерлігін жетілдіру;

  • проблемалық талқылау негізінде монологтық және диалогтық пікір айту іскерлігін жетілдіру;

  • халық мәдениетінің, қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысының белгілі бір даму кезеңін көрсететін қазіргі тілдің белсенді әрі пассивті лексикамен сөздік қорын молайту;

  • оқушыларды сөйлеу әдебі, әсіресе қатынас жағдайындағы түрлі халықтардың сөйлеу әдебі, мәдениет ерекшеліктері, дәстүрлері енетін мәдениет тану білімдерімен таныстыру.

Тіл пәндері бойынша СБР қолдана отырып, оқушыларда материалды тыңдауға, оқуға, жазуға және айтуға мүмкіндіктері туады. Жауаптарды тексеру үшін оқушы берген жауапты дұрыс жауаппен салыстыруға мүмкіндік беріледі.
«Bilim Media Group» ЖШС өңдеген қазақ әдебиеті бойынша (548 атау) және Дүние жүзі тарихы бойынша (465 атау) СБР видео, аудио материалмен, интерактивтік тапсырмалар мен тесттермен жабдықталған: СБР аясында суретшілер мен аниматорлар ұжымы туындыларға арналған көптеген әдебиет кейіпкерлерінің бейнелері мен иллюстрацияларын құрды. Ұмытылған ертегілер мен аңыздардың мәтіндері жаңадан жазылды. Мысалы «Жұпар қорығы» ертегісі. СБР-де қосымша материал ретінде 1500 туынды мен 130 автор бар мектеп бағдарламасына енген қазақ әдебиетінің аудио хрестоматиясы құрылған.
Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша СБР қолдану кезінде жүзеге асатын ақпараттық-білім беру ортасының маңызды белгілері:

  • оқытудың оң уәждемесін қамтамасыз ету;

  • сабақты жоғары эстетикалық және эмоционалдық деңгейде өткізу;

  • оқытудың жоғары деңгейдегі саралауын қамтамасыз ету (дараландыру);

  • сабақ үстіндегі жұмыс көлемінің артуы;

  • білім бақылауын жетілдіру;

  • оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру.

3-4 дәрістер. СББР талдаудың аспаптық орталары, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету. ISpring бағдарламалық жасақтама пакетімен танысу. iSpring Suite құралдары көмегімен электрондық курстар құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет