4. iSpring Converter
iSpring Converter – iSpring Suite программасынан өзге, жақында пайда болған, әрі өзінің пайда болуымен танымал смартфондар мен планшеттердің, бірінші кезекте Adobe Flash форматын қолдамайтын iPad-қа қарыздар қосымша. iSpring Suite PowerPoint презентацияларын флеш-форматқа экспорттайды, және егер қолданушы өз презентацияларын мобильдік құрылғыларда көргісі келсе – бұл мақсатта, яғни роликті HTML5 форматына экспорттау үшін iSpring Converter қолданылады. Презентацияны бұл форматта кескіндеу үшін қосымша ойнатқыш қажет емес, алайда браузер нұсқасы актуалды (барлық танымал браузерлер – Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera және Safari) болуы қажет. Сонымен қатар, YouTube каналынан бейнефайлдар мен веб-объектілер (фреймдер) қою, ал роликті HTML-файлдары бар папка түрінде немесе ҚОЖүйесіне жүктеу пакеті түрінде сақтау қарастырылған.
|
iSpring Converter презентациясын конвертациялау
|
5 – дәріс. iSpring QuizMaker 7 пакетінің мүмкіндіктері. Интерактивті тестілер құру.
Тиімді электрондық курс өз құрамында тек оқу материалдарын ғана емес, қолданушы білімін тексеруші тестілерді де қамтиды. iSpring өз құрамындағы тұрғызылған iSpring QuizMaker құралдары арқылы тек интерактивті тестілерді ғана емес сұрауларды да құруға мүмкіндік береді.
Сұрақтардың 23 типі
Тестілерді 11 типті бағаланатын сұрақтар және 12 типті анкеталық сұрақтарды қолдана отырып құру. Бұл студент білімін сапалы тексеруге мүмкіндік береді.
Бағаланатын тест
Қолданушы немесе студент білімін тексерудің неғұрлым оңай және тиімді тәсілі – бұл бағаланатын тест. Тестінің бұл түрі студент жауабының дұрыстығын бағалауға және тестіден өткені үшін балл жинауға мүмкіндік береді. Сұрақтардың келесі түрі қол жетімді:
|