Дұрыс/дұрыс емес. Тұжырымның дұрыстығын бағалау.
Жеке таңдау. Жауаптың неғұрлым дұрыс нұсқасын таңдау.
Көптік таңдау. Бірнеше дұрыс жауап таңдау.
Жол енгізу. Арнайы өріске сұрақтың жауабын енгізу.
Сәйкестік. Үйлесімді элементтерді қою.
Рет. Ұсынылған нұсқаларды дұрыс ретпен қою.
Сан енгізу. Дұрыс жауапты сан түрінде енгізу.
Ашық жерлер. Ашық жерлерді сәйкес жауаптармен толтыру.
Енгізілген жауаптар. Тізімнен дұрыс жауапты таңдау
Сөздер банкі. Ашық жерлерді «сөздер банкіндегі» нұсқалармен толтыру.
Белсенді облыс. Кескіндегі дұрыс облыстарды көрсету.
Сұрау
Тестінің бұл түрі арқылы қолданушы жауаптың дұрыстығын тексермей-ақ ақпарат жинау мақсатындағы сұраулар мен анкеталар құра алады.
Әрбір бағаланатын сұрақ типіне сұрақ-анкета сәйкес келеді («Белсенді облыс» түрінен басқаларына).
iSpring QuizMaker-де бағаланатын тест құруда қолданылатын сұрақтар мысалдары.
Сонымен қатар, анкета құру режимінде сұрақтардың арнайы типі бар:
Ликерт шкаласы. Тұжырыммен келісу және келіспеу дәрежесін бағалау
Эссе. Жауапты еркін түрде енгізу.
iSpring QuizMaker сұрақтардың барлық түрін қолдану арқылы аралас тест құруға да мүмкіндік береді.
iSpring QuizMaker программасында сұрау құру кезінде қолданылатын сұрақтар мысалдары.
Мультимедиа объектілері
Тестінің әр сұрағы кескінмен, аудио-, бейне- немесе Flash-роликпен, сонымен қатар формуламен толықтырылады. Сондай-ақ, қолданушы текст стилін қалыпқа келтіріп, гиперсілтемелер қоя алады. Жауап нұсқалары да кескіндермен немесе формулалармен жабдықталады.
iSpring QuizMaker қолдайтын мультимедиа-ресурстар түрлері.
Тармақталу сценарийлері
iSpring QuizMaker әр тест үшін тармақталу сценарийлерін құруға мүмкіндік береді. Қолданушы дұрыс, қате және жартылай дұрыс жауап үшін қандай да бір әрекет түрін көрсете алады.
Айталық, жауап дұрыс болғанда студент келесі сұраққа, ал қате болғанда – берілген сұраққа байланысты ақпараты бар слайдқа көшуі.
Тармақталу сценарийлері
Сонымен қатар, жауаптың дұрыстығы жөніндегі хабарламаларды қалыпқа келтіруге болады. Мұндай хабарламалар арқылы одан әрі қандай әрекет жасалатынына нұсқау айтуға болады.
iSpring QuizMaker программасында тестінің тармақталу сценариін қалыпқа келтіру.
Cұрақ бойынша тармақталу
Алдыңғы сұрақ жауабына байланысты келесі сұраққа көшу.
Топ бойынша тармақталу
Егер студент дұрыс жауап берсе, оны неғұрлым күрделі сұрақтарға бағыттау.
Cлайд бойынша тармақталу
Егер студент қателер жіберсе, оны ақпараттық слайдқа бағыттау.
Жауап бойынша тармақталу
Сұрақтардың кейбір түрінде тармақталу мен хабарламалар жауаптың әр нұсқасы үшін реттелген болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |