ХХ ғасырдағы шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі күнделікті тарих пен тарихи антропологияның зерттелуі. Ресейде күнделіктілік тарихы — этнология саласының бір бөлігі, сондықтан да күнделіктілікті зерттеуде этнологиялық əдістер қолданылып, бұл тұрмыс тарихы саналады. Дегенмен тұрмыс тарихы этнографиялық баяндаудың пəні ретінде, ал күнделіктілік тарихы тарихи зерттеулердегі жаңа бағыт ретінде, екеуі аралық байланыс күрделі болып келеді. Сондай-ақ ағылшын тілді əлемнен жеткен əлеуметтік жəне тарихи-антропологиялық, гуманитарлық білім ықпалымен сол тұрмыстық ұғым тарихшылармен күдікті категорияға айналды.Ресей мысалында күнделіктілік тарихшылары, əсіресе ХІХ ғасыр этнографтары мен «тұрмысты жазушылармен» жиі байланыста болды, бұл үдеріс тарихты этнографиялық тұрғыда қарастырумен шектелді. Күнделіктілік тарихшыларына «күнделіктілікті» этнографиялық əдістер ықпалында қарастыру тиісті нəтижеге қол жеткізбеді. Тұрмысты күнделіктілік тұрғысынан зерттеу мен этнографиялық тұрғыдан зерттеулерден (ресейлік) түбегейлі айыру, оқиғалық тарихтың маңыздылығын түсінуден тұрады, яғни саяси оқиғалар ширегіндегі (белгілі бір саяси қоғамдағы адамдар тобы) жекелеген адамдардың əр түрлі ынталарының ортақ немесе тұтас бейнесін көрсету. Ал тарихты күнделіктілік тұрғысынан зерттеу болған оқиғаны басқа түрде немесе егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді. Тарихи оқиғалар ішіндегі жекелеген адамдардың тіршілігі бірінші орынға қойылады.