Университеттің базалық мектептері болып табылатын іс-тәжірибе базаларымен келісім-шарт рәсімдері жасалады.
Анықтаушы конференцияны өткізу уақыты мен тәртіб белгіленіп, студенттерді іс-тәжірибеге бағыттау рәсімдері жүргізіледі.
Іс-тәжірибе орындарында студенттердің инновациялық іс-әрекетте қатысу дәрежесі қалыптасуға тиісті шаралар жасалады.
Іс-тәжірибе бойынша есептерді дайындау және қорғау тәртібі түсіндіріледі.
Іс-тәжірибені өткізу тәртібі оның негізгі кезеңдерді талдауын қамтамасыз етуге арналған іс-тәжірибе алдындағы конференция ұйымдастырылып, онда қажетті мәселелерге көңіл аударылады.
Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]
2.3. Семинар сабақтардың жоспары: №1 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні
І апта. І кредит- сағат. Сұрақтар: Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән
Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері
Тапсырмалар: Орта мектепте әдебиеттің пән ретінде оқытылу мәселелерін баяндаңыздар. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі міндет-мақсаты, басқа пәндермен ықпалдастығы, оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға негізделуі туралы әңгімелеңіздер.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7:3]; 2. [1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:6]; 5. [1.7:9]
Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].
Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.
№2 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
ІІ апта. І кредит-сағат. Сұрақтар: 1. Қадым мектебі, өзіндік ерекшеліктері, білім берудегі көздеген мақсаты, пайдасы мен кемшіліктері
Жәдит мектебі, қадымша оқудан айырмашылықтары, білім берудегі артықшылықтары мен жетімсіз жақтары
Медреселік білім беру жүйесі, оның прогресшіл жақтары
Тапсырмалар: Қадым мектебі мен жәдит мектебінің білім берудегі артықшылықтары мен жетімсіз жақтарын баяндаңыздар. Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтарын әңгімелеңіздер.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]
Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].
Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді басшылыққа алыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар. Баспасөз, ғаламтор материалдарын пайдаланыңыздар.
№3 семинарлық сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – ағартушы ұстаз, тарихи тұлға