Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер бойынша):
- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- проблемалық баяндау әдісі;
- репродуктивтік әдіс;
- эвристикалық әдіс.
Тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
-оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыру
- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:
- ауызша баяндау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Ең көп таралғаны - білім беру көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):
-сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
-көрнекілік әдістер
-тәжірибелік әдістер
2.Ойлау формалары.
Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы
формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы
ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен,
мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Адам ұғым арқылы дүниедегі
заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін,
байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке
заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын
ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда
мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді.
Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау қаласы»,
«Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым
болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «мәжіліс»
(депутаттар мәжілісі ), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке
келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының
түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады.
Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай
емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден кӛрінеді.
Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін
ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Мәселен,
«Ақтау - әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал
«Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір
пікірде үш бӛлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс.
Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Ақтау» - логикалық бастауыш.
«Әдемі, жас қала»- логикалық баяндауыш. Байланыс сӛздер («деп»,
«дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікірде кӛбінесе айтылмай, тек ойға алынып
отырады. Пікір грамматикада сӛйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік
материал негізінде, тілдік терминдер мен сӛйлемдердің негізінде ғана туып,
ӛмір сүре алады. Пікір мен сӛйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Ӛйткені бұл
екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің әр түрін, оның оның
ерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен
ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.
Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары
дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды
шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет.
Катар тұрган кездейсоқ пікірлерден ой қорытынды шықпайды. «Жаңбыр
жауды», «Қоңырау соқты» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық
байланыс жоқ. Сондықтан, бұл екі пікірден үшінші жаңа бір пікірдің тууы
мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |