Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі


Композициядағы тепе-теңдік пен тұтастық. «Ғарыш» композициясы



бет35/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
3.Композициядағы тепе-теңдік пен тұтастық. «Ғарыш» композициясы.

Сурет салатын парақты таразы немесе әткеншекпен салыстыруға болады. Таразының екі басындағы салмақ тең болған жағдайда ол тепе-тең қалпын сақтайды. Осыдан «тепе-тең» сөзі келіп шығады. Егер сен суретіңді парақтың бір бөлігіне орналастырып, екінші бөлігін бос қалдырсаң, онда сурет орнықсыз болып көрінеді.

    Егер сен суретіңді парақтың бір шетіне оңға, солға, жоғары не төмен орналастырсаң, онда тепе-теңдік бұзылады.

    Бір бейнелі композицияны кез келген төртбұрыш, вертикаль, горизонталь пішімге орналастыруға болады. Бірақ салынған сурет парақтың ортасында орналасқаны дұрыс. Сол жағдайда сенің суретіңде тепе-теңдік сақталады.

    Суретке қараған кезде ондағы бейнелерді орнынан қозғап, түзету енгізу жөнінде ой туындамаса, оны тепе-тең композиция деп атауға болады.

    Қазақтың белгілі суретшісі А. Дүзелхановтың «Аңшылық» атты шығармасына назар аудар. Мұндағы аңшы, бүркіт, құмай тазының қозғалысы сәтті берілген және үшеуі де бір-бірімен тепе-теңдікте орналасқан.

    Бейнелейтін затты қағазға дұрыс орналастыру «композиция» ұғымының бастапқы сатысы болып табылады. Суретшілер белгілі шығарма жазбас бұрын ең алдымен картинаның құрылымдық композициясын іздейді. Үйлесімді, қисынды, дұрыс композиция шыққаннан кейін барып шығарманы жазуға кіріседі. Орындалатын суретті жоспарлау, суретші тілімен айтқанда, үйлестіру (компановка) деп аталады.

    Үйлестіру ұымын есте сақтау үшін суретке қарап талдау жасайық. Кейбір кеткен кемшіліктерді сурет салу барысында жібермеуге тырысайық.

    Бірнеше суретшілердің композициялық көркем шығармаларына талдау жасап көрейік. Оны мұғалім дұрыс таңдап, оқушыларға түсіндіру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет