Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет49/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:
ГОС 2 (1)

Педагогикалық кеңес дегеніміз- білім беру ұйымындағы алқалы басқарма органы болып табылады. Педагогикалық кеңестің мақсаты – мектептегі ұстаздар қызметін жетілдіруді және оның сапасын арттыру.

Педагогикалық кеңес жоспары мынадай міндеттерді көздейді:



  • ұстаздар даярлау жүйесінің әдістемелік және ғылыми-теоретикалық сапасын арттыру;

  • оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстарына ұжым мүшелерін тарту;

  • шешімдерді алқалы түрде шығару және оны бірлесе отырып жүзеге асыру.

Мектептегі педагогикалық кеңес – білім беру ұйымының заңға сәйкес нормаланған қызметтерін жүзеге асыру мақсатында құрылған, педагогикалық ойды қалыптастыруға ықпал ететін диагностикалық орган.

Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысының міндеті мен мазмұны.

  • Педагогикалық кеңес – білім беру ұйымдарында оқу процесінің негізгі мәселелерімен тұрақты жұмыс істейтін басты орган.

  • Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысындағы ең басты мәселе – білім беру мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Білім беру ұйымындағы педагогтар ұжымының жұмыс істеуіне жағдай жасау.

  • Педагогикалық кеңесте мектептің жұмыс жоспарларына талдау жасалып, бекітіледі; білім беру ұйымы қызметкерлерінің деректерін, есептерін тыңдайды.

  • Мектептегі педагогикалық кеңес нәтижесі бойынша білім алушыларды емтиханға жіберу туралы шешім шығарады.

Мектептің педагогикалық кеңесі құрамына мектеп директоры, оның орынбасарлары, педагогтар, психолог, әлеуметтік педагог мүшелікке кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет