Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі


Жас ерекшелік психологиясының пәні



бет65/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
2.Жас ерекшелік психологиясының пәні

Жас ерекшелігі психологиясы- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.Педагогикалық-психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.Педагогикалық-психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін ойлап тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқзушылар арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлар мен қоса педагогикалық психология оқушыларға жеке дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді зерттейді. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі-бала, жекіншек, жасөспірім ,- ортақтылығымен түсіндіріледі; олар жас ерекшелігіне сай даму динамикасын тұтастығында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының объектілірі, ал педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы- жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы- педагьги калық-психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педаггикалық және жас ерекшелігі психологиясына теңдей қарасты. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде қарастырады. Сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеуде өзінен өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шегарасын шартты ете түседі.

Пәннің мақсаты:

Курстың мақсаты-онтогенезді әртүрлі сатылардағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерде жүйелі түсініктерді қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет