Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет68/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ГОС 2 (1)

29-билет
1)Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 

Мұға­лім­нің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту, баланың өзі ізденіп дәлелдеуін дамыту мақ­сатында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда қо­л­данамын. Оқушы бұрын тек тың­даушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзін­дік пікірі, қоршаған ортасына құрмет­пен қарау көзқарасы қалыптасып, таным, қабілеті ашылады. 

Сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен, шығармашылық ойлау. Шығармашылық сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Сын тұр­ғы­сынан ойлау сынау емес, шың­дал­ған ой дегенге саяды. Сыни тұрғы­дан ойлау бағдарламасы оқу­шы­ның еркін сөйлеуіне, пікір талас­тыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Бұл бағдарламаны басшылыққа алғалы бері оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өз бетінше шығармашылықпен ізде­нуге бейімделгені байқалады. Оқы­туда «Жұпта талқылау», «Ин­серт» стратегияларын қолдану арқылы бала­лар өз беттерінше тұжырым жасау­ға, ойларын еркін жеткізуге, ұқ­сас құбылыстар арасынан тиім­дісін таңдай білуге тырысады. Пос­тер қорғауда сенімділік ұялат­­са, «РАФТ» стратегиясы ар­қы­лы оқу­­шыл­арды тереңнен салыс­­тыра ой­лануға жетелейді. Блум өл­шем­­­дері арқылы қабі­летті оқу­шылар жұмыс істеуге, бір­­ле­се жұмыс жүргізуге дағды­ла­­на­ды. Сабақ барысында оқу­шы­лар INSERT картасы, Венн диа­грам­масы, концептуалдық кесте тол­тыру стра­тегиялары арқылы мәтін­нен өзі­не қажеттісін тауып, қол­дана білу­ге, семантикалық карта өз ойын әрқашан дәлелдей білуге, «Венн диаграммасы» арқылы салыс­тырып, талдау жасай алуға бейім­деле­ді. Сын тұрғысынан ойлау стра­тегиясы бойынша жүргізілетін жұмыс­та оқушылардың тиісті дең­гейде өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбы­лыс­тар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізуге білу дағдылары белгілі бір деңгейде қалыптасты деп айтуға болады.

Осы стратегия арқылы көп нә­ти­жеге жетуге болады. Оқушы­лар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады, жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Ой түю арқылы керекті дәйектермен іздеп таба біледі, оны пайдалана білуге үйренеді. Сапалы оқыту мұға­лім бейнесімен танылатын сан-алуан элементтер арасындағы бай­ланыс, бұл белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кез­де жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Әрбір сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары жоғары білім нәтижесін көрсетеді. «Сын тұрғысынан ойлау» техно­логиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бо­йынша алуға тәрбиелейді. Оқу­шылар өзіндік жұмысына мақ­са­т­ты бағдарлар, айқын міндет­тер қоя білуге үйренеді. Бұл оқушының сыни тұрғысынан ойы дамып, өзіндік пікірінің қалыптасуында, өз ойын еркін, тиянақты жеткізе білуіне ықпалын тигізеді. Сынып­та жағымды психологиялық жағ­дай қалып­тасып, өзара ынтымақ­тас­тықта, жұмысты топпен жұмыла орын­д­ауға дағдыланады. 

Қазіргі заман талабына сай оқу­шы мектепте алған білімін өмір­де қолдана білуі маңызды. Елімізге қызмет ету үшін оқушы­лар білімді, ақпараттық техноло­гия­ларды қол­дана алатын, өмірде кездесетін проблемаларды шешуге бейімделген тұлға болуы тиіс. Бұл тех­но­логияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт-бағдар беруі ар­қылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәлі­мет­тер алып, еңбектену арқылы игереді. 



2) Нәрестелік және сәби шақтағы психологиялық даму

Нәрестелік шақ бала психологиясының даму ерекшеліктеріе қарастыру маңызды рөл атқарады. 
Өйткені нәрестелік шақ психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.

Нәресте тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Нәрестенің бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен іске қосады. Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.

Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы

Баланың дүниеге келуі алғашқы дағдарыс. Оның мәні: тұрақты ортада өісмдік тәрізді тіршіліктен бөлек автономды өмірге өту. 
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді: 
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
2) тамақтану (сору, жұту);
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады - бұл тамақтандыруға деген рефлекс. 
Танымдық дүниенің дамуы. Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3 - ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады. 
Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада жандану кешені пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация. 
Жандану кешені балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа - бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі. 
Сәбилік кезең (2-айдан 1 жасқа дейін).
Баланың физикалық дамуының негізгі жетістіктері:
1. Қамту және манипуляциялау. Қамту - бұл заттарды қармап ұстап алу, манипуляциялау - бұл өз ыңғайына қарай заттармен әрекет жасау. Қамты мен манипуляцияның рөлі - бұл жаңа жетекші іс-әрекет - заттық-қарулық іс-әретке дайындалу. 
2. Еңбектеу - бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі; оның рөлі- жаңа әсерлерді қамтамасыз ету. 
Дамудың әлеуметтік жағдайы - үлкендерге толықтай тәуелділік, ол баланың органикалық қажеттіліктері мен жаңа әсерлерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. 
Сәбидің жаңа құрылымы- қарым-қатынасқа деге қажеттілік.
Жетекші іс-әрекет - эмоциялар, мимика көмегімен эмоционалды, тікелей қарым-қатынас. 
Эмоционалды қарым-қатынастың тапшылығы госпитализм құбылысына әкеледі, яғни психикалық және физикалық дамудың тежелуіне. 
Танымдық дүниенің дамуы. Көру және есту түйсіктері қарқынды қалыптасады (3-тен 4 айға дейін). Көру қабылдауы шамамен 11 айда пайда болады. Ес ырықсыз және келесі түрлері басым болады: эмоционалды және қозғалыстық. Зейін ырықсыз. 1 жылдың аяғына таман көркем-әрекеттік ойлаудың алғашқы белгілері байқалады. 
Сөйлеу пассивті. 7-8 айда тілді түсіне бастайды. 1 жаста оның пассивті сөз қоры 50 сөзден тұрады. 8 айда, көбінесе 1 жаста сөйлей бастайды, сөз қоры 2-15 сөзден тұрады. 
Эмоционалдық дүниенің дамуы. 1 жас дағдарысы. Дағдарыстың мәні: баланың тікелей-эмоционалдық қарым-қатынастан жаңа жетекші іс-әрекетке - заттық-қарулық іс-әрекетке өтуі. Дағдарыстың көріністері: баланың теріс эмоционалдық реакциялары. 
Физикалық дамудың негізгі жетістіктері: 
1) заттық әрекет, яғни бала заттарды мағынасына сай пайдаланады;
2) тік жүру, өз бетіншелік артады және қолдары босайды.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Үлкендерге тәуелділік сақталады, олар балаға заттарды қолдану тәсілдерін ашады.
Осы жастағы жаңа құрылым. Сөйлеу. Көркем-әрекеттік ойлау. Сөйлеу- активті және пассивті. Активті сөйлеудің дамуы келесі заңдылыққа сүйенеді: 1,5 жасқа дейін тіл баяу дамиды. Бала 30-40- тан 100 сөзге дейін игереді. Оларды сирек пайдаланады. 1,5 жастан кейін бала бастамашыл бола бастайды. 2 жасқа келгенде оның сөз қоры 300 сөзге дейін ұлғаяды. 3 жасқа келгенде 300-ден 1,5 мың сөзге дейін ұлғаяды. 
3)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет