Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі


Оқушылардың білім мен білігін тексеру әдістері мен түрлері



бет63/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
Байланысты:
ГОС 2 (1)

Оқушылардың білім мен білігін тексеру әдістері мен түрлері

Методикалық әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеруді дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктейді. Күнделікті тексеру- жеке сабақтарда, дүркінді тексеру- бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеру- тоқсанның соңында, жыл аяғында жүзеге асырылады. Бұлардың әрқайсысы өткізу әдістері немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрау, жазба жұмыстар және эксперименттік тапсырмаларға бөлінеді.



Осы кездегі педагогикалық және методикалық әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексеруге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі-оқу жұмысын ұйымдастырумен байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс істей білу; білімнің басқа құралдарын пайдалана білу; беретін жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей білу, өзін-өзі бақылау және талдау. ЕКіншісі-оқушылардың даму өресін көрсететін қисынды біліктер мен дағдылар: анализ және синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізгісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дәлелдеу, қорытындысын шығару. Үшіншісі- еңбек істей білумен байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек істеуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалан білуі; реактивтермен жұмыс істей білуі; сақтық шараларын орындауы; техникасын меңгеруі; құбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуға икемділігі; уақытты тиімді пайдалануы, жұмыс орнының тазалығы.

Білімді бағалау

Білімді бағалау білімді есепке алудың бүкіл проблемесындағы ең даулы және көп айтыс тудыратын мәселелердің бірі болып табылады. Ол-іс жүзінде көп қиындықтар туғызады. Мұғалім дұрыс қолданатын жағдайда, баға өте күшті ынталандыратын құрал болып табылады және оның тәрбиелік үлкен маңызы болады.

Кейбір елдерде баға жүйесі тек жазбаша жұмыстар үшін ғана жасалған, өйткені жоғары да айтылғандай, жазбаша жұмыс батыс елдерінде білімді бағалаудың бірден-бір әділетті құралы деп саналады. Қазіргі кезде біздің елімізде бес балдық (іс жүзінде төрт балдық) жүйе қолданылады. Егер бағдарламаның жалпы талаптарын негізге алсақ, “5-тік” баға оқушыларға бағдарлама бойынша қойылатын талаптардың толық көлемдегі білім үшін; “4-тік” баға бағдарлама бойынша қойылатын талаптар көлемінен шамалы ауытқыған білім үшін; “3-тік” баға оқушыға одан әрі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін білім үшін; “2-лік” баға оқушы бағдарлама бойынша одан әрі алға баса алмайтын жағдайда қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет