Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу», «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым. Композицияны бейнелеу өнеріне, кескіндеме, графикаға қатысты айтатын болсақ картинадағы айтайын деген ойды жеткізу үшін, жаңа ойды білдіретін көріністі айшықтап алып көрсете білу, көріністегі айтатын ойды аша түсу үшін, қосымша бейнелер беріледі, уақыт пен кеңістік көріністері жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы беріледі.
№17-билет
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан-жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
«Жаңартылған білім білім мазмұнының» өзегі - жылдам дамып бара жатқан өзгермелі қоғамымызда өмір сүруге икемді, жеке басының, сонымен қатар қоғамның ыңғайына қарай өзін-өзі толыққанды жүзеге асыруға дайын,мектеп қабырғасында алған білімін өмірмен байланыстырып қолдана алатын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып отыр.
Қазақстандағы оқу жүйесіндегі басты жаңалық – мұғалімдердің жаңаша форматта білімін жетілдіруі болып отыр. Бұл -өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – оқу мен оқыту процесінде түрлі кедергілерді жеңе отырып, осы алған білімімді саралап, зерделеп, одан әрі толықтырып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау,жүйелі ойлауға үйрету,оқушының талантын зерттеу және анықтау, сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.
Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.
Ал «қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен жан-жақты іздене отырып, жаңа білімді сыныптастарымен бірлесе отырып игеруге үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы өзін-өзі білім сатысының қай деңгейінде тұрғанын біле отырып, қатесін өзі түзетіп, білуге деген құштарлығын ояту болып саналады.
Сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді. Бұған дейін дәстүрлі білім беру үдерісінде сабақ мақсаттарын шамадан тыс алатын едім. Ал ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың бағдарламасы аясында үшінші деңгей бағдарламасын аяқтағаннан кейін, білім алу кезінде смарт мақсат қоюдың маңызын түсіндім. Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс –тәсілдерді пайдалана бастадым. Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.
Әрбір сабағымды өткен сабақта игерілген мақсатқа байланысты «Ширатуға» бұрынғы білімін еске түсіретіндей «Кір жуғыш машина», «Ішкі және сыртқы шеңбер», «Кіріс және шығыс билеттері», «Сұрақтарды қағып ал», «Сен маған,мен саған» , «Құпия қапшық» әдістерінен бастағанда оқушылар ойнап жүріп өткен білімдерін қайталай отырып жаңа сабақ арасында көпір арқылы еніп кеткенін байқамай да қалады.Сонымен қатар оқушылардың сұрақ қою дағдылары қалыптасады.Ашық және жабық сұрақтардың айырмашылығын біледі.
Қазақ тілі,жаратылыстану,дүниетану пәндерінде «Ойлар бұлты» әдісінің жаңа тақырыпты бекіту , үй тапсырмасын сұрау мақсатында тиімді екендігіне көз жеткіздім. Оқушы жаңа тақырып бойынша бір түйінді сөз жазады. Кез келген сөз емес, ерекше есте қалған сөзді жазады.Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын,ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі түсіндіреді. Екіншіден, бұл әдіс оқушының өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Егер оқушы бір сабақта тақырыпты меңгермеген болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол сыныптастарынан қалмай, түйінді сөз жазарда ойланып жазады. Сол сөздің мағынасын өзі айтып түсіндіретін болған соң, оқушы ойланып жазады, жауапкершілігі артады.
«Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылған сұрақтың жауабын білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға, есте сақтау қабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді. Себебі, қағазда жазылған сұрақ басқа, жауап та басқа. Осы жерде оқушының шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл әдіс сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді. Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының арасында сыйластық қалыптасып,бір- бірінің сөзін тыңдауға бейімделе бастайды.
Ал оқушылардың сыни ойлауын дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін , сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын тұрғысынан ойлау деген тіркесінде тұрғысынан деген термин ойдың мәселені шешу үдерісінде шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе «теріске шығаруды» білдірмейді. « Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану » деп сипатталады. Ол маңызды мәселерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. «Екі түрлі күнделік, РАФТ, 5 минуттық эссе, автор орындығы, Джигсо, Т кестесі» т.б. секілді әдіс –тәсілдері оқушының ойлануына, олардың көшбасшылық,шығармашылық қасиеттерін анықтауға, талдау мен бағалай білуге, щешімдер шығара алуға,нақты дәлелдер келтіруге үйретуге мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ қоюға үйрету шарт. Егер оқушы өзі қойған сұрақтың маңыздылығын, қай дәрежелі сұрақ қойғанын анықтап, саралай алатын болса,яғни ол өзіне- өзі сыни көзқараспен қарайды деген сөз.
2. Сөйлеу туралы түсінік. Сөйлеу түрлері.
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.Пікір алы – судың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай түрлі сөйлеу ерекше- ліктерімен көрінеді.Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді.Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.Сыртқы сөйлеу ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі түрі болғандықтан сөйлеудің қалған түрлері де соның төңірегін- де құрылады.
Мысалы, жазу кезіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілей- ді.Былайша айтқанда, ол ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, аса күрделі түрі болып табылады.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалог сөйлеу.Бұл екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмен – дегідей:
1) Мұндай сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тіле – мейді; 2) бұл ылғи да сүйемелдеп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгі – мелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.Мысалы: «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемде осындай нөмірі бар автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады; 3) диалогтың қисындық жағы (жоспарлылығы, біртінділігі, дәлелділігі т.б) кемдеу болады; 4) диалог сөз ым-ишарымен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т.б.) толықтырылады.
Монолог бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың, мұғалімнің сөздері.Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері: 1) монолог сөз әр кез белгілі жоспарға сәйкес құрылады.Бұл алдын – ала даярлықты ті – лейді;2) бұған логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мысалы, баян – дамашы мен лектор өз сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі); 3) монолог сөз адамға әсер ететін мәнерлі сөздің жақтарын (сөзді назына келтіріп айту) көбірек қажет етеді; 4) монолог сөздің грамма – тикалық құрылысы белгісіз жүйеден ауытқымайды.
Диалог, монолог сөздер көп жағдайларда бет мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады.Орынды ымдар біздің сөзімізді мәнерлі етумен қатар оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады.Бірақ осындай ым – ишаралардың дербес күйінде ешбір маңызы жоқ.Бұлар жеті мүшесі сау адамдар үшін қарым – қа – тынас құралы болып саналмайды.Адам мұңы сөзіне демеу ретінде ғана пайдаланады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де ) актив және пассив сөздер болады.Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын мән – мағынасын түсінгенімен күн сайын қолданылмайтын сөздер.Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми – техни – калық атаулар және ескірген сөздер жатады.Актив сөздер мол болуы адам – ның сөйлеу әрекетіне айналысқан кәсібіне байланысты.Егер ересек адамдар – дың актив сөздері орта есеппен 6000-7000-дай болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 актив сөзге жетіп оты- рады.Мысалы, Шекспирдің актив сөзі 12000-дай болған.
Сөйлеудің ерекше бір түріжазбаша сөз.Бұл арнаулы әдістер арқылы негі – зінен мектепке келегеннен кейін меңгерілетін сөйлеудің түрі.Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді.Жазбаша сөйлеу қолдың қалам – қағаз ұстауға жараған адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бас – тайды.
Жазба сөйлеудің кейбір ерекшелігі:
1) жазған кезде адамның қасында сүйемелдеушісі болмағандықтан мұнда ешбір ым – ишара қолданылмайды; 2) жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатты талап қойылады; Мысалы, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кез – де адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын; 3) жазуда грамматикалық ереже – лерді сақтау қатаң ескеріледі; 4) жазғанына адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді.Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді.Мысалы, адамға өзінің туысқандарына, таныстары – на хат арқылы ойын білдіргенде де осы жағдай байқалады.Жазба сөйлеудің түрлері мен стильдері өте көп.Олардың бастылары ғылыми – техникалық, публицистика, көркем сөз, іс – қағаздары т.б сөздер.
Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу.Бұл тілдік материалдар негізінде дауыстамай – ақ сөйлей алудың көрінісі.
3. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
«Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай,торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
2. «Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды,киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
3. «Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
4. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
5. «Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).
№18-билет
1. Мұғалімнің сабаққа, әзірлігі, жоспарлауы.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
2. Қиял туралы түсінік. Қиялдың түрлері.
Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып, баска еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында, яғни дәл казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.
Қиял екі психикалық процес: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса, біз қиял туралы айтамыз.
Қиялдың түрлері. Қиялды іс-әрекетіне қарай екі түрге бөлуге болады. Бірі – өткенді еске түсіретін қиял, екіншісі – қайта жасау қиялы.
Адам өткенді еске түсіргенде бұрынғы қабылданған заттарды, болмыстарды сол күйінше, бір-бірінсіз еске түсіруі өте қиын. Түрлі себептермен көбінесе бұрынғы қабылданған нәрселердің кей жақтары ұмтылады. Бірақ кейіннен оларды қосып толықтырып отыратын болады.
Қиялды пайда болу сипаттарына қарай белсенді және енжар деп екі қиялға бөлуге болады. Егер алдымызға ешбір мақсат қоймай, жай нәрсені ойлап, кездейсоқ қиял бейнелерін тудыратын болсқ – бұл қиял енжарқиялы болады. Мұның іс-әрекетке тигізер ешқандай ықпалы болмайды.
Егер әдейілеп еркімізді, жігерімізді жұмсап алдымызға мақсат қойып қиялданатын болсақ, мұндай қиял белсенді қиял болады. Мұның негізгі бір трі шығармашылық қиял. Оның бсты бөліктері өнер саласында ғылыммен техникада жан-жақты өріс аып отырады.
Қиялдың ерекше бір түрі – арман. Бұл келешекте адамның көзқарасынша жзеге асуы, орындалуы мүммкін, тікелей іс-әрекет пен байланыспаған жай тілек, қалау ғана. Арман кісіні іске жұмылдыратын түрткі деуге болады. Өйткені шындықпен аралас арман адамның алдына мақсат қойып, оған күш-қуат беріп, оны белсенді түрде әрекет етуге итермелеп отырады.
Қиялдың айрықша сипаттары. Адамның қиялы тәнінде болатын кейбір органикалық ағымдарға әсер етіп, өз қиялымен байланысып отыруы мүмкін. Қиял арқылы бұрынғы елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, жаңа елестеулер жасау жолының бірнеше әдіс-тәсілдері бар.
3.Сыныптан және мектептен тыс музыкалық білім берудің түрлері және оның маңызы мен мазмұны.
оқытуға келсек, форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меғгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.
Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:- оқушылардың саны;- оқу орны;- оқыту дәрістерінің ұзақтығы.
Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді.
Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.
Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән:
1) Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді;
2) Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;
О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті: - Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;
- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;
Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.
№19-билет
1. Оқушылардың білімін, дағдыларын бақылау және бағалау.
Оқыту процесінде оқушының білім, білік, дағдысын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есетеледі.Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оның дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу- тәрбие процесінің табысты болуының кепілі.Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықта отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесіндегі білім, білік, дағдыларын есепке алу,бақылау және бағалаудың маңызы ерекше.Бақылаудың көмегімен теормялық білімді меңгерудегі сапа, білік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Оқу сапасын тексерудің 5 балдық жүйесі. Оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпеген. Ондағы кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысы қамтамасыз ете алмауында. Осының нәтижесінде оқыту процесінің саасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолана білуі тиіс. Дегенменде бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау мен бағаның мәні тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалытаспай отыр.Бақылау кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әректінде бақылау жасау қызметін атқарады.Олардың творчестволық күшімен қабілетінің дамуына ықал етеді. Бағалау , оқытудың құрамдас бөлігі. Бағалау бір нәрсеніңдеңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгерілуі дайындық деңгейме дамуын білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
2. Қиялдың жасалу жолдары. Балалардың қиялын дамыту.
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын - бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.
Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мүндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дүрыс. Осы салада мүғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мүғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мүғалімнен біліп алады. Ертеңіне мүғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бүл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бүл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.
3. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты, міндеттері.
Рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету: өзінің өмірлік позициясын анықтау;әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрнісін қалыптастыруға әсер ету;білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
№20-билет
1. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Оқыту үшін бағалау– бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |