Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылы тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.
Жеке адамның қалыптасуы – күрделі, қарама-қайшы процесс. Ол өзінеорганизмніңөсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиды.
Жеке адамның қалыптасуы туу сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірімшақта айрықша интенсивтіжүреді де, ересек болған кезде өзінің біршамааяқталу кезеңіне жетеді.
Жеке адамның, әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысты болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Тұқым қуалаушылық- ұрпақтың ата-ананың биологиялықұқсастығын елестетеуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесінеұқсап қалған деп таңданады. Ә
Орта – адам дамуынатабиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта- бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады.
Әлеуметтік орта- жеке адамның мінез- құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде дүниегекөзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады.
Дене тәрбиесінің құралдары, дене тәрбиесіне әсер ететін факторлар.
Дене тәрбиесі құралдары. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің негізгі
бөлімдерінің ішінде ерекше орын алатыны - дене тәрбиесі құралдары. Дене
тәрбиесінде қолданылатын негізгі құралдар дене тәрбиесінің жаттығулары, ал
кӛмекші құрал ретінде табиғаттың (жаратылыстың) сыртқы күшінің әсері мен
гигиеналық факторлар. Дене тәрбиесі жаттығуларының жалпы ұғымы дене
тәрбиесінің тәжірибесінде екі жақты мағынаны білдіреді. Біріншісі, дене
тәрбиесінің құралы қимыл-қозғалыстың түрі болса, екіншісі әдістемелік
қағидаларды пайдалана отырып қимыл-қозғалысты бірнеше рет қайталау
процесін ұйымдастыру болып табылады.
|
Дене тәрбиесінің арнаулы кұралы болмаса да, гигиеналық факторлар дене тәрбиесі міндеттерін толық өз дәрежесінде шешуде маңызға ие. Қаншалықты педагогикалық процесс жақсы ұйымдастырылғанымен тамақтану тәртібі бұзылып жатса, керекті мөлшерде ұйықтамаса, жаттығулар санитарлық жағдайы жоқ жерде өткізілсе, онда педагогикалық процесс ешқашан күткендегідей нәтиже бермейді. Сондықтан да дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда гигиеналық талап көлемін анықтайтын материалдар ұсынылған. Гигиеналық факторлар, шартты түрде екі топқа бөлінеді:
1.дене тәрбиесі процесінен тыс, адамның өмір қызметін қамтамасыз ететін жағдайлар: еңбек, оқу, тұрмыс, демалыс, тамақтанудың жеке және қоғамдық гигиенасының талаптарына немесе дене жаттығуларымен толықтай айналасуға қажет алғышарттарды қамтамасыз ететіндердің бәрі;
2.дене тәрбие процесіне тікелей енгізілген жағдайлар: гигиеналық нормаларға сәйкес түсетін салмақ және демалу тәртібін тиімді пайдалану, арнайы жарыс жолындағы тамақтану, сыртқы әсер тигізетін жағдайларды жасау (ауа тазалығы, жарықтың жеткіліктігі, құрал-жабдықтардың жарамдылығы, киімнің ыңғайлылығы, т.б.).
Материалдық факторлар (спорттық құрылыстар, құралдар, киім және т.б.) көп жағдайларда спорттық міндеттерді (шапшаңдықпен жүгіріп өту, биікке секіру, т.б.) шешуге және кейде жалпы білімділік, сауықтыру міндеттерін арттыруға әсер етеді. Жоғарыдағы айтылған талаптар ескерілген кезде денені шынықтыру, еңбек, оқу қызметтері артады.
№6-билет
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына
және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;т. б
Ұжым және жеке адам.
Достарыңызбен бөлісу: |