Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министірлігі



бет24/70
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#18446
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Байланысты:
О У дістемелі кешен «Бастауыш мектептегі д ниетану п нін о ыту

4. Еңбекке тәрбиелеу.

Енбек тәрбиесі мектеп оқушыларының теориалық тұрғыдан және еңбекке дайындығының бірлігін қамтамасыз етіп, бул қазіргі заманғы мектептің дамуындағы басты бағыт болып саналады. Балалардын мектеп қабырғасын бірінші рет аттағанынан бастап, оларға еңбектің ең басты қажеттілік пен мұқтаждық екендігін түсіндіре отырып, балалардың еңбекке деген қатынасына оңды көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеу керек. Оқу процесінде еңбек тәрбиесіне барынша назар аудалырады. Сондықтан оқытудын алғашқы кезінен бастап, оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу керек. Еңбек сүйгіштін дегеніміз тұлғаның өнегелі, адамгершілікті белгісі. Оқушылардың еңбек сүйгіштік қабілетін қалыптастырып, дамытудың ең негізгі шарты ол окушыларды әртүрлі оқу еңбектеріне қатыстыру. «Дүниетану» жөніндегі бағдарламада оқыту процесінде мектеп оқушыларының менгеруіне міндетті дағдылар мен іскерліктердін тізімі айқындалған. Балалардың ең басты еңбегі ол оқу еңбегі. «Дүниетану» бойынша өтілетін сабақтардың барлығында да оқытуды еңбекпен үйлестіріп жүргізу керек. Оқу еңбегінің бір түріне балалардың оқулықпен дербес, өзіндік жұмыс істеуі жатады. Сондықтан, балалар әртурлі тақырыптармен, суреттермен, тапсырмалармен жұмыс істеуге дағдылануы керек, тақырыптың ішінде ең негізілерін көрсетіп, тақырыпты жеке мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, берілген сұрақтарға жауаптар дайындап, сурет бойынша әнгіменің жоспарын немесе әңгіме қуруға дағдылануы керек. Оқу еңбегін уйымдастыру кезінде мұғалім мектеп оқушыларының индивидуальды ерекшеліктерін ескеруі қажет, ал ол ушін арнайы тапсырмалар беру керек. Мұндай тапсырмалардын тәрбиелік маңызы өте зор. Еңбек тәрбиесі ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегінің бір бірімен өзара байланысын қамтамасыз етуге мумкіндік береді. Осындай өзара байланыстың және ақыл ой еңбегі мен дене еңбегінің жуйелі түрде алмасып, кезектесуінің негізінде мұғалім оқушылардың білімін дамытып қана қоймай, еңбек сүйгіштік, оқуға деген қоғамдық жұмысқа және қоғамдық пайдалы еңбекке адал қатынас жасау сияқты тұлғалық сапаларға оқушыларды тәрбиелейді. «Дүниетану» курсының мумкіндіктері балалардың өзіндік, дербес әрекет ету мен инициатива сияқты қабілеттерін дамыту үшін өте зор. Мундай қабілеттер бақылаулар жүргізу кезінде, тәжірибелер ұйымдастыру кезінде, тірі табиғаттың бұрышында жұмыс істеу кезінде, оқу –тәжірибелік орындарда, географиялық аумақтарда айқын көрініс береді. Оқу тәрбиесі айқын түрде уйымдастырылып, рухани және эмоциональды шеңберлермен көмкеріліп және педагогикалық түрде негізделуі керек. Тек осындай жағдайда ғана оқушылардың еңбекке деген творчествалық қатынасы мен қызығушылықтары әрі қарай дамиды. «Дуниетануды» оқытудың процесінде практикалық дағдылар мен іскерлікті өндеу өте маңызды. Бул процесс өте ұзаққа созылуы мумкін және жуйелі де мақсатқа бағытталған жұмысты қажет етеді. Табиғатты тану білімдерінің негізінде оқушылар практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, феналогиялық байќаулар жургізіп, олардың нәтижелерін « Бақылау күнделіктеріне» жазып отырады, белгілі бір қорытындылар мен тұжырымдар жасайды, ауа райын бақылап, компаспен жұмыс істейді. Топсаяхаттар мен практикалық сабақтарда оқушылар сол жерге бағдарлануға, картаны оқуға , картаға табиғи обьектілерді түсіруге, қарапайым оқу құралдарын өздігінен дербес дайындауға, географиялық аймақтар мен оқу- тәжірибелік орындарда практикалық жұмыстар орындауға уйренеді. «Дүниетануды» оқытудың процесінде еңбек тәрбиесінің жуйелі турде жузеге асуы, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру балалардың оқуға деген саналы қатынасын қалыптастыру үшін, тулғаның интеллектуальды және физикалық сапаларын, сонымен бірге оның адамгершілігін дамыту ушін маңызды жағдай болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет