4. Географиялық алан
Әрбір мектептерде “Дүниетану” бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар үшін арнайы географиялық алаңды жабдықтау керек. Мундау алањды мектепке жақын орналастыру керек, бірақ оның мектепке жақындығы 30 метрден, ал алыстығы 150 метрден аспау керек.
Аланда жүргізілетін жұмыстар қоғамдық пайдалы еңбекпен және тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан, бул алаңды оқутәжірибелік участокқа жақын уйымдастырған жөн. Мұндай мектеп аланының көлемі 10Х10 метрден кем туспеуі керек. Бұл алаңды штакет дуалдарымен немесе биіктігі бір метрдей болатын металл торлармен қоршайды. Бул алаңның шығыс беткейге қарайтын сыртқы жағына ені 70 см-дей жол жасалынады. Ал бул жолға түгелімен топырақ төгіледі. Бул жолды қоршалған дуалдарды әр бір метр сайын әртүрлі бояумен боялынады, ал басқа жақтарын бір ғана жасыл бояумен, өлшегіш дуалдарды оқытушы оқушының орташа адымын яғни, қашықтықты анықтау үшін оқушылармен жүргізілген жаттығулар үшін қолданады. Өлшегіш қуралдардың жолдары былай орналасқан. Яғни, олардың төменгі жағында көкжиектің негізгі және аралық жақтары кескінделген. Мұнда оқытушы көкжиектің жақтары мен қырларын анықтау үшін оқушылармен жаттығу жүргізеді. Дуалға жақындатып солтүстік жақтан аласа ағаштар немесе буталар отырғызу керек. Батыс жақтан қарақат, жасмин, сирень, бүлдірген, қарлыған сияқты 9-10 буталы өсімдіктер, шығыс жақтан георгиндер, пеондар, ирис, нарцисс сияқты сәндік көпжылдық гүлдер, ал оңтүстік жақтан астра, қалампыр сияқты сәндік бір жылдық гүлдер отырғызылады. Бұл алаңның айналасында үлкен талдар болмауы керек. Өйткені, олар аспаптар мен құралдарға кедергі келтіріп, олардың көрсеткіштері айқын болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |