Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министірлігі



бет41/70
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#18446
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
О У дістемелі кешен «Бастауыш мектептегі д ниетану п нін о ыту

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18
Тақырып №10. Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері. (2 сағат)

1. Шағын комплектілі мектепте «Дүниетану» сабағының ерекшеліктері.

2. Оқыту әдістері.

1. Шағын комплектілі мектепте «Дүниетану» сабағының ерекшеліктері.

Шағын комплектілі мектеп санитарлы-гигиеналық нормалардан төмен оқушылармен толықтарылған параллель сыныптарының бір комплектісімен немесе параллель сыныптарының толық емес комплектісі мен сипатталады. Мұндай мектептердің ең негізгі ерекшеліктері: бір ғана оқытушының басшылығымен бір оқу орнында бір уақытта екі тіпті үш сыныптың оқушылары оқып дәріс алуында. Шағын комплектілі мектептердегі оқу тәрбиелік жұмыстың жағдайы стандартқа сай емес, бұл оқытушы үшін де оқышу үшін де қиынға соғады, педагогикалық процессті ұйымдастыруда, оқытудың әдістері мен формаларына ерекше назар аударылуды қажет етеді. Шағын комплектілі мектептердегі оқу тәрбиелік процесс жолды білім беру мектептеріндегі бастауыш сыныптарының педагогикалық процесстерінен барынша айрықша көрінетін белгілі бір ерекшеліктерге ие.



Бірнеше сыныптармен сабақты бір уақытта жүргізу сабақтың құрылысының айырмашылықтарын, оқытушы мен оқушылардың қызметтерін ұйымдастыру айырмашылықтарын аңықтайды. Бір сыныпты бір ғана оқытушының оқыту жағдайында, педагог мақсатқа байланысты өз еркімен сабаққа оқушылардың дербес жұмыстарын кіргізуіне немесе кіргізбеуіне болады. Ал шағын комплектілі мектептерде оқытушыда мүндай таңдаулар болмайды. Шағын комплектілі мектептерде өткізілетін сабақтың бұл бірінші ерекшелігі. Бір ғана сыныптың оқушылары оқу тапсырмаларын өздігінен, дербес орындап жатқан кезде, оқытушы жања бір материалды түсіндіріп, келесі бір тапсырмаға түсініктемелер жасап сүрап, басқа бір сыныптың оқушылармен сабақ жүргізіп жатады, және бұл процесс керісінше қайталанады. Сондықтан бір ғана сыныптың өзіндік дербес жүмыстары басқа бір сынып оқушыларының қалыпты оқу қызметтерінің шарты және шағын комплектілі мектептің бастауыш сыныптарындағы сабақтың міндетті компоненті болып табылады. Осыдан оқушылардың өзіндік дербес жұмысының оқытушының тікелей басшылығымен болатын жұмысымен алмасып, кезектесуін қажет ететін сабақтың екінші бір ерекшелігі. Сабақ дегеніміз біршама аяқталған этаптар болып табылады, яғни: оқытушымен жұмыс істеу-оқушылардың өзіндік, дербес жұмыс істеуі-оқытушымен жұмыс істеу. Мұндай этаптардың саны әртүрлі оқытушыларда әртүрлі және бұл өзіндік жұмыс ушін сабаққа кірістірілетін тапсырмалардың санынада байланысты болады. Тәртіп бойынша, оқытушылар бір ғана сабаққа екі-үш өзіндік жүмыстарды енгізеді. Жүргізілген бақылаудың көрсетуі бойынша, бүл деген әрбір сыныптың қалыпты деңгейдегі сабақтарын қамтамасыз етіу ушін жеткілікті де қажетті мақсатқа сай мөлшері. Егер де мұның мөлшері көбейін кеткен жағдайда, сабақ ыдырап кетіп, оқу қызметінің әртүрлі, калейдоскопына әкеледі. Алғашқы екі түрлі ерекшеліктер шағын комплектілі мектептерде жүргізілетін сабақтың үшінші бір маңызды еркшелігін анықтайды: бір ғана сыныпқа бөлінетін уақыт оқытушының басқа бір сыныппен жүргізетін тікелей жүмысы үшін қажетті болатын уақытқа байланысты. Осыдан, жүмыстың дербес орындалуы үшін қажетті тапсырмалардың көлемі маңызды мөлшерде оқытушының басқа бір сыныппен жүмыс істеу мазмұнымен анықталады. Өйткені бағдарлама жања бір материалды енгізуді талап етеді, және оны бекітуді, сонымен бірге алдыңғы сабақтарда өтілген тақырыптарды әрбір сабақта қайталап отыруды талап етеді, сондықтан өзіндік жұмыстың көлемі өте маңызды және оны орындау үшін қажетті уақыттың саны сабақтың 15 минутынан 30 минутына дейін созылады. Бір уақытта екі және үш сыныптың бірдей дәріс алуындағы жағдай оқытудың көрнекі қуралдары мен техникалық құралдарын пайдалану мүмкіндігінен көрініс табады. Сыныптардың біреуне оқу фильмдерін, сүреттемелерді, таблицаларды, шынайы табиғи объектілерді көрсету басқа сынып оқушыларын оқу сабақтарынан назарын аудартып әкетеді оқу процесінің барысын бұзады. Сондықтан шағын комплектілі мектептердегі лабораториялық аспаптарды, коллекцияларды, табиғи шынайы объектілерді пайдаланудағы сабақтардың мөлшері орта мектептердегі бастауыш сыныптарына ќарағанда екі есе аз. Шағын комплектілі мектептердегі оқытушылар басқа яғни бір сыныппен жұмыс істейтін оқытушыларға ќарағанда өте сирек, олар өз әнгімелерін сүреттемелермен, тақтаға сызып көрсетумен, фильмдер көрсетумен ерекшеленеді. Сонымен бірге оқушылардың назарын аудартатын, сол уақытта басқа оқушылардың да айналысып отырған жұмыстарынан туатын кедергілердің де болатындығын да ескеру қажет. Шағын комплектілі бастауыш мектептеріндегі жүргізілетін сабаққа анализ беру кезінде оқушылардың дербес, өзіндік жұмыс істеуі ең негізгі де маңызды фактор бола алады, және олардың нәтижелі жұмыс істеуі бүкіл оқыту процесінің нәтижелілігіне байланысты болмақ деген тужырымды тудыруға мүмкіндік береді. Бақылауыдың нәтижелеріне анализ берген кезде шағын комплектілі мектептердегі оқушылардың өзіндік, дербес жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызды жетіспеушіліктерді ескертеді. Өйткені, мысалы: оқытушылар оқушылардың кітаппен, таблицамен өзіндік дербес жұмыс істеуіндегі негізгі тәсілдерге үйретуге аз ғана уақыт бөледі, олар арнайы жаттығулар жүргізбейді, оқушыларды орындалатын тапсырмалардың мақсатын дәл, нақты түрде елестетуге үйретпейді және осы тапсырмаларды орындаудағы жолдарын табуға да үйретпейді. Сондықтан өзіндік жұмыстар көбінесе механикалық түрде болып, оқушылар болса өздеріне берілген үлгілерді автоматты түрде ғана қайталайды. Ең негізгі жетіспеушілік өзіндік жұмысты басқара алмаушылық болып табылады. Өзіндік жұмысты басқаруды оқытушы тек қана бірінші этапта орындап жүзеге асырады яғни жаңа білімді баяндау жолымен, немесе фронтальды сұрақ жүргізу арқылы алдында өтілген сабақты қайталау жолымен оқушыларды тапсырмаларды орындауға дайындау кезінде жүзеге асырады. Оқытушылардың көбісі өзіндік жұмыстарға қорытынды жасамайды, ол сыныпқа жалпы сипаттағы ескертулер жасаумен және жеке оқушыға немесе кез келген орындалған жұмысқа ауызша ескертулер жасаумен ғана шектеледі. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы бұл бір жетіспеушілік болып табылады. Өзіндік жұмыстар нәтижесінің басқарусыз және жеткіліксіз есебімен оқушылардың білім, дағды және іскерлік деңгейлері сияқты индивидуальды ерекшеліктерінің әлсіз есебі тығыз байланысты болмақ. Сонымен бірге өзіндік жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың айқынсыздығы мен таңдау кездейсоқтығын да ескеру керек. Шағын комплектілі мекткептер оқушылармен оқутушылардың тікелей басшылығымен өтетін жұмыстарға сабақтың шамамен үштен бір сағаты кетеді, ал сабақтың қалған уақыты оқушылардың өзіндік жұмысына жұмсалады.

Нақ осыдан белгілі болғанындай, бірнеше сыныппен жүргізілетін оқу-тәрбиелік жұмыстын жетістігі ең алдымен сабақ кезінде берілген уақытты тиімді пайдалануға байланысты, ал бұл уақыт оқушылардың дербес, өзіндік жұмысына және оның нәтижелілігіне белгіленген. Бірақ та сабаққа дайындалар кезде оқытушылар оқушылардың өзіндік жұмыстарына және оқытушының басшылығымен болатын ужымдық жұмыстарға жұмсалатын сабақ кезіндегі уақытты көбінесе рациональды түрде жоспарлай алмайды. Белгіленген уақыт дәл бөлінбей, сондықтан сабақтың маңызды бөлігінде оқушылар оқу жұмысымен айналыса алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет